Материал для государственного экзамена по казахскому языку для 9 класса

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Материал для государственного экзамена по казахскому языку для 9 класса

1 билет

ҚР мемлекеттік елтаңбасы

  • Сәлеметсің бе, Аружан! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

  • Әрине, білемін. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданған.

  • Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін атап берші?

  • Мемлекеттік рәміздер: Ту, Әнұран, Елтаңба.

  • Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?

  • Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

  • Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген?

  • Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар.

  • Шаңырақ ненің белгісі?

  • Шаңырақ - отбасы, бірлік мағынасын білдіреді.

  • Елтаңбаның түсі қандай?

  • Елтаңбаның түсі: алтын және көгілдір

3 сұрақ

Септік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.

Ол Доспамбет, Жиренше сияқты ақындардың өлеңдерін жазып алды. Қазақ шешендік өнерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар.

2 БИЛЕТ

«Менің бос уақытым» тақырыбына диалог

  1. «Біздің мектеп» тақырыбына әңгімелеңіз.

  2. Жіктік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.

  • Сәлеметсің бе, Тойжан!

  • Сәлем, Әлфия!

  • Тойжан, сен бүгін сабақтан кейін не істейсің?

  • Мен бүгін математикадан қосымша сабаққа барамын, ал сен ше?

  • Мен де қосымша сабаққа барамын, содан кейін үй шаруасында анама көмектесемін.

  • Сен бос уақытыңда не істейсің?

  • Мен бос уақытымда агентте отырып, достарыммен әңгімелесемін. Ал сен не істейсің?

  • Мен достарыммен саябаққа барамын.

Біздің мектеп Булаев қаласының Буденный көшесінде орналасқан. Мектеп үш қабатты, алдында әдемі гүлдер өсіп тұр. Мектеп директоры Барсуков А.М. Бірінші қабатта бастауыш сыныптары, асхана, шеберхана, спорт залы, география кабинеті бар. Екінші қабатта акт залы, директор бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі, кітапхана, физика, информатика, математика кабинеттері, шағын орталық бар.

Үшінші қабатта тарих, қазақ тілі орыс тілі, химия, ағылшын тілі, информатика, математика кабинеттері бар.

3 билет 1 тапсырма

  • Қазақ хандығында ең жоғары билеуші кім болды?

  • Қазақ хандығында ең жоғары билеуші хан болды.

  • Ханның қандай құқықтары болды?

  • Ханның қолбасшылық, сот билігі, соғыс ашу немесе бітім жасау құқығы болды.

  • Қазақтың қандай хандарын білесің?

  • Мен Абылай хан туралы кітапханада оқыдым.

  • Ханнан кейін билік кімдерде болды?

  • Ханнан кейін билік билерде болды.

  • Қазақтың билерін айтшы?

  • Қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

  • Қазақ тарихында батырлардың орны ерекше, қандай батырларды білесің?

  • Баян батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр....

2 тапсырма 43 бет Артықова

4 - билет

  1. Қазақ тілі туралы диалог құрастырыңыз..

  2. Араб жазуындағы тұңғыш кітаптар туралы әңгімелеңіз.

  3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы айтып беріңіз. Сөйлемді талдаңыз.

  • Сенің ана тілің қандай тіл?

  • Менің ана тілім ... тілі.

  • Сен қазақ тілін білесің бе?

  • Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін.

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

  • Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қашан алды?

  • Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы жылы алды.

  • Қазақ тілі қандай?

  • Қазақ тілі өте бай, көркем тіл.

2.

Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі - «Құтадғу білік». Бұл кітапты 1069 жылы ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн жазды, сол кезде Қашқария мен Жетісуды билеген Бограханға сыйлаған. Бұдан кейінгі кітап - «Диуани лұғат-ат-түрік» 1072-1074 жылдары араб алфавитімен жазылған. Оның авторы - ұлы ақын Махмұт Қашқари. Осыдан бастап Орта Азияның ұлы ғалымдары мен ақындары, тарихшылары араб жазуын орта ғасырға дейін пайдаланған. Ал араб алфавиті Қазақстанда ХХ ғасырға дейін 900 жыл пайдаланған.

3 сұрақ

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш, баяндауыш.

