Сабақ тақырыбы: Сұраулы сөйлем, мағынасы, жасалуы, тыныс белгісі

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:8

Пәні:қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Сұраулы сөйлем, мағынасы, жасалуы, тыныс белгісі.

Сабақ мақсаты: а) Сұраулы сөйлем туралы түсінік беру, мағынасы мазмұнына қарай түрін анықтау, жаттығу жұмысын жүргізу.

б) Оқушыларды табиғат байлығын, ата-баба тарихын түсінуге, құрметтеуге, еңбекке, білімге тәрбиелеу.

ә) Сабақ тақырыбын меңгерту, білімін көтеру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, тақта, бор.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Үй тапсырмасын сұрау

1) Үйге берілген жаттығу жұмыстары бойынша талау жұмыстарын тексеру.

Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) Ой қозғау б) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау

Ой қозғау:

-Сұраулы сөйлем дегенді қалай түсінесіңдер?

Түсінгендері бойынша ойларын дәптер бетіне түсірту.

Мағынаны тану:

Адамның бір нәрсе туралы сұрау мағынасында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем деп атаймыз.

Сөйлем, мазмұны, жасалуына қарай негізгі сұрақты жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Сұраулы сөйлем туралы түсінік.

Мысалдар

1

Бір нәрсе, оқиға іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

-Ол мұражайға барды ма? Кездесуге кімдер шақырылды? Ойын қашан басталады?

Жасалуы:1.сұрау есімдіктері

2.сұраулы демеулік шылаулар арқылы.

2

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ деп атаймыз.

-Кездесуде кім тың пікір айтты?

-Келген ғалым айтты.

-Қалғандары ше? Жас: -ша,-ше шылау арқ. Жетек сұр толымсыз сөйлемнен құралады, сұрақ мағыналы сөзден тұрады.

3

ІІ жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ деп атаймыз.

-Бұл кісілер қай жердікі?

-Жетісудікі.

-Жетісудікі?

Иә, сол жердікі.

Жас: сұрау интонациясы арқ жасалады.

Бұйрықты сөйлемнің сызбасы:

___________________________

Пысықтау сұрақтары:

а)Жетек сұрақ және анықтауыш сұрақ қандай жағдайларда қойылады?Әңгімелесуді ары қарай өрбітуге қатысы бар ма?

ә) Айналадағы адамдардың не сабақ үсінде, не үзіліс кезінде сөйлескен сөздерінен негізгі сұрақты, жетек сұрақ пен анықтауыш сұрақты ажыратып көріңдер.

б) сұраулы сөйлемнің қай сұрақта тұрғандығын анықта

-Олсенің інің бе?

-Інім

-екеуің күрессеңдер қайсысың жығасыңдар?

-Ол әлі жас емес пе?

-нешеде?

-Тоғызда ғана

-Өзің нешедесің?

-мен он төртке шығамын.

в) - Мен, ол түгіл Сейілді де жыққам

- Сейіл кім?

- Біздің ауылдың баласы. Менен екі жас үлкен.

- Сен маған атыңды айтпадың ғой

- Сіз өзіңіз сұраған жоқсыз ғой. Атым Сағат.

Үйге тапсырма: І топ 19-жаттығуды б.ш.б.о

ІІ топ 20-жаттығуды б.ш.б.о

ІІІ топ 21-жаттығуды б.ш.б.о

Бағалау:


© 2010-2022