«Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны

Ойынның тақырыбы: «Атақты адамдар»

Ойынның мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін, сөз қорларын пысықтау;

Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету;

Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту, алған білімдерін шығармашылықта қолдана білуге дағдыландыру;

Білгілі атақты адамдардың есімін естеріне сақтап, құрметтей білуге, өнеге алуға дағдыландыру;

Қазақ тіліне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілік: портреттер, жазылған плакаттар, үлестірмелі карточкалар, нақыл сөздер.

Ойын 7 бөлімнен тұрады, әр бөлім басталар алдында ойынның аты жазылған тақтайшамен таныстырылып отырады.

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Атақты адамдар» интеллектуалдық ойыны атты сайысына қатысушыларды шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

(Әділ қазылар алқасымен таныстыру).

І Ойынның бірінші шарты:

  • «кел танысайық!»

Қазір әрбір оқушы өзін таныстырады.

ІІ Ойынның екінші шарты:

  • «Кім тапқыр?»

(1,5 минутта неше сұраққа толық жауап беретіндерін байқау).

ІІІ ойынның үшінші шарты:

  • «Атақты адамдар туралы не білеміз?»

(2 минуттын ішінде толық қорғап шығу керек).

4 ойынның төртінші шарты:

  • «Полиглот»

Белгісіз сөзді табу, үш тілде айту, әр сөз 10 ұпай.

5 ойынның бесінші шарты:

  • «Көкпар»

Берілге «Қазақстан», «қарлығаш» сөздерінен бірнеше сөз жазу. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

6 ойынның алтыншы шарты:

  • «Дастан» (Орыс тілінен, қазақ тіліне, ағылшын тілі аударып, қысқаша әңгімелеу).

7 Ойынның жетінші шарты:

  • «Тізбек» ойыны. (Сөз қай әріпке аяқталса, келесі сол сөз әріптен басталуы керек). Мысалы: Ахмет-Талғат-Тоқтар-Райымбек-Қуаныш-Шәкәрім-мухтар-роза-Алия-Илияс-Сакен

Ойынды бекіту:

Әділқазылар алқасы оқушылардың жауабын бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

Жүргізуші:

  • Осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!





© 2010-2022