Бастауыш кім? Не? Кімдер?, нелер? Сұрақтарына жауап береді. Баяндауыш не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап береді.

5 - билет

  1. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар туралы диалог құрастырыңыз.

  2. В.В. Радлов туралы әңгімелеңіз

  3. Жатыс септіктегі сөздерді көрсетіңіз

  • Қазақ тілін зерттеген ғалымдарды білесің бе?

  • Білемін. Олар: Василий Васильевич Радлов,Василий Владимирович Бартольд, Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев, Ғұбайдолла Айдаров.

  • Радлов қандай тілдерді зерттеген?

  • Радлов қазақ, қыпшақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ тілдерін зерттеген.

  • В.В. Бартольд қандай еңбек жазған?

  • Оның еңбегі «Жетісу тарихының шежіресі»

  • Н.Т. Сауранбаев кім болған?

  • Н.Т. Сауранбаев - қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

  • Ғұбайдолла Айдаровтың ғылыми еңбеқтері қанша?

  • Оның 250-ден астам еңбектері бар.

2. Артықова 14 бет 2 тапсырма

6 - билет

1. ҚР Мемлекеттік Туы туралы диалог құрастырыңыз.

2. ҚР білім беру жүйесі туралы әңгімелеңіз.

3. Шығыс септіктегі сөздерді көрсетіңіз.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қашан бекітілген?

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілген.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында не бейнеленген?

- Мемлекеттік Туда алтын күн, қыран, қазақ халқының ұлттық өрнегі бар.

- Тудың түсі қандай?

- Тудың түсі алтын және көгілдір.

- Алтын түс нені білдіреді?

- Алтын түс - байлықтын нышаны.

- Көгілдір түс нені бейнелейді?

- Көгілдір түс - ашық аспан, тазалықтың белгісі.

- Күн нені білдіреді?

- Алтын күн байлық пен бейбітшіліктің рәмізі.

- Мемлекеттік Тудың авторы кім?

- Мемлекеттік Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков

Қазақстанның білім беру жүйесі балабақша, мектеп, кәсіби техникалық училище, арнаулы орта және жоғары білім орындарынан тұрады. Жалпы білім беретін мектеп үш сатыдан тұрады. Бастауыш сыныптар (1-4 ), толық емес орта мектеп (5-9) сыныптар және орта (10-11) сыныптар. Республикада 7640 оқу орны бар, онда 200 мың оқушы оқиды. 100 шақты жоғары оқу орындары тіркелген.

7 - билет

1. «Ана тілі» тақырыбына диалог құрастырыңыз

2. Казақстан Республикасы туралы әңгімелеңіз.

3. Көп нүктенің орнына керекті жалғау жалғаңыз.

- Ана тілі дегеніміз не?

- Ана тілі ата-ананың, ата-бабаның тілі.

- Ана тілін адамдар кімнен үйренеді?

- Ана тілін адамдар әке-шешесінен үйренеді.

- Сенің ана тілің қандай?

- Менің ана тілім орыс тілі.

Сен өз ана тіліңді жақсы білесің бе?

  • Әрине, жақсы білемін.

  • - Қазақ тілі қандай тіл?

  • Қазақ тілі өте бай, көркем тіл.

  • Қазақ тілі неге бай?

  • Қазақ тілі мақал-мәтелдерге, ертегілерге, аңыздарға бай.

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай тіл?

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Қазақстан - көпұлтты, егеменді ел. Мемлекеттің халық саны 17 млн. Қазақстанның тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланған. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған. Қазақстанның өз мемлекеттік рәміздері бар. Қазақстан - құқықты, егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Астана әлемдегі ең жаңа, көркем, сұлу қала. Қазақстан табиғаты алуан түрлі және керемет.

8 - билет

1. Сұлтандар туралы диалог құрастырыңыз.

2. Төле би туралы әңгімелеңіз.

3. Жай сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

1. Артықова 2009 жыл 38 бет

2. Төле би

Төле би 1663 жылы Жамбыл облысында туып, 1756 жылы Леңгер ауданында Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан ел билігіне араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиетті жан, сұлтандардан да жоғары болған.

