Жыл мезгілдері-ашық сабақ 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, бағалау.

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, соның ішінде табиғат лирикасына мән беріп, өлеңдерін жатқа айта білу.

Дамытушылық:

Ойларын нақты, еркін жеткізе білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу тіліне көңіл аудару, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:

Абай шығармалары арқылы оқушыларды табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу. Сөз құдіретін түсіне білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, карточкамен жұмыс, сөйлем құрау, ауызша жұмыс, тақтада жұмыс, слайдпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Абай Құнанбаевтың өмірбаянын айту, оның жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдерін жаттап келу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсаты, барысы

Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына, соның ішінде табиғат лирикасына жазылған өлеңдеріне

қысқаша шолу жасау.

Жыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сыныпЖыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сыныпЖыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сынып



Жыл мезгілдері туралы мағлұмат беру. Күз қызықтары, күз айлары, күзгі еңбек.

ІV. Сөздік жұмыс

1.Тақырып бойынша кездесетін жаңа сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.

2. Сөз тіркестерін құрату

3. Сөйлемдер құрастыру

Жазушы- писатель

Негізін салушы - основатель

Сазгер- композитор

Аудармашы- переводчик

Поэзиялық шығармалар- поэтические произведения

V. Сұрақ-жауап

1. Бір жылда қанша мезгіл бар?

2. Оларды ата

3. Қыс айларын ата.

4. Көктем айларын ата

5. Жаз айларын ата

6. Күз айларын ата

7. Апта күндерін ата.

V. Лексикалық тапсырма.

Слайдтағы суреттер бойынша жылдың әр мезгіліне сөйлемдер құрастыру.

Жыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сыныпЖыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сынып


Жыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сыныпЖыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сынып



VІ. Жазба жұмысы.

Карточканың көмегімен жасалатын жазба жұмысы.

(Әр оқушыға мәтін жазылған карточкалар таратылады)

Абай Құнанбаев- атақты жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушы, философ, сазгер, аудармашы. Ол тамаша поэзиялық шығармалар жазған. Соның ішінде жыл мезгілдеріне арнап көп өлеңдер шығарған. Сол өлеңдері: «Күз», «Жаз», «Қыс», «Жазғытұры».

Мәтін бойынша жасалатын тапсырмалар:

1. Мәтінді оқы, көшіріп жаз, аудар.

2. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

3. «Жазғытұры» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

VІІ. Қорытындылау. Бағалау

1) Бұл қай кезде болады? 4-тапсырманы ауызша орындау

2) Бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік

3) Сабақты бекіту

4) Оқушыларды бағалау

VІІІ. Үй тапсырмасын беру

«Күз» тақырыбына әңгіме жазып келу


Сабақты өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Табылғанова Гүлжан Шакеровна

Жыл мезгілдері- ашық сабақ 5-сынып




© 2010-2022