Антоним создер. Ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

. 5-сыныптар.

Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Антоним сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тауып айта білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлей алу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Өз бетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндіру, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материалдар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы сандар» ойыны арқылы өткенді пысықтау.
1. Омоним дегеніміз не?

2. Данышпан, дана, ғұлама, ойшыл, оқымысты, данагөй, білімдар, оқымысты сөздері қандай сөздерге жатады? Ережесін есіңе түсір.

3. Күйе, күйе, күйе ме?
Күйеге қолым күйе ме? Қайталанған сөздер туралы не айта аласыңдар?

4. Ине сөзінің буындарын атаңдар.

5. Қазақ тілінде қанша буын бар? Атап беріңдер.

ІІІ. Қорытындылап пысықтау.

IV. Жаңа сабақ. 1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.

Озған - мұрат,
Қалған - ұят.
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мысалдар келтіру:
Үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан, ақ-қара, күн-түн.
V. Жаңа сабақты қорыту. Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
VІ. Сабақты бекіту. №1 тапсырма:. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама -қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

Тар
Жас
Қалың
Кіру
Көшу
Жұмсақ
Ұзын

Қону
Қатты
Қысқа
Жұқа
Кәрі
Кең
Шығу



№2 тапсырма: Көшіріп жазып, жауабын және антонимдерді табу.

Жазғы киімі-жасыл
Қысқы киімі ақшыл.
(ағаш)
Күндіз білінбейді
Түнде күлімдейді
(ай)

№3 тапсырма: Сөздердің қарама-қарсы мағынасын тапқызу.
Биік - Адал - Ашық -
Ақ - Қатты - Арзан -
Ұзын - Өтірік - Ыстық -
Жоғары - Жақсы - Батыр -
VIІ. Сабақты қорыту. Қалып қойған сөздерді жазғызу.
1.Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздердің тобын ОМОНИМДЕР деп атаймыз.
2.Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады.
3.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер АНТОНИМДЕР деп аталады.
VIIІ. Үйге тапсырма. 89-жаттығу.
IХ. Бағалау.



© 2010-2022