Ел боламын десең, бесігіңді түзе!

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Ел болам десең, бесігіңді түзе! »

Сенен артық қасиет жоқты жер тегі,

Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі.

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

Көркейтуге міндеттімін мен сені.

Әбу Сәрсенбаев

Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Өйткені, бүгінгі бала-елдің ертеңгі болашағы. Сондықтан, келешегін ойлаған ел бүгінгі күннен бастап балалардың тәрбиесіне бей-жәй қарамауы тиіс. Дана халқымыз өсіп келе жатқан баланы жас ағашқа ұқсатады. Егер ағаштың артық өскен сабақтарын қырқып, түбін әктеп тұрсаң ол ағаш түзу өсіп, құрылысқа жарамды ағашқа айналады, ал еркімен өскен ағаш қисайып үсті құрттап ақыр соңында отыннан басқаға жарамай қалатындығы сөзсіз. Сондықтанда бүгінгі таңда әрбір отбасы бала тәрбиесіне баса назар аударғаны жөн.

Бала тәрбиесі ата-ананың өз-өздерін тәрбиелеуден басталады. Өйткені балаға ақыл айтып, оны өздері амалға асырмаса, бұдан балаға еш пайда жоқ.

« Ел болам десең, бесігіңді түзе! ». Бұл ұлағатты ұғым адамды ең алдымен салт-дәстүр мен ұлттық болмысымызға тән қасиеттерді қадірлеуге жетелейді.

Біздің бойымызға адами құндылықты алып келетін ананың ақ сүті екені сөзсіз. Сонымен қатар, ең бастысы балаға тәрбиелі де, саналы адам болып өсуіне тура мағынасындағы бесіктің маңызы зор. Бұл үлкен істе « Бесік жырын » айтып, түн ұйқысын төрт бөлген аналарымыздың ерліктері құр сөзбен бағаланбасы анық. Міне, кез - келген ана осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады.

Сонымен қатар, қазақ халқының өзінің дәстүріне сай, өз ата - бабаларымыз заңдарына айналдырған осынау адами қасиеттің басты нысаны болатын, адамгершілік, достық, бауырмалдылық, үлкенге - құрмет, кішіге-ізет көрсете білген сыйластықтық қағида-ережелерін әрбір азамат есінде ұстағаны жөн деп санаймын.

Ел болам деген кез- келген халықтың бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болуы тиіс деп ойлаймын.

Қорыта келе айтарым, егер біз өркениетті, зайырлы мемлекет болғымыз келсе, болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиетті биік әрі жоғары қоюын еске салып отыруымыз керек. Сонымен бірге, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, әрқашан адал еңбек етуін кішкентайынан құлақтарына сіңіртіп өсіруіміз керек.

Кез- келген адам бойында еліне, жеріне деген үлкен құрмет, зор мақтаныш болуы керек.



© 2010-2022