• Преподавателю
  • Другое
  • Поурочный план по казахскому языку на тему: Қоқыс өртесеңіз айып төлейсіз. Ортақ етіс (11 класс)

Поурочный план по казахскому языку на тему: Қоқыс өртесеңіз айып төлейсіз. Ортақ етіс (11 класс)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ М.Ерманова

Сабақ жоспары № 24

Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________

Тобы: ПО-17

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қоқыс өртесеңіз айып төлейсіз.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Ортақ етіс

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Студенттерге етістердің бір түрі - ортақ етіс туралы теориялық білім беру, оның жасалуы, ерекшелігі туралы түсінік беру;

Ә) Дамытушылық: Студенттердің сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қосымшаларды дұрыс жалғау дағдыларын қалыптастыру;

Б) Тәрбиелік: Студенттерді сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау

Оқыту құралдары: Мультимедиялық проектор, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Студенттермен сәлемдесу.

2. Студенттерді түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу

1.Ырықсыз етіс дегеніміз не? Мысал келтір.

2. 80 бет, 1.6-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Студенттерге сабақтың мақсатын айту

Грамматикалық тақырып: Ортақ етіс

Істі істеуші нақты айтылмай, біреу емес, бірнеше адам істегенін көрсететін етісті ортақ етіс дейміз. Мысалы: сөйле-с-ті, аудары-с-ты.

Ортақ етіс түбірге -ыс, -іс, -с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Біз екеуміз сөйле + с + тік (Мы поговорили). Ол терезе жуы + с + ты (Он помог помыть окно). Олар жұмысқа кірі + с+ ті (Они приступили к работе).

1. «Қоқыс өртесеңіз айып төлейсіз» мәтінін оқу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сөздікпен жұмыс.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Жаттығулармен жұмыс.

1.1-жаттығу. Синоним қатарын пайдаланып сөйлем құраңдар.

Зиянды, залалды, зардапты;

Тыйым, тежеу;

Түсім, өнім.

1.2-жаттығу. Мәтінді тыңдап, сөйлемдерді аяқтаңдар.


  1. Оңтүстік астанада ... .

  2. Отындарды пайдаланып ... .

  3. Атмосфералық ауа ... .

  4. Қала экологиясы ... .

1.2-жаттығу.Көп нүктенің орнына ортақ етіс жұрнақтарын қойып жазыңдар.

1.Кешіріңіз, мүмкін болса, мына жүкті көтер ... жіберіңізші. 2. Полицейлер қылмыскерлерді қуып, біраз ат ..., қолға түсірді. 3. Ғафу етіңіз, үйді жина ... жіберсеңіз. 4. Маған кітапханадан біраз құжаттарды ізде ... көмектесуге уақытыңыз бола ма? 5. Мына баяндаманы жаз ... жіберсеңіз. 6. Досы көппен сыйла... , досы азбен сырла... .

ІV. Қорытындылау:

Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.

V.Үйге тапсырма беру:

81 бет, 1.4-жаттығу. Берілген сөздерді етістің түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.

Пән оқытушысы: Б.Мукашева









© 2010-2022