Қазақ тілінен ашық сабақ Қазақстанның ежелгі қалалары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қалалары

Сабақтың мақсаттары:

1.Оқушыларды Қазақстанның ежелгі қалаларының тарихымен таныстыру.

2.Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, көзқарасын қалыптастыру.

3.Қазақ халқының тарихын құрметтеуге,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдістері: оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздену, диалог құрастыру,сөз құрамына талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интеративті тақта, ежелгі қалалар туралы бейнетаспалар, слайдтар.

Пәнарарлық байланыс: Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.«Ежелгі қалалар» туралы бейнетаспаны тамашалау.

II.Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

- Бүгінгі сабағымыз жаңа ғана өздерің тамашалаған Қазақстанның ежелгі қалаларына арналады.Сабақ барысында біз тарих қойнауына саяхат жасап, Қазақстанның ежелгі қалаларының тарихымен танысамыз.

III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1.«Ежелгі қалалар» туралы мұғалімнің сөзі.

ХІ ғасырда сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн:

Болған талай қалалар да халық та,

Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа.

Болған талай ауылымыз, тайпамыз,

Енді соның ізін тауып байқаңыз,- деген аманат қалдырған.

Ұлы ғұламаның аманатын халқымыз орындап, тарихшыларымыз көптеген ежелгі қалалардың орнын тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

2. Қоғам қайраткерлерінің еліміздің тарихы туралы айтқан қанатты сөздерін оқып, талдау.

"Тарихын ұмытқан ел - жоғалған ұлтпен тең"

А.Байтұрсынов

"Тау қозғалса да, тарих қозғалмайды."

Н.Ә.Назарбаев

3.Тарих қойнауына саяхат.

Ежелгі қалалар туралы бейнетаспаны,слайдтарды тамашалау.

- Саяхатымызды күллі түркі халқының рухани орталығына айналған, "екінші Мекке" атанған , қазақ елінің мақтанышына айналған, киелі, қасиетті Түркістан қаласынан бастаймыз.

1)Түркістан қаласы.

Түркістан - V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар.Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген

2)Испиджаб қаласы.

Ұлы Жібек жолында ауызға іліккен тарихи қалалардың қатарына Испиджаб, яғни, Сайрам да жатады.

Тарихи деректер бойынша Испиджаб IX- X ғасырларда әскери маңызы күшті бекіністі қала болған. Сайрам жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде 3 жылдай ерлікпен қорғанып, ақыры қалмақтар қаланы өртеп, тұрғындарын түгелдей қырып жіберген. Испиджаб атауы соғды тілінде «Ақ су» деген мағынаны береді

Арыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр.

Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған.Қаланың көркейуі моңғол шапқыншылығымен үзілді. Қалалар қаңырап,елді мекендер иесіз қалады. Қала жоңғар шапқыншылығы кезінде күйзеліске ұшырады, XVIII ғасырдың ортасында мүлде иесіз қалды.

3) Тараз қаласы.

4)Талхиз қаласы.

5) Баласағұн қаласы.

6)Сарайшық қаласы.

4. Жаңа сөздермен жұмыс.

көшпенділер

қыстау

жазба деректері

өркендейді

Берілген сөздерге синонимдер қарастырып, сөйлем құрастыру.

5.1-тапсырма.

«Қазақстанның ежелгі қалалары» мәтінін оқып,сұрақтар

құрастырыңдар.

IV.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі.

1 .2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Әлемнің қандай көне қалаларын білесіңдер?

2.Еліміздегі көне қалалардың бірі Түркістан туралы не айтасыңдар?

3.Қандай қалаларда болдыңдар? Онда қандай тарихи-мәдени

ескерткіштер бар?

2. 3-тапсырма.

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасаңдар.

Ғасырлардағы, егіншілік, орталықтарына, көшпенділерден.

V.Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Слайдтар бойынша сұрақтарға жауап беру.

1.Қазақстанның қандай ежелгі қалаларын білесіңдер?

Түркістан, Тараз, Сығанақ,Баласағұн, Сарайшық ,Талхиз, Испиджаб.

2.Түркі халқының рухани орталығы.

Түркістан қаласы

3.Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде кімдер жерленген?

Абылай хан, Бөгенбай батыр, Тәуке хан, Хақназар хан,

Қазыбек би,т.б.

4.Әбу Насыр әл- Фараби қай қалада дүниеге келген?

Отырар қаласында дүниеге келген.

5.Тараз қаласында қандай тарихи- мәдени ескерткіш бар?

Айша бибі кесенесі бар.

6.Қазақстандағы қандай тарихи- мәдени ескерткіштерді білесіңдер?

Алаша хан кесенесі, Қорқыт ата мазары, Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары,Қожа Ахмет Йасауи кесенесі , т.б.

VI.Үйге тапсырма.

1."Қазақстанның ежелгі қалалары" шығарма жазу..

2.3-тапсырма. Мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

VII.Сабақты қорытындылау.

-Қазақстанның ежелгі қалалары туралы не білдіңдер?

-«Ежелгі қалалар» туралы бейнетаспаны тамашалап, қандай әсер алдыңдар?.







© 2010-2022