Қазақ әдебиеті пәнінен Қараш қараш оқиғасы тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

13.03.2015 жыл

Қазақ әдебиеті

8 А - класс

Сабақ тақырыбы:

М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»

Жалпы мақсат:

Жазушының оқырмандардың жоғары бағасына ие болған туындысының мазмұнын терең игеруде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, алған білімдерін қорыту, жинақтау.

Міндеттері:

1. Білімділік - Оқушылардың М.Әуезовтың шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту, Бақтығұлдың іс-әрекетіне баға беру «Қараш-қараш оқиғасы» хикаятын қорыту.

2. Дамытушылық - сыни тұрғадан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік - Ақыл-ой адамгершілік тәрбиесін беру, адалдыққа, жақсы қасиеттерге үйрету, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шығарманы толық оқып, талдау жасайды,оған өзіндік пікірін айтады және дәлелдеуді меңгертеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Адамға тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Оқығаным - ойға тоқығаным

Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, А-3 парағы, оқулық, кеспе сұрақтар, тапсырмалар

Оқыту әдістері:

1.Блум таксономиясы, топтастыру, зерттеушілік әңгіме.

Дерек көздері:

Оқулық, ғаламтор материалдары

Орындалатын тапсырмалар

Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті

Топқа бөлу.

2 мин

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

Өлең жолдары оқылады

Сұрақ-жауап

  1. Шығарманың басты кейіпкері Бақтығұлдың прототипі кім?

  2. Шығарма қандай тарихи оқиғаларға негізделген?

  3. «Қараш қараш оқиғасы» қашан жазылды?

  4. Шығармада қай кездегі шындық суреттелген?

  5. Осы шығармаға байланысты қандай кино түсірілді?

Біз «Қараш қараш оқиғасы» арқылы танысқан Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға - Рысқұл Жылқайдаров.

Ол қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі. Рысқұл 1904 ж. Желтоқсан айында өз еліндегі қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Саймасай Үшкемпіров деген болысты халыққа жасаған қиянаты мен әділетсіз іс-әрекетіне шыдамай атып өлтірген.

Сол кезеңде Рысқұлды Алматы түрмесіне жабады.

.

3 мин

Теориясы «Білу» (Кім? Не?)

Қашан? Қайда? Не істеді?

І топ. Хикаяттан басты кейіпкердің прототипін тауып, ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту.

Бақтығұлдың ерекше тұлға екенін жазушы қалай суреттейді?

ІІ топ. Бақтығұлдың монологын оқып, ондағы жазушы қолданған көркем образды сөздерді табу.

Талғар сайының пейзажын мәтіннен тауып оқы

ІІІ топ. Табиғатты суреттейтін тұсты мәтіннен тауып , жазушы оны кейіпкердің жан дүниесімен қалай астастыра алғанын дәлелдеу.

ІV топ. Бақтығұлдың тұрмыс жадаулығы мен көңіл қаяулығын жазушы қалай суреттеген?

Боз биені олжалау кезіндегі Бақтығұлдың қандай қасиеттерін аңғаруға болады.

3минут

Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)

  1. Тектіғұлдың өліміне кім кінәлі?

  2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

  3. Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?

  4. Оның Жарасбайға бару себебі неде? Болыс оны қандай мақсатта пайдаланды?

  5. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды?Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?

  6. Билер Бақтығұл үшін қандай шешім шығарды? Содан кейін Бақтығұлдың өмірі қалай өрбіді?

  7. Бақтығұ Сәлменді емес неге Жарасбайды өлтірді?

  8. Бақтығұл Жарасбайды өлтіргеніне өкінді ме? Не үшін?

  9. Оқиға не себепті «Қараш қараш оқиғасы» деп аталады?

  10. Жарасбайға сипаттама бер.

  11. Жарасбай Бақтығұлдың қандай қасиеттерін байқады?

  12. Жарасбайды атқаннан кейін Бақтығұл қандай сезімде болды?

10 минут

Практикасы «Қолдану»

Осы шығармаға байланысты қандай мақал -мәтелдер қолданар едіңдер?

Оқиғасы

Мақал-мәтелдер



6 минут

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

Ол заман

ортақ

Бұл заман


8 минут

Теориясы «Жинақтау»

Шығарманың қандай тәрбиелік мәні бар. Постер қорғау.

4 минут

«Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

«Менің пікірім» ротация әдісі

Бақтығұлдың іс-әрекетін құптайсыз ба?

Намысқой, өр мінезді Бақтығұлдың өзгенің жетегінде жүрген сорлы, бейшара жанға айналуының себебі неде?

Хикаяттың соңын қалай аяқтар едіңіз?

Сіз Бақтығұлдың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

7 минут

Үйге тапсырмасы

«Әділдіктің жолы...» Эссе

1 мин

Бағалау


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топ басшылары әр кезеңі бойынша бірден бағалау парағына бағалайды.

1мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін бас бармақты көрсету арқылы бағалайды



© 2010-2022