Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ 5- СЫНЫП САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Құрастырған: № 25 Славный негізгі мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нуркеева Салтанат Бердикожаевна

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері

Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің біртұтас құбылыс екендігін түсіндіру. 2. Дамытушылық: тұрақты сөз тіркестерін сөздік қорларына енгізіп , тіл байлықтарын дамыту , сөздік қорларын молайту. 3. Тәрбиелік мақсат: ана тілін сүйе білуге , қастерлей білуге тәрбиелей отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу .

Сабақ әдісі: сұрақ -жауап, топтық жұмыс, өз бетінше жұмыс, қима қағаздармен жұмыс , тақтада жұмыс жүргізу.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, сызбалар, кластер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Назарларын сабаққа аудару. Түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үлгерімі төмен оқушылар: (Нұрлыбек, Марат, Сәкен, Сейсен , Жансұлу ) Сұрақ - жауап бойынша сұралады. Синоним деген не ? Мысалмен дәлелде. Антоним деген не? Мысалмен дәлелде. Тақтада Құрбангүл - Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. - Берілген сөйлемнен антонимдерді тап. Фариза - Ондағы ойы жас баланы ұялтпау.- Берілген сөйлемнен омоним болатын сөзді табу. 2- топ - Орта деңгей : (Сауле, Шынар,Сандуғаш, Нұрдаулет, Мерей, Арай) Берілген кластерді толтыр .

Сөздер бір ұғымды білдіреді Сөздер әртүрлі дыбысталады СИНОНИМ

Үнемі бірінің орнына бірі жүре бермейді

Берілген сөздермен сөйлем құра:

Ащы, тұщы, ұзын , қысқа, қорқақ, батыр.

3- топ (Нұрлыбек, Дина, Ажар, Мирас) Берілген кластерді толтыр.

Омоним

Мақалдардан антонимдерді тап :

Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол

Жаман сөз - жанға кірген тікен, жақсы сөз -таусылмайтын ем.

Екеуінің жас шамалас, бірінің шашы қара шаш, екіншінің шашы ақ шаш аралас.

Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле .

Көп жүрді ме , аз жүрді ме белгісіз , күндердің күнінде алдынан ажары айдай, көркіне көз тоймайтын перінің қызы шығады.

Қорыту : Сұрақ -жауап арқылы

Лексика деген не?

Синоним деген не?

Сөздің тура мағынасы деген не? Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?

Көп мағыналы сөздер деген не?

Тақтада топтастыру жасау «Лексикология» Біз қандай тақырыптарды өттік? Өтпеген тақырыптарды бөлек алып қойып, ішінен бүгінгі өтетінімізді алып топтастыруға қосу.

3.Жаңа тақырып : Тұрақты тіркестер

Тақтада еркін тіркестер мен тұрақты тіркестер жазылған.

Жасыл қала, әдемі қала, беті бүлк етпеу, жас қала, жүрек жұтқан, ит арқасы қиянда, қоян жүрек , үлкен қала , қас пен көздің арасында, әсем қала, тепсе темір үзеді.

Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестерді бөлек топтастыру.

4.Бекіту тапсырмалары :

Үлгерімі төмен оқушылар: 111- жаттығу - 52 - бет

Антонимдік, синонимдік қатарды бөлек топтастырып жазу.

2- топ

Мағыналас сөздерді тап: (синонимдерін жазып шық)

Үріп ауызға салғандай, ит арқасы қиянда, ит өлген жер, зәре - құты қалмау, көзі шарасынан шығу, мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу, жүрек жұтқан, құйып қойғандай.

Әдемі, әсем, көрікті, алыс, шалғай, қорқу, шошу, шаршау, батыр, батыл, ұқсас.

3- топ

Қарама - қарсы мағынаны тап, антонимдерін жазып шық.

Бетінен оты шығу - беті шімірікпеу

Ат ізін құрғатпау - ат ізін салмау

Жүрегі мұздау - іші жылу

Құлақ аспау - құлақ қою

Төбе шашы тік тұру - бүйрегі бүлк етпеу

113- жаттығу Оқып шығу, мазмұндау. Тұрақты тіркестерді теріп жазу

Тақтада : Бекзат, Бекарыс. ( әрқайсысы өзі оқыған сөйлемнен тапқан тұрақты тіркестерді тауып - мағынасын жазып көрсетеді)

Үлгерімі жоғары оқушылар:

Лексикалық талдау : Сандуғаш,Фариза

Су бетіндегі үйрек , қаздың қоңыр үні.

Жылан балапандарға ауыз сала бергенде дәуіт оның екі көзін шұқып алады.

Қорыту : «сыңарын тап» ойыны

Жүрек жұтқан - батыр

Жерге кіре жаздады - ұялды

Қой аузынан шөп алмас - момын

Ағынан жарылу - көңілдену

Арасына қыл өтпейтін - тату

Аспанмен таласқан - биік

Бармағын тістеу - өкіну

Жұмған аузын ашпау - сөйлемеу

Үйге тапсырма:

Үлгерімі жоғары оқушылар: Тұрақты тіркестерді қатыстырып «Менің әуестік әлемім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу

Үлгерімі төмен оқушылар: берілген сөйлемдерден тұрақты тіркестерді жазып келу

Қалған оқушылар: 10 тұрақты тіркестерді (сабақта айтылғандардан басқа ) жазып келу.

Бағалау.












© 2010-2022