Сөз таптары ( қайталау сабағы) 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы)

Мақсаты: а) Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңкйту.Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоя білуге үйрету,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.

б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.

Сабақтың типі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр-малар, жұмбақтар шешкізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Қазақ тілі- Атаң,анаң

Қуат алар Отан содан

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

Дұшпаның да бас иетін

Тілің ұлттық қасиетің.

Тартқан талай ұлыстар бар

Тілсіздіктің қасіретін, -деп ақын Ө. Ақыпбеков жырлаған екен.

-Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір-қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр-сырын танытар, қазір қазақ тілі сабағы.

Сыныпты 3 қатар бойынша топқа бөлу.

І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас.

ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің-арты игі.

ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,

Сенен де білгіш табылар.

ІІ. Негізгі бөлім

І кезең «Ой қозғау»

1-тапсырма. Кім жылдам?

Жауап берген топ 1 ұпайға ие болады.

Жұмбақ.

Білесіңдер кім? не? сұрағын

Сөйлемдегі ой иесі боламын.

Не істеді? сұрағымен толамын.

Жауабы: Зат есім.

2-ші тапсырма

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Зат есім сұрақтарын толық-тырып жауап бер және мысал келтір

Зат есімдерді қатыстырып сындық ұғымын білдіретін сөз ойлау.

Ол қай сөз табы?

Зат есімдерді не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерімен байланыстыр.

Ол қай сөз табы?

Кімдер? Кімнің?

Нелер? Ненің?

Кімге?

Неге?

Кімім? Кімді?

Нем? Нені?

Кімде?

Неде?

Білімді оқушылар.

Ұзын сызғыш.

Гүлжан оқыды

Оқушы оқыды

Мен ән айттым

3- тапсырма: «Ойлан, тап»

А) Берілген жұмбақты шеш. Жұмбақтың шешуін табу, мағынасын аша отырып дәлелдеу

Ә) Әр түрлі тапсырма.

Б) Дәптермен жұмыс

Мен шегінсем, шегініп

Мен керілсем, керіліп

Кетпей қойды жыраққа,

Сөйлемейді бірақта.

Ол не?

Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.

2) Шешуін сөз құрамына талда.

Қиналмай, тауларды, орманды

Теңізді, дария топтарды,

Ауылды, қаланы, халықты

Ойлап тап көтерген алыпты.

Ол не?

1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.

Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап.

Көктемде көгереді,

Жазда жайқалады.

Күзде сарғаяды,

Қыста тамырлайды.

«Өсімдік» сөзін 3-ші жақта тәуелдеп,септе

4-тапсырма «Мақал- сөздің мәйегі»

- Сан есім кездесетін 3 мақал айт

5-тапсырма « Ұйқасын тап»- өлең құрастыру.

Дәптермен жұмыс.

Берілген тақтадағы сұрақтар бойынша сөйлем құрап, қай сөз табынан екенін ажыратқызу

Кім? Қандай? Нені? Не істеді?

Айгүл қызық кітапты оқып бітірді.

Қарсыластарыңа сұрақтар бер.

6-тапсырма «Ой толғау»

Сұрақ- жауап тәсілі

Қорытынды.

Тест жұмысы Оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма









© 2010-2022