Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспары




Күні:

Пәні: Әдебиет

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Сабақтың мақсаты

Мағжанның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұны мен идеясын сыни тұрғыдан талдауына ықпал ету.

Сабақтың міндеттері:

1. Ақын өмірінен мәлімет беру, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

2. Әдеби -теориялық білімдерін тереңдету, өз пікірлерін айта білуге және шығармашылыққа баулу;

3. Туған тілін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыту.

Оқыту нәтижелері:

1. Ақынның өлеңдерінің мазмұнын түсінеді, жаңа сөздермен танысады.

2. Әдеби -теориялық білімдері, сөздік қорлары дамиды.

3. Ана тілін сүйеді, патриоттық адамгершілік сезімдері қаланады.

Сабақтың түрі, типі

Дәстүрлі, жаңа білімді игеру сабағы

Әдіс-тәсілдер

Венн диаграммасы, ой қозғау, шығармашылық жұмыс, постер жасау, ашық және жабық сұрақтар

Ресурстар

АКТ, слайдтар, флипчарт, маркер, стикер т.б.

Пәнаралық байланыс

1. Қазақ тілі

2.Тарих

3. Орыс тілі

4. Ағылшын тілі

Негізгі сілтемелер

1.Әдебиет. 6-сынып .

К.Ісламжанұлы, Б.Әрінова, Р.Баттал, Е.Арын

2.Әдістемелік нұсқаулық. 6-сынып





Ойлау деңгейлері

Сабақтың мазмұны

Жеті модуль

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдеседі. Сыныпты түгендеп, психологиялық ахуал туғызады.

Сәлемдеседі. Сабаққа дайындалады.

Білу 5 минут

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Балалар біз сендермен Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен «Қара бұлт», «Анама хат» деген өлеңімен танысқан болатынбыз...

Сұрақтар

1.Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?

2.Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау не деп тіл қатты?

3.Ақын өмір сүрген кезеңнің күрделілігі мен баланың анасына деген сағынышы туралы не айтар едіңдер?

«Анама хат» өлеңінен үзінді жаттап келген оқушылар бар ма?

Берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып отырып, жауап береді.

Өлеңнен жатқа үзінділер айтады.

Смайликпен бағалау.

Түсіну 6 минут

АКТ -ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық

Топқа бөледі. Қанатты сөздермен жұмыс жасатады.

Жаңа тақырыпты және мақсатын айтады.

Бағалау парақшаларын таратады.

Жаңа тақырып туралы түсінік береді.

Бейнетаспа тыңдатады.

Ақынның екі өлеңін оқушыларға мәнерлер оқуды ұсынады.

Топқа бөлінеді. Табыс критерилерін анықтайды.

Бейнетаспаны көреді.

Екі өлеңді мәнерлеп оқиды.





Смайликпен бағалау.

Қолдану 8 минут

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер



Үш топқа үш түрлі тапсырма береді.

1. Екі өлеңнен түсінбеген сөздерін дәптерлеріне жаздыру.

2. «Қазақ тілі» өлеңінің идеясы

3. «Мен кім » өлеңінің идеясы

Үш топ өздеріне берілген тапсыраларын орындайды. Әр топтан бір оқушы тапсырманы баяндайды.

Смайликпен бағалау.

Сергіту сәті 2 минут

АКТ -ны пайдалану

Берілген сөздерді үш тілде айту.

1.Тіл

2.Мемлекет

3.Бірлік

4.Достық

5.Халық

6.Намыс

Сергітуге арналған тапсырманы орындайды.

Талдау 10 минут

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Үш топқа үш түрлі тапсырма береді. Постер жасау.

1.Әдеби-теориялық талдау жасау /екі өлең бойынша/

2.Өлеңді құрылысына қарай талдау /«Қазақ тілі» өлеңі/

3. Венн диаграммасын толтыру.

С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» және М.Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңдерін салыстыру.

Топ мүшелері өздеріне берілген тапсыраларын бірігіп орындайды.

Постер қорғайды.

Топтар бір-бірін жұлдызшамен бағалайды.

Өзара бағалау.

Жинақтау 7 минут

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Үш топқа тапсырма береді.

1.Ойтолғау жазу («Ана тілім»).

2.Тіл туралы мақал -мәтелдер, нақыл сөздер жазу.

3. Қазақ тілі туралы өзге жазушылардың шығармаларын айту.

Үш топ өздеріне берілген тапсыраларын орындайды

Смайликпен бағалау.

Бағалау 3 минут

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

1.Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы маңызы туралы не айтасыңдар?

2. Ақынның «Мен кім?» өлеңіндегі лирикалық қаһарманы кім деп ойлайсыңдар?

Сұрақтарға сыни ойлай отырып жауап береді.

Смайликпен бағалау.

Рефлексия 4 минут

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Табыс ағашы»

Кері байланыс ұсынады.

Үйге тапсырма береді.

  • Ақынның өлеңдерін жатқа айтып келу. «Мен кіммін?» тақырыбында эссе жазып келу.

Топтарды бағалайды.

Оқушыларды бағалайды.

Түсінбеген тапсырмаларын стикерлерге жазып «Табыс ағашына» қыстырады.

Топ басшылары бағалайды.

Суммативті бағалау.










© 2010-2022