Қазақстан біздің-ортақ үйіміз 11-сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША сабақ жоспары


Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп

Мерзiмі: 24.11.2015

Тақырып: Қазақстан- біздің ортақ үйіміз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Достық, бауырмалдық, татулық, сүйіспеншілік

Мұғалім: Ақбидаева.К.Т сыныбы-11 оқушы саны-8

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: Оқушыларды отанды сүюге, туған жерді құрметтеу арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік:

  • Оқушылардың достық, бауырмалдық, татулық, сүйіспеншілік қасиеттері бойынша білімдерін кеңейту;

Дамытушылық:

  • Оқушылардың бойында достық, бауырмалдық, татулық, қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік:

- Оқушылардың достық, бауырмалдық, татулық, сүйіспеншілік қасиеттеріне тәрбиелеу.\

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сабақ қызықты әрі тиімді болу үшін 5Т ережесін сақтауымыз керек:

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тыныштық

  • Тазалық

  • Татулық

2.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.







«Мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар»

МұқажановаР.А

Омарова г.А

МұратхановаР

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» тақырыбына


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Оқушыларға топпен жұмыс жасап келу тапсырылған

Өнердің түрлі жанрларын пайдалана отырып, отанға деген сүйіспеншілікті сипаттау. Шығармашылық жұмыс үшін өзіңіздің қалауыңыз бойынша өнердің түрлі жанрларын алсаңыз болады.

1. Әдебиет

2. Көркемсурет

3. Қолданбалы өнер

Берілген тапсырма бойынша оқушылар барлық шығармашылық жұмыстардың нәтижесі көрме ретінде таныстырылуы керек.

Ескертулер





  1. Дәйексөз.

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт»

Жамбыл Жабаев

Оқушыларға 5-рет іштен қайталату, дауыстап 2-3 оқушыға оқыту, дәптерлеріне жазғызу.

Дәйексөзден не түйдіңіз?

Оқушылар жауабы тыңдалған соң оқытушы өзі қорытындылайды.

«Өлеңдер жинағы»

Ж.Жабаев

  1. Әңгiмелеу

Сүйіспеншілік деген не?

Бір күні немересі атасынан:

- Ата, сүйіспеншілік деген не? - деп сұрайды.

Сонда дана қария былай деген екен:

  • Ол әр үйдің алтын діңгегі ғой, шырағым, - дейді.

  • Сонда, ата мен әже болған сіздерде де сүйіспеншілік бар ма? - деді немересі әзілдеп.

  • Осы сен күннің нешеу екенін білесің бе? - деп атасы қарсы сұрақ қойды.

  • Білемін, аспанда жалғыз күн бар, -деді.

  • Жоқ, - деді қария басын шайқап, - күн екеу, оның бірі - көкте, бірі - жүректе. Жүректегінің аты - Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілігі жоқ жүрек қыстың күні қар астында қалған қараңғы үймен тең, - депті.


  1. Немересі атасына қандай сұрақ қойды?

  2. Сүйіспеншілік әр үйдің алтын діңгегі ғой - дегенде атасы не айтқысы келді?

  3. Немересінің әзіліне берген жауабында атасы неліктен сүйіспеншілікті күнмен теңейді?

  4. Атасының жауабы сізді қанағаттандырды ма?


  1. Баланың сұрағына сіз не деп жауап берер едіңіз?

  2. Әңгіменің мәні неде?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ: «Отанға деген құрмет» туралы 4 жолды өлең шығару.

ІІ топ: «Бейбітшілік» туралы 4 жолды өлең шығару.

ІІІ топ: «Достық» туралы 4 жолды өлең шығару.

ІV топ: «Ынтымақ» туралы 4 жолды өлең шығару.

(10 минут уақыт)

Баяу әуен орындалып тұрады және уақыт ескертіледі.


  1. Топпен ән айту.

1.Түп - түгіл төрт құбыламды түстік етіп.

Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,

Дүние - ай, қандай жақсы ед табаныңа

Тұрғандай топырағыңнан ыстық өтіп.

Қ-сы

О, менің мәңгі басар нық тұрағым,

Қалайша махаббатымды ұқтырамын!

Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте

Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын.

2.Мен сендік азаматтық сертімменен

Даусыңа дауыс қосам шертілмеген

Мен сенің серпілмеген күніңе де

Қараймын кереметтей серпіпменен

Қ-сы

О, менің мәңгі басар нық тұрағым,

Қалайша махаббатымды ұқтырамын!

Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте

Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын.

3.Қайғы да, мұң да менен көп табылар

Бәрі де жалғыз сен деп ақтарылар

Баурайы мәңгі көктем заңғарлардың

Басында мәңгі жатқан ақ қары бар

Қ-сы


.Айбергенов

«Мен саған ғашық едім»

Үй тапсырмасы.

Келесі сабақтағы «Мамандығым- мақтанышым» коллаж жасау.


  1. Тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақ үшін рахмет!

Бүгінгі сабақты ойларыңа түйіп, жүрегіңізге сақтаңыздар.

Баяу әуен орындалып тұрады.





© 2010-2022