Сан есім (6 сынып)

    Сабақтың мақсаты:   Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету.   Оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.   Орындалатын жұмыстар арқылы еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, «Ойлан,тап!» ойыны Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз,кесте Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру II.Үй тапсырмасын тексеру III.Ж...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

  • Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету.

  • Оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  • Орындалатын жұмыстар арқылы еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:
жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:

түсіндіру, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, «Ойлан,тап!» ойыны

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз,кесте

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын тексеру

III.Жаңа сабаққа бет бұру

Ой қозғау стратегиясы

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

  • Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?

  • Туынды сын есім дегеніміз не?

  • Мағынасына қарай сын есім қалай бөлінеді?

  • Сапалық сын есім дегеніміз не?

  • Қатыстық сын есім дегеніміз не?

Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстырамын,Сабақты Ж.Молдағалиевтың « Мен- қазақпын» өлеңімен ашамың

Мен-қазақпын

Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен-қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын, жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен...

(Ж.Молдағалиев)

Өлеңдегі асты сызылған сөздер нені білдіретіндігі оқушылардан сұралады.

Мысалдар арқылы сан есімнің ережесі,сұрақтары,мағыналық түрлері,құрамы,тұлғасы түсіндіріледі.

Мысалдар:

1.Екі айда алпыс күн бар.

2.Жүз елу қой қоздады.

3.Бес жүз саулықтан өрген қозы мыңнан асады.

4.Алмаста екі алма бар.

5.Ажар алтыншы сыныпта оқиды.

6.Келіп тұрғандар төртеу.

7.Сабаққа он шақты оқушы қатысты.

8.Біз жарысқа бес-бестен қатыстық.

9.Сыныптағы оқушылардың төрттен бірі үздік оқиды.

IV.Оқушылардың түсінігін тексеру


Құрамына қарай Заттың санын,мөлшерін,ретін білдіреді

Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)

Қанша?неше?нешінші? Дара Күрделі Сан есім нешеу?

Негізгі және Екі не одан

тСан есім (6 сынып)уынды да көп түбір

БСан есім (6 сынып)ес,он, тіркесінен,

сегізінші қосарлануынан

Он бес,үш-үштен

Мағынасынақарай:есептік(бір),реттік

(бірінші) жинақтық(алтау) топтау(он -оннан),

бөлшектік(оннан бірі,)

болжалдық(ондаған)

V.Оқулықпен жұмыс

133-жаттығу

134-жаттығу



VI. «Кім жылдам?»

  • Сөздерді мағыналық жағынан сәйкестендір.

Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)





Мына мақал-мәтелдердегі сан есімдерді тауып жазып,мағынасына қарай ажырат.

1.Ер қаруы-... қару.

2. ... ұл туған ананы

Ханым десе болады.

Кезек сыйласқан ағайынды

Жаным десе болады.

3.Ағайын-... ,ана-... .

VII. «Кім тапқыр?»

Төменде берілген сөздерден сан есімдерді тауып, санмен жаз, құрамын анықта.

Сөздер

сандар

дара

Күрделі

Тоғызқұмалақ

9

+

Жиырма бес жас

Кекіру

Түбір

Алпысбай-күшті жігіт

Сегізкөз

Күшік

Алтын жүзік

Онын бесігі

Бес-бестен отырдық


VIII.Бекіту.Веен диаграммасы.

Сын есім Сан есім

Ортақ белгісі

Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)

IX.Үйге тапсырма.

  • Ережелерді қайталау

  • 136-жаттығу

X.Бағалау.



Сан есім (6 сынып)Сан есім (6 сынып)

Сан есім (6 сынып)

© 2010-2022