Абай шығармалары тақырыбындағы ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Абай шығармаларының мәні.Сабақтың мақсаты:*Оқушылардың Абай туралы ,оның шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау,толықтыру.*Ұлы ақын өлеңдеріне талдау жасау,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.*Өз ойларын жеткізіп айта білуге жетелеу,шығармашылыққа баулу.*Әдемілікті,сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу(эстетикалық тәрбие) және патриоттыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі:бейнеролик,тестік кеспелер,өлең жолдары жазылған таблицалар. Сабақ түрі:интербелсенді оқыту.Өту әдісі:мәнерлеп оқу,эссе...
Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі:Сейсембаева Г.О

Пәні:қазақ әдебиеті сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы:Абай шығармаларының мәні.

Сабақтың мақсаты:*Оқушылардың Абай туралы ,оның шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау,толықтыру.*Ұлы ақын өлеңдеріне талдау жасау,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.*Өз ойларын жеткізіп айта білуге жетелеу,шығармашылыққа баулу.*Әдемілікті,сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу(эстетикалық тәрбие) және патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі:бейнеролик,тестік кеспелер,өлең жолдары жазылған таблицалар.

Сабақ түрі:интербелсенді оқыту.

Өту әдісі:мәнерлеп оқу,эссе жазу,топтық тапсырма.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

2.Күту ағашына сабақтан не күтетіндігін ілу(стикер)

3.Топқа бөлу(сыныптағы оқушылардың туылған күндерін жыл мезгілдеріне қарай топтастыру) ҚЫС,КӨКТЕМ,ЖАЗ,КҮЗ.

4.Тапсырма:а)өз топтарының атауына орай мезгілдердің ерекшелігі (2-3 мин. Эссе)

ә)әр топ өз мезгілдеріне қарай ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқиды.(4 мин)

б)өлең жолдарын талдау.(3мин)

5.Буриме тәсілі.Өлең құрастыру.(2 мин)

... ... ... ән оятар,

... ... ... мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң ... ... ,

Жас балаша ... ... ... .

Әр топтан өз еріктерімен оқыту.Одан кейін Ақын өлеңінің түпнұсқасын оқу.

6.Ақын мұнда қазақ әнінің көркемдік қасиетін, адам сезіміне әсер етер күшін суреттей білген.Ендігі кезекте ұлы ақынның бір әнін орындап сергіп алайық. «Желсіз түнде жарық ай»

7.Үй тапсырмасы.1.Аудармалары.2.Мысалдары.3.Поэмалары.(9 мин)

8. «Жасаулы деп ,малды деп,байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба,

Ақылы бар, ары бар,ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма »

Ақын өлең жолдарына үңіле отырып,қазіргі өмірмен байланыстырып,эссе жазыңдар.

9. Тестік тапсырмалар.Әр топқа таратылып беріледі.(Топтық тапсырма -4мин)

1.«Абай-қазақтың бас ақыны» деп баға берген қаламгер.

А)М.Жұмабаев

Б)М.Әуезов

В)А.Байтұрсынов

2. «Евгений Онегинді» кімнен аударды?

А)И.Крылов

Б)А.Пушкин

В)М.Лермонтов

3.Крыловтан аудармаларын көрсет.

А) «Емен мен шілік», «Есек пен бұлбұл», «Түлкі мен қарға»

Б) «Теректің сыйы», «Ағаш ат», «Татьянаның хаты»

В) «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып»

4. Ғашықтық өлең-жырлары.

А) «Қызарып ,сұрланып», «Көзімнің қарасы»

Б) «Бойы бұлғаң», «Болыс болдым ,мінеки»

В) «Жазғытұрым», «Қансонарда», «Өлең-сөздің патшасы»

5. Поэмалары.

А) «Әншілер», «Айттым сәлем,қалам қас», «Е.Онегин»

Б) «Жігіттер,ойын арзан», «Қалың елім,қазағым»

В) «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»

6. Аяқталмай қалған поэмасы.

А) «Ескендір»

Б) «Масғұт»

В) «Әзімнің әңгімесі»

7.Шәкәрімнің Абайға қатысы.

А) Немере інісі

Б) Баласы

В)Қатысы жоқ

9. «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ,ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!»-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,

Абай-туған халқының,қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан ақын.

Біз де ұлы ақынның өлеңдерін оқып сусындадық,жаттап,көңілімізге тоқыдық.

10.Сонымен,сабағымызды Топтастыру схемасымен қорытындылайық.Біз ұлы

ақынды кім деп таныдық?

-- ақын

--сазгер

--жазушы

АБАЙ --ойшыл

--лирик

--аудармашы

--сыншы

--физик

--әке

--ел қамқоршысы

--ұстаз

11.Біз сабақ басталғандағы Күту ағашына қайта ораламыз.Әр оқушы өз жемісін қайта теріп алуына болады.Өздерің жазған сауалдарыңа жауапты өздерің беріңдер.Әр оқушы өз ойын ортаға салады.

12.Барлық оқушы бағаланады.Тапсырмаларды толық орындаған оқушыларға «БЕСТІК» бағасы,қалған оқушыларға «ТӨРТТІК» қойылады.

13.Үйге тапсырма: Ұлы ақын Абайдың әндерін жаттап,әнімен орындай білу.

Оқушым Маржанның эссесінен үзінді. «Қазіргі кезде кейбір қыздарға қайран қаламын,өйткені өзінің жас шамасына қарамай әкесіндей адамға тұрмысқа шығып жатады.Сонда оларға қалтасы тоқ болса болды ма?Сезім, ұнату деген, сонда, қайда қалады?Ал жігіттер болса,беті жылтыраған қыздарға ғашық болады,сол жылтыраған беттің астында не барын кім білсін?!.»



© 2010-2022