• Преподавателю
  • Другое
  • Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілер

Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілер

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ№_____ «10»а-сынып Күні___________ж

Тарау: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары.

Сабақтың тақырыбы: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың білімін жетілдіру. Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Патриоттық сезім қалыптастыру Отанға жауапкершілікті тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойллау қабілетін, фантазия, Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы түсініктерін дамыту.

Оқытушылық: Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы.

Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы, плакат.

Өткізілетін орны: АӘД кабинеті.

Уақыты: 45 минут.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
б) Негізгі бөлім - 35 мин.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.

Ол:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

- әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

- командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

- әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

- өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

- әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;

- әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

- қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Погондар, ілмектер мен шағын погондар мыналарға бөлінеді:

1) арналуы бойынша - ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс киім-кешегі үшін;

2) бекіту тәсілі бойынша - жапсыра тігілетін, алмалы-салмалы (муфталарда).

Погондар мен шағын погондардың көлемдері:

1) жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погон - ұзындығы 10,0-16,0 см, ені 5,0 см;

2) алмалы-салмалы погондар (муфталарда) - ұзындығы 10,0-13,0 см, төменгі жиегі бойынша ені 5,5 см, жоғарғы жиегі бойынша - 5,0 см;

3) шағын погондар - ұзындығы 5,0 см, ені 5,0 см.

Салтанатты погондардың негізіне алтын түстес ұлттық өрнектің бейнесі орналастырылады, күнделікті погондардың негізі - алтын түстес көмкерілген.

Әскери қызметшілер погондарының негізі көмкерілген. Көмкерме ені - 2 мм. Погонның жиегінен көмкерме жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.

Погондардың төменгі бөлігіне мыналар орналастырылады:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысында - алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық 8 мм;

2) жоғары офицерлер құрамында - алтындатылған зер жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық 8 мм;

3) аға офицерлер кұрамында - ені 5 мм екі көлденең жолақ, погонның төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм, жолақтар арасындағы арақашықтық - 2 мм, жолақтардың түсі көмкерме түсі бойынша;

4) кіші офицерлер құрамында - ені 5 мм бір көлденең жолақ, погонның төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм, жолақтың түсі көмкерме түсі бойынша;

5) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттарда (старшиналарда), сарбаздарда (матростарда), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарында әскери атағына сәйкес мыналар орналастырылады:

ішінен тігілген не металл көлденең жапсырмалар;

ішінен тігілген не металл көлденең жапсырмалар мен әріптер (зәкір).

Бұрыштары жоғары қаратып погоннын осьтік сызығы бойына тік орналастырылған бұрыштамалар түріндегі жапсырмалар. Жалпақ жапсырманың ені - 15 мм, жіңішке жапсырманың ені - 7 мм, жапсырманың ұзындығы - 30 мм, жапсырмалар арасындағы арақашықтық - 2 мм, погонның (шағын погондардан басқа) төменгі жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм.

Әріптердің (зәкірдің) биіктігі - 20 мм, погонның (шағын погондардан басқа) төменгі жиегінен әріптердің (зәкірдің) төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық - 8 мм. Әріптерді (зәкірді) жапсырмалармен бірге пайдаланған жағдайда әріптің (зәкірдің) жоғарғы жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.

Шағын погондардағы жапсырмалар мен зәкірлер погондардағыға ұқсас, шағын погондардың төменгі жиегі мен жапсырмалар мен зәкірлердің жиегіне дейінгі арақашықтық - 5 мм. Зәкір мен жапсырмаларды бірге пайдаланған кезде ол жапсырмалардың жоғарғы жағына бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы жолақтардың, көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсі 2-қосымшаға сәйкес.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының погондарына погонның ортасындағы осьтік сызығы бойына - алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналастырылады (диаметрі - 35 мм), погонның төменгі жиегінен Елтаңбаның ортасына дейінгі арақашықтық - 60 мм.

Жоғары офицерлер құрамының (адмиралдардан басқа) погондарына әскери атағына сәйкес погонның ортасындағы осьтік сызығы бойына алтындатылған зер жіппен кестеленген алтын түстес жұлдыздар орналастырылады, қызыл түсті көмкерме (авиацияда және Аэроұтқыр әскерлерінде - көгілдір түсті көмкерме) салынған немесе оларсыз, погонның төменгі жиегінен жұлдыздың ортасына дейінгі арақашықтық 30 мм ("генерал-майор" әскери атағында - 55 мм), погон бойындағы жұлдыздар орталықтарының арақашықтығы - 25 мм. Кестеленген жұлдыздардың диаметрі - 22 мм.

