• Преподавателю
  • Другое
  • Формирование государственной инновационной политики и нормативно-правовой базы, стимулирующей инновационную деятельность

Формирование государственной инновационной политики и нормативно-правовой базы, стимулирующей инновационную деятельность

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурекешов Т.К.

Азаматтық некеге заңды қөзқарас мәселелері

Соңғы жылдары елімізде азаматтық неке деген ұғым пайда болды. Ол жастардың арасында кеңінен қолданысқа ене бастаған сияқты. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Аталған ұғымның айналасындағы пікірталастар әлі де азаяр емес. Азаматтық некені жақтаушылар бұл үрдісті «некелесудің заманауи технологиясы» деп атаса, оған қарсы шығатындар «некенің бұл түрін ұлт пен текті жоятын, жетім мен жесірлердің санын көбейтетін технология» деп атайды.


Азаматтық некеге заңды қөзқарас мәселелері

Соңғы жылдары елімізде азаматтық неке деген ұғым пайда болды. Ол жастардың арасында кеңінен қолданысқа ене бастаған сияқты. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Аталған ұғымның айналасындағы пікірталастар әлі де азаяр емес. Азаматтық некені жақтаушылар бұл үрдісті «некелесудің заманауи технологиясы» деп атаса, оған қарсы шығатындар «некенің бұл түрін ұлт пен текті жоятын, жетім мен жесірлердің санын көбейтетін технология» деп атайды. Қос тараптың да айтар уәждері аз емес сияқты.

Азаматтық неке дегеніміз - адамдықтан кеткісі келген қоғамның көңілдестікті заңдастырып алған түрі. Ол азаматтарымызды, жастарымызды бүлдіріп, елімізді артқа сүйрейтін құбылыс. Жалпы, бұл ұғымның атауы да дұрыс емес. Егер оны қазақтың жалпақ тіліне салсақ, бойсуыту деп атар едік. Біз «Батыстан үйрену керек» деген пікірді жиі айтамыз.

Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321-I Заңы (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 27.07.09 ж жағдайы бойынша енгізілген)Жарияланды: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23 Мәтiндегi сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.[2]

2011 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне қол қойылды.

Осы уақытқа дейін неке-отбасылық қатынастар 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңының деңгейінде реттеліп келген. Ал, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі қолданыстағы заңды жетілдіріп, аталған саланы жалпы қабылданған халықаралық нормалармен сәйкестендіру қажеттігінен туындады.

Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының І тарауында 1-бабының 14-тармағында отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын некені - жалған неке деп атап көрсеткен. Дегенмен, жүзден аса ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесін тіркеудің баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтіндей оңтайлы жолы әзірге осы.

Кодекс отбасы мен баланың мүддесін қорғауға бағытталған. Мәселен, бір жынысты адамдардың арасындағы некені жасауға жол бермеу нақтыланған. «Қорғаншылық» пен «қамқоршылық» институттарына бөлек ұғымдар берілген. Баланы тәрбиелеуге беру жөнінде шарт жасаудың, оны бұзудың тәртібі белгіленген. Заңды тұлғалардың алимент төлемдерін уақытында аудармағаны үшін жауапкершілік тағайындау реті де көзделген. Нақтырақ айтқанда, құқықтық тұрғыдан алимент төлемеген жандардың Қазақстан Республикасынан тысқары шыға алмау мүмкіндігін белгілейтін нормалар қарастырылған. Бұл кодекс әлеуметтік маңызды сипатқа ие болғандықтан, оны әзірлеген кезде көпшіліктің пікірі мен ұсыныстары ескерілді.

Кодекс барлық мазмұнымен қоғамның негізгі ұйымы - отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Баланың толық жетілуіне қажетті жағдай тудырып, олардың құқығы мен мүддесінің заңды қорғалуына кепілдік береді деген үміттеміз.

Қазақстанда мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген неке ғана танылады. Некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез-келген түрлеріне тыйым салынады.

Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады.

Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш - қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы - 18 жас. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата-аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.

Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері дәрігерлік құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Болашақ ерлі-зайыптылар азаматық хал актілерін тіркеу органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек.

Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін тіркеу органында, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс-әрекетке қабілетсіздігі, сондай-ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию болып табылады.

Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негiзiнде және отбасы мүшелерi мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершiлiгiн, құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуi мүмкiн.

Азаматтық неке пайда болғаннан кейін байырғы қазақ ерекше назарда ұстаған жетім мен жесір мәселесі ушығады. Статистикаға салатын болсақ, азаматтық некеге тұрғандардың арасындағы ажырасу фактілері дәстүрлі некеден бірнеше есеге көп. Осы мысалдың өзі азаматтық некенің мемлекетке қалай әсер ететінін көрсетіп тұрған жоқ па? Азаматтық некедегі жастар еш уақытта отбасын құру деген мәселеге салмақты қарамайды. Адам табиғаты ер мен әйелдің жұптасуын қалайды. Ал азаматтық неке осы дәстүрге қарсы шығып, түбінде адамдардың жұп құрау дәстүрін жоқ етеді. Қазір балалар үйі тастандыларға толып тұр. Ертеңгі күні азаматтық неке үрдіске айналғанда, олардың саны еселеп өседі.

Қазақ үшін шата деген өте жағымсыз ұғым болып саналады, яғни некесіз туылған бала. Мұны дініміз де қаламайды. Құдай алдында ант беріп, некелеспеген жұптан туылған баланың бойында тазалық болмайды. Тексіздік содан туындайды. Азаматтық неке адамдардың бір-бірін дұрыс тануына мүмкіндік береді. Жалпы, ондай некеде адамдар бір-біріне төзімділікпен қарауды үйренеді. Адамдар кіммен некелесемін десе, өз еркі болуы керек. Бір жағынан, азаматтық неке жаңа ойлап табылған нәрсе емес.

Ол Батыс елдерінде әбден сынақтан өткен. Әрине, азаматтық некеге қарсы шығатындар көбіне «балалар жетім қалады» деген пікірді алға тартады. Алайда меніңше, ол адамдардың өздеріне байланысты. Дәстүрлі некеден жетім қалып жатқандар да аз емес қой.

Қазіргі жағдайда әйелдер мен еркектер санының үлес салмағында айтарлықтай үлкен алшақтық жоқ. Яғни бұл ел арасында теңсіздік орнатады. Мәселен, дәулетті адамдар бірнеше әйелден алатын болса, кедей адамдар бір әйелге де қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Азаматтық неке әйелдердің құқығын таптайды деген пікір де жиі айтылады.

Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикасы қарыштап дамыған сайын сол елде азаматтық неке көбейіп, демографиялық ахуалдың әлсірейтіні дәлелденген.

Дегенмен, шаңырақ көтеріп отырған жас жұбайлар некелерін дін өкілдеріне барып қидырамын десе де еркі бар. Алайда, бүгінде неке куәлігін қажетсінбей-ақ "еркін махаббатты" қолдайтын жұбайлардың жаңа жұбы қалыптасты. Бүгінде Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 22 пайызының некесіз туылуы осындай еркіндіктің "жемісі".

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Воржейкин Е.М. Правовые основы брака и семьи.- Москва, 1969 г

  2. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

  3. Антокольская Н.Б. «Семейное право». Москва 2001 г.

  4. Крылов З.Г. Имущественные права супругов в условиях перехода к рыночным отношениям.М,92 С.28

  5. . Нечаева А.М. Семейное право: Курс лекции. Москва, 1998 г.

  6. ҚР 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы.

  7. «Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некені тіркеу туралы» БҰҰ Конвенциясы 10.12.1962 ж.

  8. Азаматтардың тегі мен есімін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өтініштерді қараудың тәртібі туралы ереже. ҚР Үкіметімен бекітілген 26.09.1996 ж.

  9. Қарашаева Ж. «Еліміздегі неке шарты қалай жасалады». //Заң және заман. №7

  10. Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д. «Отбасы құқығы». Практикум.-Алматы, Заң әдебиеті, 2003 ж.

  11. Сергунина В.М. Брачный договор. Алматы, Жеті Жарғы, 1996 ж. 9-10 бет


© 2010-2022