Сабақ жоспары: М. Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» (6 сыны)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: М. Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» (6 сыны)Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: М. Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын»,

«Биіктер»

Мақсаты: 1.Балалар ақыны М.Әлімбаевтың өмірімен, шығармашылығымен

таныстыру;

2. Шығарманы жан-жақты талдай отырып, оқушының танымдық-

білімдік ізденіс қабілетін арттыру;

3. Арманға, қиялға жетелеу; Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, әдіс- тәсілі: Білімді, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру,

сұрақ- жауап, талдау, баяндау, Венн диаграммасы.

Құрал- жабдықтар: Плакат, маркер, стикер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (Амандасу; түгендеу; сабаққа

дайындықты тексеру)

ІІ. «Шаттық» шеңберін құру. Сөз немесе сөз тіркестері арқылы тілектерін ым- ишаратпен білдіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Ой қозғау.

Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жақсы шығарма - жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады» деген еді.

Түрткі сұрақ: Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесі сіздерді осындай сезімдерге бөлей алды ма?

Топ болып үй тапсырмасын талдап көрейік.

1-топ. Шығарма бөлімдері «Танысу» бөліміне шолу

2-топ. Басты- басты оқиғалары

3-топ. Шығарманың композициялық құрылысы

4-топ. Шығарманың тәрбиелік маңызы

ІҮ. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі: «Кітапты уақыт өткізер ермек үшін оқыма. Санатқа жеткізер еңбек үшін оқы.» деп өнегелі сөз айтқан, қазақ балаларына арнап қысқа да нұсқа, мазмұнды, ойы құнды өлеңдер жазған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың өмірімен, шығармашылығымен танысамыз.

Дәптермен жұмыс: Күннің жады

Сабақтың тақырыбы

Кеңейтілген тапсырма: Жазушының өмірі, шығармашылығы

(Дарынды оқушымен жұмыс. Таныстырылымды оқушылар орындайды.)

Мәнерлеп оқу: «Ана тілім ғажап деп айта аламын»

«Биіктер» (Мұғалім және оқушылар оқиды)

Сұрақ- жауап: Түсініксіз сөз болды ма?

Сөздік жұмысы.

Ізденіс-шығармашылық жұмыс:

1-топ. «Ана тілім ғажап деп айта аламын»

Өлеңнің тақырыбы, идеясы. Өлеңді құрылысына талдау; көркемдегіш

құралды (бейнелі сөздерді) табу.

2-топ. «Биіктер»

Өлеңнің тақырыбы, идеясы. Өлеңді құрылысына талдау; көркемдегіш

құралды (бейнелі сөздерді) табу.

3-топ. «Менің биік арманым...» (эссе немесе постер қорғау)

4-топ. «Ана тілім ардақты» ой толғау

Тілім бүгін Тілім ертең

(пікір) (ұсыныс)

Венн диаграммасы

Бағалау. «Бағдаршам» әдісі бойынша

Жасыл түс - бәрі түсінікті

Сары түс - маған түсініксіз

Қызыл түс - мүлдем түсінбедім

Ү.Қорытынды

«Үлкен адам болу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға» деп Мұхтар Шаханов жырлағандай,

«Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз» деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай армандарың асқақ болып, ұлттық қазынамызға адалдықтарың арта берсін!

Бағалау: «Басбармақ» әдісі

Рефлексия бір сурет, бес сөз.

Үйге тапсырма: 1.Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

2.Екі өлеңнің біреуін жаттау.

3. «Ақынға хат» жазу.


© 2010-2022