Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстардың түрлері (5сынып)

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстардың түрлері (5сынып)Павлодар аласы «№9 ЖОББГМ»ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Карманова Нұргүл Аманжолқызы



Дауыссыз дыбыстардың түрлері


(Ашық сабақ, 5-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз

дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы

білімдерін

тиянақтау, бекіту;

тәрбиелік - оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге,

талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу;

дамытушылық - ойларын жинақтау, шығармашылығын

дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. (Бүгін біз сіздермен қазақ тілі сабағын өткіземіз. Бүгінгі сабақтағы білімдерін фишка арқылы бағаланады - «5» - қызыл, «4»- сұр,

«3»- сары түсті) Сабаққа дайынбыз ба? Ендеше, көктемгі шуақты күні сәттілік тілеймін.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстардың түрлері (5сынып)

  1. Білімдерін тексеру үшін тақтаға назар аударайық.

Тақтада құлыптаулы сандық бар екен.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады дегендей жұмбақты шешейік, сандықты ашайық.

Жұмбақ

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Жақсы, балалар, сандық ашылды ішінен әріптер шықты, енді осы әріптер қандай дыбысты білдіретінің тексеру үшін мына табақшаларға салайық.

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар





  1. Анықтау сұрақтары

1-ші табақшадағы дыбыстарға назар аударамыз.

  1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  2. Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі?

(Оқушылар дауыстыдыбыстардың жіктелуін айтады)

Берілген кестені толтыру

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстардың түрлері (5сынып)

Қорыту: Дауысты дыбыстарды жіктедік, оны білеміз.

Енді осы дауысты мен дауыссыз дыбыстарды салыстырып көрейік. Не айта аласыздар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дауыссыз дыбыстардың түрлері

  1. а - б, ә - в, о - п, ө - р, ұ - с, т.б

Берілген дыбыстардың айтылуындағы өзгешеліктерді салыстыра отырып, дауыссыз дыбыстың ережесін шығару.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. (Ережені айту)

Ендеше бүгін сабақта нені оқып білеміз? Біздің мақсатымыз не?

Балалар, дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі?

(қатаң, ұяң, үнді)


  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне сызба арқылы талдау жасау


Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстардың түрлері (5сынып)

Қатаң дауыссыз дыбыстарды айтып көрейік.

  • Балалар, не байқадыңдар? (ереже салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар қатаң)

Ұяң дауыссыз дыбыстарды айтып көрейік.

  • Ұяң дауыссыз қалай жасалады? (салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ салдыры басым дауыссыз дыбыстарды - ұяң)

Үнді дауыссыз дыбыстарды айтамыз.

  • Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ үн басым болатын дыбыстарды - үнді)

Дәптерлерімізді барлығымыз ашамыз,

бүгінгі күнді және тақырыбымызды жазамыз.

Алған білімдерімізді практика жүзінде қолданайық.


  1. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. І - 264 - жаттығу.

Абайдың қара сөзінен алынған үзінді. Абай деген кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер? Абайдың тек қана өлеңдері ғана емес қара сөздері де бар. Оны жоғарғы сыныптарда оқисыңдар. Ал бүгін тек қана үзіндімен жұмыс.

І- қатар 1 абзацтың 2 сөйлемі ІІ - қатар 2 -ші абзацтың 3 сөйлемі

Көшіріп жазып, қатаң дауыссыздарды бір, ұяң дауыссыздарды екі, үнді дауыссыздарды ирек сызықпен сызу.

Жазып болғаннан кейін әр бала бір сөзден талдайды.(дауыссыз дыбысқа дыбыстық талдау)

  1. Сергіту сәті: «Иә, жоқ ойыны» мен дыбыстарды айтамын егер дұрыс болса - сендер қолдарынды көтеріп секіресіңдер, бұрыс болса - қолдарыңды түсіріп шайқаласыңдар)

Мысалы: А- дауысты езулік, Б - дауыссыз қатаң

ІІ - 265-жаттығу

Берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беру.

  1. Жаңада жоқ, 2. Тарақта бар,

Ескіде бар. Шашта жоқ.

Танада жоқ, Тамақта бар,

Ешкіде бар. (к) Аста жоқ. (қ)

3.Ләззатта бар, 4. Жазуда бар,

Жанатта жоқ. Сызуда жоқ.

Азатта бар, Жылуда бар,

Қанатта жоқ. (з) Қызуда жоқ. (ж)

5. Нанда бар, 6. Өмірде жоқ,

Етте жоқ. Өңірде бар.

Айранда бар, Ауырда жоқ,

Сүтте жоқ. (н) Жеңілде бар. (ң)

7. Шөлде бар,

Суда жоқ.

Көлде бар,

Буда жоқ. (л)


  1. «Кім тауып оқи алады?» кім біріші шешеді?

    1. Дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Ол не деген мақал?

(Жауабы: Қарманған қарап қалмас)

Қарманған - осы сөзді қалай түсінесіңдер?


Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстардың түрлері (5сынып)

  1. Бекіту: Бүгінгі сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін сызбаны толтыру.

Дұрыс жауабына қосу белгісін қою.


Дыбыстар

Қатаң

Ұяң

Үнді

П, ч

+



В, г


+


Р, л, м



+

Щ, х, ч

+



Ж, з,


+


У



+


Ішіне - сыртына стратегиясы бойынша


Ішіне сыртына

І - қатар - қатаң дауыссыздарды жазады,

қалғаны сыртына

ІІ - қатар - ұяң мен үнді дауыссыздарды жазады,

қалғаны сыртына


  1. Рефлексия: Балалар, бүгін сабақта не білдік? Не үйрендік?

Ү. Үй тапсырмасын беру.

1. Дауыссыз дыбыстар, түрлері

2. 269-жаттығу


  1. Балалар, бүгінгі сабағымызды өлең шығарумен аяқтайық.



5 жол өлең стратегиясы


  1. Не? Зат есім Дыбыс

  2. Қандай? 2 сын есім ұяң, қатаң, үнді

  3. Не істейді? Қайтеді? 3 етістік айтылады, естіледі, түрленеді

  4. Сөйлем дауыссыз дыбыстар саны 25

  5. Синоним дауыссыз дыбыс - әліпби құраушысы.

ҮІ. Бағалау

Сабақтың соңында фишка жинап бағалау.

Балалар, мені бүгін сіздермен жақсы сабақ өткіздік, сендерге алғысымды айтамын, көп рахмет. Сендерді және келген қонақтарымызды келе жатқан 8 наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймын.


© 2010-2022