Адмиралдардың погондарына әскери атағына сәйкес жұлдыз ортасындағы қара түсті бесбұрышта орналасқан алтын түстес зәкірлері бар погонның осьтік сызығы бойына орналастырылған сұр немесе қара түсті сәулелерге салынған алтындатылған зер жіппен кестеленген жұлдыздар орналастырылады. Погондарға сары немесе қара түсті көмкерме салынған, погонның төменгі жиегінен бірінші жұлдыздың ортасына дейінгі арақашықтық 30 мм ("контр-адмирал" әскери атағында - 55 мм), погон бойындағы жұлдыздар орталықтарының арақашықтығы - 25 мм.

Аға офицерлер құрамының погондарына алтын түстес металл жұлдыздар орналастырылады, жұлдыздар диаметрі - 20 мм.

Жұлдыздар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) полковниктерде (1-дәрежелі капитандарда) - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;

2) подполковниктерде (2-дәрежелі капитандарда) - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм;

3) майорларда (3-дәрежелі капитандарда) - бір жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойына орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 55 мм.

Кіші офицерлер құрамының погондарына алтын түстес металл жұлдызшалар орналастырылады, жұлдызшалардың диаметрі - 13 мм.

Жұлдызшалар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) капитандарда (капитан-лейтенанттарда) - төрт жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм, үшінші және төртінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 20 мм;

2) аға лейтенанттарда - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;

3) лейтенанттарда - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм.

Келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттардың (старшиналардың), сарбаздардың (матростардың) (орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарынан, Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен басқа) погондарына әскери атағына сәйкес жапсырмалар орналастырылады:

1) шебер-сержанттарда (шебер-старшиналарда) - екі жалпақ және бір жіңішке жапсырма;

2) штаб-сержанттарда (штаб-старшиналарда) - екі жалпақ жапсырма;

3) бірінші сыныпты сержанттарда (бірінші сыныпты старшиналарда) - бір жалпақ және үш жіңішке жапсырма;

4) екінші сыныпты сержанттарда (екінші сыныпты старшиналарда) - бір жалпақ және екі жіңішке жапсырма;

5) үшінші сыныпты сержанттарда (үшінші сыныпты старшиналарда) - бір жалпақ және бір жіңішке жапсырма;

6) аға сержанттарда (бас старшиналарда) - бір жалпақ жапсырма;

7) сержанттарда (бірінші сатылы старшиналарда) - үш жіңішке жапсырма;

8) кіші сержанттарда (екінші сатылы старшиналарда) - екі жіңішке жапсырма;

9) ефрейторларда (аға матростарда) - бір жіңішке жапсырма.

Қатардағы жауынгерлердің (матростардың) погондарында әскери атақтары бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.
Орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының (Әскери-теңіз күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің курсанттарынан басқа) погондарына - "К" әрпі, жапсырмалар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) аға сержанттарда - бір жалпақ жапсырма;

2) сержанттарда - үш жіңішке жапсырма;

3) кіші сержанттарда - екі жіңішке жапсырма;

4) ефрейторларда - бір жіңішке жапсырма.

Қатардағы жауынгерлер мен курсанттардың погондарында әскери атақтары бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.

Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдері орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының погондарына (шағын погондарына) - зәкір, жапсырмалар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) бас старшиналарда - бір жалпақ жапсырма;

2) бірінші сатылы старшиналарда - үш жіңішке жапсырма;

3) екінші сатылы старшиналарда - екі жіңішке жапсырма;

4) аға матростарда - бір жіңішке жапсырма.

Матростар мен курсанттардың погондарында әскери атақтары бойынша айырым белгілері көрсетілмейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін старшиналары мен матростарының зәкірсіз погондарына (шағын погондарына) погондарға ұқсас жапсырмалар орналастырылады .

Кадет корпусы тәрбиеленушілерінің погондарына, "КК" әріптері, "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің погондарына "ЖҰ" әріптері орналастырылады.

Жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погондарда (муфталардағы погондардан және шағын погондардан басқа) диаметрі 14 мм алтын түстес нысанды түйме орналастырылады, погонның жоғарғы жиегінен түйменің ортасына дейінгі арақашықтық 10 мм.

в) Қорытынды бөлім-7 минут.

- Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері?

-Әскери атақтар және айыру белгілері?

- Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез - құлқы?

- Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер?







Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы-оқытушысы: _______ Мамаев Асет Муратович




© 2010-2022