Сан есімді қайталау (6-сынып)

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сагадиева Бакытгул Лебековна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы облысы, Қарасай ауданы

«Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Сан есімнен өткенді қайталау, сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Сабақтың міндеттері: 1. Сан есімге қатысты бар білімдерін пысықтай

отырып, оқушы білімділігін арттыру

2. Өзінің білімдік қорын сыни тұрғыдан

ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын дамыту.

3.Топпен жұмыста өзгенің пікірін тыңдай отырып

өз ой тұжырымын жасай білуге, дәйектемелер

арқылы негіздей білуге үйрету

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақта қолданылатын әіс-тәсілдер:

"Топтастыру" стратегиясы

"Кубизм" әдісі

«Өзіңді өзің бағала»

"Түртіп алу" стратегиясы

Мағынасын аш

Ой толғаныс

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Түгендеу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушылар сыныпқа кіргенде оларға билет ұсынылады. Оқушылар сол билетте көрсетілген орындарға отырады.

Сыныптағы оқушыларды 6 топқа бөлемін.

І топ «Алғырлар»
ІІ топ «Тапқырлар»

ІІІ топ «Ойшылдар»
IV топ «Білімділер»
V топ «Білгірлер»

VI топ «Зеректер»

Топ ережесімен таныстыру

1.Топта өзгелердің пікірін сыйлау.
2. Уақытты үнемдеу.
3. Өз ойын еркін айту.
4. Ынтымақтастықта жұмыс жасау.
5. Оқыта отырып оқу.
6. Шуламау

Топ басшыларына бағалау парағын беру

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын орындауы

Сұрақтарға жауап беруі

Жаттығу жұмыстарын орындауы

Сабаққа белсене қатысуы

Қорытынды баға

1


2


3


4


5


6


ІІ . Үй тапсырмасын тексеру.

124-жаттығу. Көшіріп жазып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажырат.

Білімді бірді жығар, Бірді - есептік сан есім

Білекті мыңды жығар. мың - есептік сан есім

Екі достың бірі ыңғайлы екі - есептік сан есім

Біреуінің ебі жоқ. Біреу - жинақтық сан есім.

Екеуін де бірдей көрем, Екеу - жинақтық сан есім

Маған артық, кемі жоқ.

128-жаттығу. Берілген сан есімдермен сөйлем құрап жаз.

Екі-екіден - топтау сан есімі

Бес-бестен - топтау сан есімі

Он-жиырмадан - болжалдық сан есім

Отызға жуық - болжалдық сан есім

Екіден бір - бөлшектік сан есім

Бір бүтін оннан бес - бөлшектік сан есім

Оныншы -реттік сан есім

Жетеу -жинақтық сан есімі

Елу-алпыс - Болжалдық сан есім

ІІІ. Білімдерін тексеру.

«Жалпы сұрақ» стратегиясы сұрақтарға жауап бер.

Әр топқа тапсырма хат тапсырылады. Өткен тақырыптарға қатысты сұрақтар беріледі.

ІV.Білімдерін бекіту

жаттығу жұмыстарын орындау

130-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерді реттік, топтау, жинақтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.

5, 7, 3, 20, 180, 1000, 34, 71, 82 , 120

«Түртіп алу» стратегиясы

1.131-жаттығу. Дара сан есімдерді жаз.

2. 131-жаттығу. Күрделі сан есімдерді жаз.

3.133-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерді цифрмен жаз.

4.131-жаттығу. Дара сан есімдерді жаз.

5.131-жаттығу. Күрделі сан есімдерді жаз.

6.133-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерді цифрмен жаз.

132-жаттығу. Мәтінді оқып үзіндінің қай ертегіден алынғанын айтыңдар. Сан есім қатысқан сұрақтарға көңіл аударыңдар. (ауызша)

-Мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?

(«Сенің шашыңа ақ кіргелі неше жыл болды?» дегені еді.)

-20 жыл болды.

-Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?

(«Сақалыңа ақ кіргелі неше жыл болды?» дегені еді. )

-15 жыл болды.

-Бұл таудың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?

(«Көзіңнен жас аққалы неше жыл болды?» дегені еді. )

-10 жыл болды.

-Ата, өзіңіз нешеусіз?

-Шырағым-ай, жатқанда екеуміз, тұрғанда төртеуміз.

(«Менің бұрынғы әйелім өліп еді, қазіргі әйелімнің байы өлген; түнде жатқанда екеу болғанмен, күндіз қойда жүргенде мен өлген әйелімді сағынам, қазір әйелім үйде отыр, өзінің өлген ерін ойлайды», - дегені еді. «Жатқанда екеу, тұрғанда төртеуміз» дегені - сол еді.)

Қырық асыранды қазым бар, соны қан шығармай сойып, білдірмей жұлып, күйдірмей пісіріп беретін кісі бар ма?

(«Менің ақылсыз қырық уәзірім бар, соларды ұрмай-соқпай жөнге салып беретін кісі бар ма?» дегені еді)

-Адамына тап болсаң, айтқаныңнан да артық етер, - дегені

(шешуін маған жолдағаны еді.)

137-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы сан есімдерді табыңдар. (ауызша)

VIII ғасыр (ХVІІІ-ХІХт ғасыр)

  • Жеті жүз отыз бірінші жыл - реттік сан есім

  • Мың екі жүз елу бес жыл - реттік сан есім

  • Он екі ғасыр - есептік сан есім

VI. Қорыту.

Сан есім дегеніміз не?

Сан есімнің құрамдық түрлері

Сан есімнің мағыналық түрлері

VII. Бағалау

Топ басшылары топтағы оушыларды бағалап, ойларын айтады. бағалау

VIIІ. Үй тапсырмасы

Сан есімді қайталау

134-жаттығу. Сан есімдерді тіркескен сөздерімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңдар.

136-жаттығу.Түйеқұсты сипаттап жаз.

Сан есімді қайталау (6-сынып)

Сан есімді қайталау (6-сынып)

Сан есімді қайталау (6-сынып)

© 2010-2022