Біржан -Сара ашық сабақ, 7 Б

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 30 мектеп-гимназия









Біржан -Сара ашық сабақ, 7 Б

Сабақтың тақырыбы: «Біржан-Сара» операсы

Өткізген: Бұлақбаева А.М.







Астана қаласы

2009 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Біржан-Сара» операсы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға опера жайлы түсінік

бере отырып,қазақтың асыл мұрасына айналған «Біржан-Сара»

операсымен таныстыру . Біржан мен Сара туралы түсінік беру;

ә) тәрбиелілігі: «Біржан-Сара» операсы арқылы оқушылардың

мәдени деңгейін ұлғайту,өнерсүйгіштікке,мәдениеттілікке

тәрбиелеу;

б) дамытушылығы: Оқушылардың ой-сезімін дамытып,сөздік

қорын байыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жеке,топпен,сыныппен

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау,бейнекөрініс,бейнесұрақ,сұрақ-жауап,

«бес жолды өлең» стратегиясы, «блиц-турнир» әдісі, «ой

қозғау» стратегиясы,қиықша әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,сурет,аудио,сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,тарих,қазақ әдебиеті

Пайдаланылған әдебиет: 7-сынып оқулығы,интернет жүйесі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушыларды түгелдеу

-Бүгін кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Жақсы

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

-Үйге не берілді?

-Кім айтады?

-Жазбаша қандай тапсырма берілді?

-Кім жазады?

-Жақсы,енді үй тапсырмасын бекіту мақсатында 2 топпен блиц-сұрақ ойынын ойнаймыз.Әр топ 30 секундта 10 сұраққа жауап беру

1-топтың сұрақтары:

  1. Күй дегеніміз не?

  2. Күйде не туралы айтылады?

  3. Құрманғазы деген кім?

  4. Ол қай жылы,қай облыста дүниеге келген?

  5. Дина Нұрпейісова қай жылы қайтыс болған?

  6. Тәттімбеттің күйлерін ата

  7. Тәттімбеттің әкесінің аты кім?

  8. Дағдылы есімшенің жұрнақтарын ата

  9. Есімше дегеніміз не?

  10. «способность» сөзінің қазақша аудармасын ата

2-топтың сұрақтары:

  1. Күйді шығаратын кімдер?

  2. Құрманғазының әкесінің атын ата

  3. Құрманғазы қай жылы қайтыс болған?

  4. Дина Нұрпейісова қай жылы дүниеге келген?

  5. Динаның күйлерін ата

  6. Тәттімбет қай жылы,қайда дүниеге келген?

  7. Мақсат есімшенің жұрнақтарын ата

  8. -ған,-ген,-қан,-кен қай есімшенің жұрнақтары?

  9. Құрманғазының күйлерін ата

  10. «вручить» сөзінің қазақша аудармасын ата

-Жақсы

ІІІ Жаңа сабақты өту кезеңі

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

«Ой қозғау» стратегиясы

-Балалар,қазақ халқы домбырамен күй тартқан және...

-Дұрыс айтасыңдар,ән айтқан

-Әннің қандай түрлерін білесіңдер?

- Ән-халық әні,эстрадалық ән,джаз,рок,рэп,классика-опера

-Дұрыс айтасыңдар,опера

-Опера қай жерде өтеді?

-Біздің қаламызда қандай тетр бар?

-Дұрыс айтасыңдар

-Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Біржан-Сара» операсы

  1. Мәтінді оқу

  2. Мәтінді түсіндіру

  3. Слайдпен жұмыс жасау «Біржан-Сара» операсынан көрініс,аудио Біржан мен Сараның айтысын тыңдату

  4. Мәтін бойынша сұрақ қою

  5. Сөздікпен жұмыс 5 минут

  6. Диалогпен жұмыс жасау (дайындыққа 5 минут беру)

  7. Тапсырмамен жұмыс жасау

Бейнесұрақ

1.Біржан-Сара операсының авторы кім?

2. «оқыған,білетін» сөзін септеу

3. «Біржан-Сара» операсында не туралы айтылған?

4. «айтпақ,келер» деген сөзді жіктеу

5. «Біржан-Сара» операсының тұңғыш премьерасы қай жылы,қай

қалада болып өтті?

ІҮ Жаңа сабақты бекіту кезеңі

-Менің қолымда «Біржан-Сара» операсына 2 билет бар. Осындағы сұрақтарға жауап беру керек

1-билеттің сұрағы:

Өнер туралы мақалдар айтыңдар

2-билеттің сұрағы:

Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін жатқа айтып беру

Ү Қорытынды

Үйге тапсырма беру кезеңі

-Үйге «Біржан-Сара» операсын мазмұндау,жаңа сөздерді жаттау.4-тапсырманы орындап келу

Бағалау кезеңі

Оқушыларды жинаған қиықшаларына қарап бағалау









© 2010-2022