• Преподавателю
  • Другое
  • Презентация по казахсий язык и литературы на тему Сөздің тура мағынасы. Мәтінмен жұмыс «Ас-адамның арқауы» і

Презентация по казахсий язык и литературы на тему Сөздің тура мағынасы. Мәтінмен жұмыс «Ас-адамның арқауы» і

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда медициналық колледжі

«Бекітемін»

Әдістемелік кеңес төрайымы:

-----------------Н.Д.Әкімниязова

«--------» ----------------- 2015 жыл


Ә Д І С Т Е М Е Л І К Т А Л Д А М А

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Пән оқытушысы: Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы

Тақырыбы: Сөздің тура мағынасы.

Мәтінмен жұмыс «Ас- адамның арқауы»

Тобы: «Емдеу ісі» бөлімі 17 топ

Семестр: І

Курс: ІІІ




Қызылорда қаласы 2015 жыл

Күні: 21.10.2015 жыл

Пәні: Кісіби қазақ тілі

Тобы: «Емдеу ісі» бөлімі 17 топ

Пән оқытушысы: Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы

Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура мағынасы. Мәтінмен жұмыс «Ас- адамның арқауы»

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:

Оқушыларға сөз мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіру.

Адам өміріндегі астың маңыздылығын,тамақтанудың денсаулық

үшін пайдасын түсіндіру;

ә) дамытушылық:

Мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың

сөйлеу тілін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге

дағдыландыру;

б) тәрбиелілік:

Сөз мағынасын құбылтып,оларды дұрыс

қолдануға,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Құрама

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: «Үш өлшемді әдістемелік жүйе», «ҚМЖ» (қысқа мерзімді жоспар)

элементтері

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, мақал- мәтелдер, топтардың презентациясы, смайлик.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгелдеу;

ә) Сабақ үдерісіне дайындау.

ІІ. Жаңа сабақ:

Сабақ үш кезеңнен тұрады:

І кезең

Өткен тақырыпта бойынша жаңа сабаққа негіз болатын қайталау сұрақтары мен тапсырмалары:

«Көпір» тапсырмалары:

  1. Лексиканың зерттейтін объектісі.

  2. Сөздер қолданылу аясына қарай қанша топқа бөлінеді?

  3. Сөздің лексикалық мағыналарына қарай қалай бөлінеді?

(Әрқайсысына қысқаша тоқталу)

  1. Адамның дене мүшесі, денсаулық және тағамға байланысты қандай мақал-мәтел білесіздер?

Мақал- мәтелдер тізбегі:

  • Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.

  • Ауру астан, дау қарындастан.

  • Тәні саудың жаны сау.

  • Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.

  • Ауру азығымен.

  • Мергеннің көзі де мерген, қолы да мерген.

  • Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

  • Ас- адамның арқауы.

Мақал-мәтелдерден сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырату.

«Ас- адамның арқауы» деген мақалға сүйене отырып, мәтінмен жұмыс жүргіземіз.

ІІ кезең

«Ас- адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіздер?

(Оқушылар өз ойларын айтады)

2 топ бойынша жұмыс жүргізіледі.

Тыңдалым тапсырмалары:

Дұрыс тамақтанбаудың нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Соған байланысты үй тапсырмасы ретінде оқушылар өз презентациясын қорғайды.

(Презентациядан кейін оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қояды

І топ:

ІІ топ:

ІІІ кезең «Кері байланыс» кезеңі

Оқылым тапсырмалары:

(2 топқа 2 түрлі мәтін беріледі)

«Ас- адамның арқауы»

І топ:

Тамақтану мәдениеті дегеніміз - бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.

Тамақты шамадан тыс көп ішіп-жеумен қатар, ауқаттануды тәулігіне 1-2 ретке дейін қысқарту, кешке жатарда қатты тоя тамақтану көптеген адамдардың семіруіне апарып соғады. Себебі, ауқаттанудың арасын алшақтату мидың тамақтану орталығын қатты қоздырып, адам ашқарақтанып, тамақты өзіне қажетті мөлшерден көп жейді. Ұйықтар алдында көп жеген тағам да зиян. Тамақтың қорытылуы, тағам заттарының қышқылдануы күндізге қарағанда түнде азаяды. Сөйтіп, майлы тағам денеге толық сіңбей, етке айналады.

Сөздікпен жұмыс: майлы тағам-

ми-

қышқыл-

дене-

ІІ топ:

Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды.

Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясы мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атреосклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.

Тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс.

Ішетін тамақтың түрін өзгертіп отыру керек, яғни белокқа бай сүт, ірімшік, балық немесе ет, дәрумендер мен минерал тұздары көп көкөністер, жемістер аса қажет.

Сөздікпен жұмыс: асқазан-

қант диабеті-

бауыр қызметінің бұзылуы-

дәрумен-

Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз:

  • Мәтінді оқып, мазмұнын айту;

  • Мәтіннен тура және ауыспалы мағыналы сөзді табу, мағынасын ашу;

Жазылым тапсырмалары:


  • Мағынасы ашылған сөзге лексикалық талдау жасаңыз;

  • Бір сөйлемге толық грамматикалық талдау жасау. (тақтаға орындалады)

Бекіту. «Шын», «Жалған», «Айтылған жоқ»

(Мәтінде айтылған мазмұнға қарай жауап беруі тиіс)

І топ:

1.Ұйықтар алдында көп жеген тағам пайдалы.

2. Майлы тағам денеге толық сіңбей,етке айналады.

3. Тағамтану дегеніміз- бірқалыпты тамақтану.

4. Қай кезде де, қандай мөлшерде де ішіп-жей беру қажет.

5. Саяхат кезінде денсаулыққа салғырт қарамау керек.

ІІ топ:

  1. Тамақты асықпай, майдалап, шайнап жеу керек.

  2. Үнемі аш жүру керек.

  3. Базардан тамақ алып ішпеңіз.

  4. Адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе,еш зияны жоқ.

  5. Ішетін тамақ түрін өзгертіп отыру керек.

Қорыту:

Тест сұрақтары бойынша:

  • Тура мағыналы сөзді анықтаңыз:

  1. Оқиғаның басы

  2. Басымен қайғы болу

  3. Таудың басы

  4. Адамның басы.

  • «Тазалық-саулық негізі, саулық- байлық негізі» мақалының түйіні неде?


  1. Саулық

  2. Байлық

  3. Денсаулық

  4. Тазалық

  • Тура мағыналы сөзді анықтаңыз:

  1. Суық көзді адам

  2. Көз тиді

  3. Көзі ауырды

  4. Көкірек көзі ашылды

  • Сөз байлығын зерттейтін тіл білімінің саласы

  1. Фонетика

  2. Лексика

  3. Синтаксис

  4. Морфология

  • Тура мағыналы сөзді анықтаңыз:

  1. Істің аяғы

  2. Аяғы жерге тимеді

  3. Аяғы сыздады

4) аяқсыз қалды

Үйге тапсырма:


  • Сөздің тура мағынасы;

  • «Ас- адамның арқауы» мақалына сүйене отырып, ойтолғау жазу;

  • Ойтолғаудың тірек сөзіне фонетикалық, лексикалық талдау жасау;

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады.

(Смайликті сабақтан алған көніл-күйіне қарай белгілейді, артына өз пікірін, сабаққа

белсенді қатысып отырған оқушының аты-жөнін жазады.)


© 2010-2022