Поурочный план по казахскому языку 9 класс

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі 28 қазан /9-орыс класы/

Сабақтың тақырыбы: Спорт-денсаулық кепілі. Тұйық етістік.

Сабақтың типі: білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, спорт жаттығулары

Сабақтың мақсаты: етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру,оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту; оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру;ауызша және жазбаша жаттығулар.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,үлестірмелі карточкалар,мәтіндер,оқулық,тақта.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жағымды ахуал қалыптастыру.

Таңертеңгі жаттығу жасағанда қандай күйде боласыңыздар.Жаттығу жасайды.

Бір-екі-үш, жинап алдым күш,спорт-біздің досымыз, спорт сүйер жастармыз.

Үй тапсырмасын сұрау.Футбол /Қазақстан командалары туралы ой/ Көсемше жұрнақтары.

-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.

Көсемшелі етістікті жіктеу.

Үлгі:

Барыппын барыппыз

Барыпсың барыпсыңдар

Барыпсыз барыпсыздар

Барыпты барыпты

1-қатар /сөйле/ 2-қатар /айт/ 3- қатар /көр/

Жаңа сабақ. Спорт - денсаулық кепілі. Тұйық етістік. Спорт- денсаулыққа пайдалы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мәтінді оқу, аударма жұмыстарын орындау.

«Спорт» сөзіне ассосация құру. Спорт түрлерін атау, спорт сөзін естігенде ойыңызға келетін сөздер.

Грамматика. Тұйық етістік. Етістік - Есімше-Көсемше-Етіс- Тұйық етістік

Тұйық етістік-у жұрнағы

Айт-у, бар-у, сөйле-у, жаса-у, көсе-у.

Берілген сөйлем ішінен тұйық етістікті тауып, морфологиялық талдау жасау.

Атасы мен әжесінің үйіне баруға Жандос жиналды. бар-етістік, дара етістік, болымды етістік, у-тұйық етістіктің жұрнағы, ға- барыс септігінің жалғауы.

Қорыту: Тақтадағы берілген мәтіндерден тұйық етістікті табу.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Әдеби кітаптан тұйық етістігі бар сөйлем жазып, сөйлем мүшесіне талдау.

Спорт- біздің досымыз. Эссе орындау.


Сабақ: қазақ тілі 9- орыс класы 12.11.2015 /2 тақырып/

Сабақтың тақырыбы: Менің арман мектебім. Етістіктің райлары.Алтын ұя мектебім. Ашық рай.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,етістіктің райлары туралы түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту; қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: етістік райларды меңгерту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу. Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Менің арман мектебім» , «Алтын ұя мектебім» мәтіндерін оқып, мазмұнына тоқталу. Етістіктерді табу.Ереже түсіндіру.

Шақ түрі

Ереже

Жасалу жолы

Мысал

Ашық рай

(изъявительное)

Іс-қимылдың қай шақта орындалғанын білдіреді

Үш шақтың жасалу жолдары арңылы жасалады

Мен келдім.

Мен келемін.

Ол жейтін.

тү

2 - тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңыз.Рай категориясын қосыңыз.

Мен Ж.Кереев атындағы мектепте оқимын. т.б.

- Сенің мектебің қандай ?

- ...

- Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?

- ... .

Шығармашылық диктант

Менің болашақтағы мектебім

Менің болашақтағы мектебім өте әдемі болады. Ол мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта,әр оқушыда компьютер болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілттенеді.

Етістіктің рай түрін ажырату.

Ережемен жұмыс

Ашық райды табу.. Мысалы:

Ара ұшты./қай шақта тұр?/пчела

Түс көреді. /қай шақта тұр/ сон

Тамағын ішеді. /қай шақта тұр?/ Ендеше қай рай түрі?

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Менің мектебім» тақырыбында әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау












Сабақ: қазақ тілі 9- класс /13.11.2015/

Тақырыбы: Мектеп тірегі -ұстаз.Шартты рай

Сабақтың мақсаты: Етістіктің рай түрлері туралы білімдерін тереңдету, шартты рай, оның жасалуы жайында толық мағлұмат беру.
1. Білімділік. Шартты рай туралы ғылыми - теориялық түсінік, оның жасалуы мен қолданысын, өзіндік ерекшелігін ұғындыру;мектеп туралы оқушы ойымен бөлісу.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын кеңейту, көру, есту қабілеті арқылы есте сақтауын дамыту, сөздік қорын арттыру;
3. Тәрбиелік. Жаттығулардың тәрбиелік мәніне зер салғызу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО әдісі.
Көрнекілігі: слайд, кесте, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Бақытты сәт» ойыны. Берілген сұрақтарға толық әрі жылдам жауап беру арқылы зерек оқушыны анықтау, марапаттау.
1. Етістіктің райы нешеге бөлінеді?
2. Ашық рай деген не?
3. Рай сөзінің мағынасы не?
4. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
5. Жаңа сабақ.
Проблемалық жағдаят. Тақтамен жұмыс.

3.шартты рай (условное)

Іс-қимылдың орындалу-орындармау шартын біліреді

Етістік (-са.-се)жіктік жалғау

Сабақ оқысам.

Бес алсам


Мағынаны тану.Мектеп тірегі -ұстаз.Мәтінді оқу, талдау.
- Ол сөйлемдердегі белгілі бір етістіктердің - са, - се жұрнағы арқылы жасалуы.
Демек, етістіктің шартты райы қимылдың, іс - әрекеттің болу - болмау, іске асу - аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді.

Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - са, - се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, көрсе, оқыса.
1. Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі.
Кестемен жұмыс.
Жақ --------- Жекеше ------------------- Көпше
І -------------- Айт - са - м ---------------- Айт - са - қ
ІІ ------------- Айт - са - ң ---------------- Айт - са - ңдар
--------------- Айт - са - ңыз ------------- Айт - са - ңыздар
ІІІ ------------ Айт - са --------------------- Айт - са

2. Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылауымен тіркесіп келіп, қарсылық мәнді білдіреді.
3. Шартты райлы етістік І, ІІ жақ жалғауында тұрып, оған - шы, - ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді.

Оқулықпен жұмыс.
1- тапсырма жазбаша орындалады.
Шығармашылық жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Алтау ала... ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел.. төбедегі келеді.
Ел болам.. бесігіңді түзе.
Қазаншының еркі бар қайдан құлақ...
Еңбек... ерінбей.
Тояды қарның тіленбей.
Ойнап... де, ойлап сөйле
Әзіл.. әділ айт.
Ұлық... кішік бол.
Тапсырма. 1 - мақалдағы сөздерге сатылай комплексті талдау жаса.
Жұптық жұмыс.
«Адам болам десеңіз...», «Егер мен миллионер болсам...» тақырыптарында шағын диалог құру тапсырылады.

6. Білімді бекіту.
Венн диаграммасы арқылы шартты рай мен ашық райды салыстыру, қорытындылау.
7. Бағалау.
8. Үй тапсырмасы.
5- тапсырма, ережені қайталау.
Рефлексия кезеңі.
Оқушылар, сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз сөздеріңмен айтыңдар.





© 2010-2022