Сабақ жоспары Алпамыс батыр 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

22-29.09.2015ж.

Қазақ әдебиеті 2-сабақ

6-а,ә сынып

Сабақ тақырыбы

«Алпамыс батыр» жырының тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер бейнесі

Жалпы мақсат

Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығын үйрету.

Сілтеме

Әдебиет оқулығы, ғаламтор материалдары

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Әдебиет теориясынан ұғымы қалыптасады .

Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді.

Негізгі идеялар

Туады ерлер ел үшін

Сабақта қолданылатын материалдар

Маркер, А4 қағазы, флипчарт

Оқыту әдістері

зерттеу, талдау,ой қозғау, Венн диаграммасы, бес жолды өлең, сұрақ-жауап

Жеке, топтық жұмыс, диалог

Орындалатын тапсырмалар:

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І.Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ.Тұсаукесер


ІІІ. Негізгі бөлім




















Қорытынды

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Санамақ арқылы топқа бөлу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам? - Туыс, дос, жұрағат
Әрбір сабақ? - Үйрету, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық.

Қызығушылықты ояту. Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айту. (Барлық оқушы қатысады)
1.Батыр туса - ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы.
2.Ер үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар
3.Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
1-тапсырма «Ой қозғау» стратегиясы
Ердің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,

Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі - Алпамыс.
1.«Алпамыс батыр» жырын батырлар жырына жатқызуға бола ма?

2. Алпамыс дүниеге қалай келді ?

3.Сарыбай неге елден көшіп кетті ?

4.Ұлтан кім? Оқулықтан Ұлтан бейнесін сипаттап бер.

«Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей
Күрек тісі кетпендей
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей
Құлағы болды қалқандай
Мұрнына қарасаң,
Сығымданған талқандай
Көзі терең зындандай
Басқан ізін қарасаң
Көрінеді оттың орнындай
Аузы үлкен ошақтай
Азу тісі пышақтай
Иегі бар сеңгірдей»
5. Алпамыс Гүлбаршынды алып келгенде Байбөрі не деп алдынан шықты 6.Алпамыс жеті жыл зынданда жатқанда кім көмектесті?

7.Тайшық ханның іс- әрекетін айт.

8.Жырдағы Тайшық ханның «Құрсауле қара бура» дегені кім еді? Алпамыстың ерліктері жырда қалай суреттеледі?

9. Кейқуат кім ?

Ендеше, "Алпамыс батыр" жырының тақырыбы қандай ? /ерлік, батырлық, Отанын қорғау/
Идеясы : Өз елін жаудан қорғау арқылы Алпамыстың батыр бейнесін ашу.
2-тапсырма

І топ Бес жолды өлең /Алпамыс/

ІІ топ Жырдың композициялық құрылымын жасау

Басталуы Байбөрінің қайғысы
Дамуы Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.
Шиеленісуі Алпамыстың сүйген жары Гүлбаршынды iздеп барып,

Гүлбаршынды алып елiне келуi.
Шарықтау шегі Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа

аттануы
Шешімі Жетi жылдан соң елiне оралып, Ұлтанның көзiн жойып,

азып-тозған елiн мақсат-мұратына жеткiзуi.
ІІІ топ Жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

Теңеу

Эпитет

Гипербола

Аллитерация

Ассонанс

Кепедей,төбедей, ошақтай, пышақтай, зындандай, жыландай, т.б.

Қанды жас. Жас берен. Көк даңғыл

Ауыздықпен алысып,Ұшқан құспен жарысып... Бір күн шапса Шұбар ат Айлық жер алып береді

Тозып кеткен ел-жұртын
Тегіс жиып алады.
Тентегі мен телісін
Түзетіп жөнге салады

Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің
Жылықысын берсем ала ма?

ІV топ Венн диаграммасы

«Қобыланды батыр» жыры

Ұқсастығы

«Алпамыс батыр» жыры

3-сабақ

1-тапсырма Сөздікпен жұмыс
Тірсек - Жан-жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп-

жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.
Телі- тентек - Есер, содыр-сотқар.
Әулиеге түнеді - қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге табынды.
Әзірет - дінбасы, молда, ғұлама.
Аса - дәрежелі адамдар /хан,би,қожа т.б./ қолына ұстайтын ерекше

таяқ.
Машайық- ақылды адам, абыз.
Саруар - қожа, ие, пір.
Берен - өжет, өткір.
Қабынды - желігу, желпіну.
2.-тапсырма Кейіпкерлер әлемі
Жағымды - жағымсыз
Достары - жаулары

Кейіпкер

Қандай?

Алпамыс

Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр

Гүлбаршын

Әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын ақылдылық, мінезділік, опалылық сынды белгілер Гүлбаршынға тән болып көрінеді.

Ұлтан

Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол - Алпамыстың немере ағасынан туылған бала, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан болды.

Қаракөзайым

Құлтай

Кейқуат

Тайшық хан

Мыстан кемпір

Жырдағы қандай салт-дәстүрлер кездеседі? Атастыру, әмеңгерлік,
Алпамыс батыр жырының эпостық жыр деп аталуы неліктен?
- Жырдың тақырыбы мен халық арманының қандай байланысы бар?
/ Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жаңсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған./
-Жырдағы әйел адамдардың бойындағы қасиеттерге қалай қарайсың?
-Жырдың тәрбиелік мәні бар ма?

Бағалау

4минут

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды суммативті бағалау.

Кері байланыс

Стикерге сабақтан алған әсерлерін, өз көзқарастарын, пікірлерін жазады.

Үй жұмысы

2 минут

"Батыр туса - ел ырысы" эссе


© 2010-2022