Әдебиет 7-сынып Ш. Мұртаза Жүз жылдық жара әңгімесінің тәрбиелік мәні

Сабақтың тақырыбы:  Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесінің                                                                                                             тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды ойландыра отырып, ұтымды да мәнді пікір айтуға, жазушы шеберлігін аңғара білуге, әңгіменің танымдық, тәрбиелік мағынасын ашу. Дамытушылық: оқушының ой-өрісін шыңдау, шығармашылыққа баулу, сұрақтарға мағыналы жауап беруге бейімдеу. Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын қалыптастыру,...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет 7-сынып .


Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесінің

тәрбиелік мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ойландыра отырып, ұтымды да мәнді пікір айтуға, жазушы шеберлігін аңғара білуге, әңгіменің танымдық, тәрбиелік мағынасын ашу.

Дамытушылық: оқушының ой-өрісін шыңдау, шығармашылыққа баулу, сұрақтарға мағыналы жауап беруге бейімдеу.

Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын қалыптастыру, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке баулу.

Сабақ түрі: өткен сабақты пысықтау.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, зерттеу.

Сабақтың өтілу формасы: ойбөліс.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, этнопедпгогика, психология, медицина, заң.

Көрнекілік: тақырыпқа сай оқушылардың салған суреттері, Қазақстан картасы, түрлі дәрілік өсімдіктер(гербарий)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

-Оқушылармен сәлемдесу

-Оқушыларды сабаққа даярлау

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Бүгін біз сабақта Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесін пысықтаймыз. Шығарма біз үшін қандай маңызы, тәлім- тәрбиелік тұстары үлгі болатындай, керісінше әсер ететін жақтары бар ма деген сауалдарға жауап іздейміз. Сондықтан сендер осы төңіректе ізденіс жұмыстарын жасайсыңдар.

Сабаққа қатысатын мамандар: тілші, филолог, географ, тарихшы, психолог, этнограф, дәрігер, заңгер.

Бұл маман иелері өздерінің зерттеу жұмыстарын ортаға салып, өз ойларын ортаға салады.

Тілші: Филолог ғалым, әңгіме неге «Жүз жылдық жара» деп аталған?

Филогог жауабы:

Тілші: Географ ғалым, әңгімедегі Мыңарал, Шоқыбас сайы қай жерде орналасқан?

Географ жауабы:

Тілші: Тарихшы ғалым, шығармадағы ауыр кезең туралы не айта аласыз?

Тарихшы ғалымның жауабы:

Тілші: Этнограф ғалым, шығармада халқымыздың салт-дәстүрі сөз етіле ме?

Этнограф жауабы:

Тілші: Сіз дәрігерсіз. Әңгімеде туған жердің түрлі дәрілік шөптері аталады, осы жайында не айтар едіңіз?

Дәрігер жауабы:

Тілші: Заңгер ғалым, әңгімені оқи отырып Жуанқұл тартып жатқан жазаны дұрыс деп ойлайсыз ба? Қазіргі заманда осы Жуанқұл сияқтылар көбейіп кеткен жоқ па? Оларға қандай жаза қолданар едіңіз?

Заңгер жауабы:

ІІІ. Қайталау.

Ойбөлісуге қатысқан ғалымдардың зерттемелері арқылы көптеген деректерді білдік. Сендерге кімнің пікірі көбірек ұнады.

ІҮ. Үйге тапсырма.

«Бейбіт күнде күңіренген ағаштар» ойларын жазу.

Ү. Бағалау.

Оқушылардың бағасын тыңдарман бағалайды.


© 2010-2022