Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік

№18 орта мектебінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты арнайы жылдық жоспар құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоспарға сай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы С.М.Сагиев қатысуымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 75 оқушы қатыстырылды.Кездесу барысында мемлекеттің саясатының негізгі құрам...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік.

№18 орта мектебінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты арнайы жылдық жоспар құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жоспарға сай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы С.М.Сагиев қатысуымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 75 оқушы қатыстырылды.

Кездесу барысында мемлекеттің саясатының негізгі құрамдас бөлігі - адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру екендігі, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырумен бағаланатынын, қоғам үшін ең қымбат қазына - адам, адамның бостандығы мен өмірі екендігі айтылды.

Сынып жетекшілер мен мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясын өткізіп, жаднамалар таратты. Сонымен бірге оқушылар өздері де ата-аналармен біріге отырып жадынамалар дайындады.

Мектеп психологі мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «Ең тәртіпті сынып» байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар өз кезегінде барлық ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермей, оқушылар арасында үгіт-насихат жүргізу арқылы өздері сол талаптарды сақтау керек болды. Нәтижесінде 5А класс жетекшісі Н.Қ.Икласова, 5Б класс жетекшісі М.Ж.Умбетова, 6Ә класс жетекшісі Б.Қ.Матышова және 7Ә класс жетекшісі А.К.Кушанова «Ең тәртіпті сынып» номинациясын иеленді.

«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы аясында «Әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында әңгіме-дәріс өткізілді. Тарих пәні мұғалімі Б.Қ.Матышова балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша соның ішінде есірткі, психотроптық заттар, нашақорлық тақырыптары төңірегінде мектепішілік лездемеде баяндамалар оқылып, сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізіп, мектеп психологі сауалнамалар жүргізуде.

№18 орта мектеп тәрбие ісі

жөніндегі директор орынбасары

М.Б.Кекильбаева



© 2010-2022