Металдарды шабу және бөлу

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

______________Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары № 5

Күні-айы: 27.11.2015 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы: 1114000 - дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Слесарлық жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Металдарды шабу және бөлу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге металдарды шабу және бөлу жұмыстарын, металл жиектерді дәнекерлеуге дайындауды үйрету.

Дамытушылық: Студенттерге құрал-саймандарды күтіп ұстау, металдарды шабу, бөлу жұмыстары кезіндегі құралдарды дұрыс пайдалану, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Студенттерді ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау) Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Металл дайындамалар, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал-саймандар(шапқы, балға,кернер, металл сызғыш, атауыз т.б.), үлестірмелі материалдар, плакаттар. Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. Металдарды кесу жұмыстары қандай қол және механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі?

2.Металдарды кесу кезінде қандай техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Металдарды шабу деп  дайындамадан металл қабаты бөлінін алынатын немесе дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы аталады. Крейцмейсель немесе шапқының жұмыс кескіш бөліктерінің пішіндеріне сәйкес сынаның әсері, металдарды шабудың физикалық негізі болып табылады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе тиімсіз болған жағдайда қолданылады.Металдарды шабу арқылы дайындаманың бетін тегістеуге, оның бетіндегі қатты қабатты шабуға, бөлшектердің үшкір жиектерін өңдеуге, жырықшалар мен ойықтарды алуға, қалыңтыр металдарды бөліктерге бөлуге және т.б. болады. Металдарды шабу, әдетте, қысқыштардың көмегімен жүргізіледі. Қалыңтыр металдарды бөліктерге шауып бөлуді тегіс металл плиталардың үстінде жүргізуге болады.Металдарды шабу кезінде негізгі кескіш аспаптар ретінде крейцмейсель немесе шапқы, ал соғу аспабы ретінде балға қолданылады.Ұсталық шапқы 6. сурет  бұл аспапты көміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол үш бөліктен тұрады:  - соғатын бөлігі  - ортаңғы бөлігі  - жұмыскесу бөлігі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыскесу бөлігі сына тәрізді. Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. Металдарды шабу деген не, қалай түсінесіздер?

2. Металды шабу,бөлу жұмыстарына қандай құралдарды пайдаланады?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1. Слесарлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздігі

2. Металды өлшеу жұмыстарын жүргізу

3. Металдарды шабу жқмыстарын жүргізу

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

Металдарды шабу, бөлу жұмыстарын қайталап орындау.

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері: _______________ Бердимуратова А.О.

© 2010-2022