КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК - МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Кез келген мектептің мұғалімі өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтар мен кедергілерді кездестіреді және оларды жеңуге ынталанады. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Болашақ еліміздің тұтқасы жас ұрпаққа білім беруде әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласындада елеулі, әрі ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көптеген жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекетіміз білім беру жүйесін әлемдік үздік жүйеге сәйкес деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Біздің мектепте оқыту саласында жетістіктерге жетуде, жаңаша оқыту үлгісін қалыптастыруды оқу, білу, үйрену мақсатында Алматы, Шымкент қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім Беру фаультетімен бірлесіп әзірлеген бірінші,екінші, үшінші деңгейлік бағдарламалар аясында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарынан 32 мұғалім өтіп, сертификатқа ие болды. Барлық сертификатталған мұғалімдерді: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сауал бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны рас. Ол - сағат сайын қарыштап дамып баражатқан әлемнің талаптарына сай өмір сүрумен өзге елдермен терезесі тең болу туралы ойлану дегенді білдіреді. Осы Кембридж бағдарламасының жеті модульге қарастырылған идеялар, жеке стратегиялар мен әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісіне енгізе отырып, сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізу үшін коучингпен тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру міндеттемесін мойнымызға алдық.

Біздің коллективте 93 жоғары білімді мұғалім жұмыс істейді, олардың 1 деңгей курсынан өткен мектеп директор,өзімен бірге - 6 мұғалім, 2 деңгейлік курсынан - 5 мұғалім, 3 деңгейлік курсынан - 22 мұғалім, өтіп сертификатталған. «Оқыту саласының көшбасшылары» атты қоғамдастық құрылған.
Бұл курстан күтілетін нәтиже курстың соңында мұғалімнің әрбір оқушының жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдерге кеңес беру, кәсіби проблемаларды шешуде біліктілігі төмендеу әріптесіне көмек көрсетуге дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Деңгейлік курс бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген: біріншісі - мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктерге сай келетін білімді игеруі, ал екіншісі - мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерістерге көңіл бөлу.
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдылардың қалыптасуына ерекше көңіл бөлу керек. Кез-келген мұғалім өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучингпен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеулері керек. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Осыны негізге ала отырып, екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг және тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынған.
Коучинг - (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы - тәлімету, дайындау, жаттықтыру деген мағынаны білдіреді. Бұл - әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибиелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, оның тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салдарын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдыларымен тәжірибесін жетілдіреді.
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озықпедагог) мен тәлімалушы (тәжірибеазпедагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым - қатынас құру үдерісі. Ол әріптесінің педагог ретінде қалыптасуы мақсатынды өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқыналуына көмектеседі. Үдеріс барысында, әріптес өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал екінші әріптес еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

Бір нәрсеге қол жеткізу үшін, бізге қорек, қолдау және жарық ауадай қажет, бірақ зор жаратылысқа айналуға қабілетіміз біздің болымысымызда қалыптасқан.

Әр дайым біздің мектептің мұғалімдері «менің сыныбыммен жұмыс істеу өте қиын болып бара жатыр» деген шағымдар кездеседі. Ол сыныптармен жұмыс жүргіземіз, сабақтарына енеміз, оқушылармен әнгімелер жүргіземіз. Одан нәтиже шықпаса, онда мұғалімнің өзімен жұмыс жасаймыз.Міне осындай ситуацияларда коучингтің көмегіне жүгінеміз.

Коучтер - бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдар. Олар өзінің белгілі бір қасиетін өзгерткісі келетін адамдар, мысалы өз жұмысын әлдеқайда тез және жеңіл атқаруға немесе өзінің өмірін өзгертіп, өзіне пайдалы және ұнамды істер жасауға көбірек бос уақыт бөлгісі келетіндер. Яғни, негізінен өз өмірін жақсы жаққа қарай бұру! Өз қызметінде жетістікке жету үшін тәлімгерге үдерісті білу және түсіну қажет, сонымен қатар коучинг өтетін мәнмәтінге сәйкескелетін әр түрлі стильдер, дағдылар мен техникаларды жақсы меңгеруге тиіс.



© 2010-2022