3 сұрақ

Жай сөйлемнің түрлері. Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

Жақты(личное), жақсыз(безличное), толымды(полное), толымсыз(неполное), жалаң(нераспространенное), жайылма(распространенное), атаулы(назывное) болады.

Мен кітапханаға барамын. Кітапханаға бару керек. Катя кітапханаға барды. Кеше Катя кітапханаға достарымен барды. Кеш. Таңғы мезгіл.

9 - билет

  1. Қазақ билері туралы диалог құрастырыңыз.

  2. «Мамандықтар» тақырыбына әңгімелеңіз.

  3. Бастауыш туралы айтып беріңіз. Сөйлемдегі бастауышқа сұрақ қойыңыз.

  • Қазақ халқының билерін білесің бе?

  • Әрине білемін. Олар: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

  • Билердің қазақ тарихында қалдырған маңызды істері қандай?

  • Олар Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған үш жүздің билері.

  • Ұлы жүздің биі кім болған?

  • Ұлы жүздің төбе биі - Төле би

  • Орта жүздің биі кім болды?

  • Орта жүзді Қазыбек би басқарған.

  • Кіші жүздің биі кім?

  • Кіші жүздің биі - Әйтеке би болған.

2 сұрақ

Әлемде мамандықтар өте көп. Мамандықтардың түрлері де көп, олар: «адам - адам», «адам - техника», «адам - өнер» тағы басқалар. Маған дәрігер мамандығы ұнайды. Дәрігер адамдарға көмектеседі, олардың денсаулығын тексеріп емдейді. Дәрігердің еңбегі өте ауыр болса да, мен өзім дәрігер болғым келеді. Дәрігер болу үшін көп оқу керек, сонда ғана жақсы мамандық иесі боламын.

3 сұрақ

Бастауыш кім? Не? Кімдер?, нелер? Сұрақтарына жауап береді. Сөйлемде іс-әрекеттің иесін білдіреді. Бастауыш зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік сөз табымен беріледі.

10 - билет

1. Көне қалалар туралы диалог құрастырыңыз.

2. Түркістан қаласы туралы әңгімелеңіз.

3. Анықтауыш дегеніміз не? Анықтауышты көрсетіңіз, сұрақ қойыңыз.

- Қазақ жерінде ежелгі нелер көп?

- Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп.

-Олар қалай пайда болған?

- Шағын елді-мекенде халық саны көбейіп, қалаларға айналған.

- Қазақстанда ең алғашқы қалалар қашан пайда болды?

- Ең алғашқы қалалар екі жарым мың жылдай бұрын пайда болған.

- Қазақстанда ежелгі қалалар бар ма?

- Осы күнде сақталған көне қалалар: Тараз және Түркістан.

2 сұрақ

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі - Түркістан қаласы. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Бұл қаланың орнында ІҮ-Х ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған.

ІХ-Х ғасырларда гүлденіп, Йаса (Йасы) деп аталады. ХҮ - ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йассауи кесенесі бар.

3 сұрақ

Анықтауыш (определение) Қандай?, қай?, кімнің?, ненің? сұрақтарына жауап береді. Анықтауыш сөйлемде анықталатын сөйлем мүшесінің алдында тұрады. Анықтауыш сын есім, зат есім және де басқа сөз табынан болуы мүмкін.

11 - билет

1. «Біздің қала» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

2. Қазақ отбасы туралы әңгімелеңіз.

3. Толықтауыш дегеніміз не? Толықтауышты көрсетіңіз, сұрақ қойыңыз.

- Сен қай қалада тұрасың?

- Мен Булаев қаласында тұрамын.

- Булаев қаласында не бар?

- Біздің қалада мектептер, саябақтар, ескерткіштер, Мәдениет үйі бар.

- Сен қай мектепте оқисың?

- Мен №2 (екінші) Булаев орта мектебінде оқимын.

- Сенің мектебің қай көшеде орналасқан?

- Менің мектебім Буденный көшесінде орналасқан.

- Сенің қалаңда ескеткіштер кімдерге орнатылған?

- Мағжан Жұмабаев - ақын, жерлесіміз, Баян батыр - қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған жерлес батырымыз, Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне ескерткіш бар.

Қазақ отбасы

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

Толықтауыш - қимылмен заттық ұғымда байланысады. Сұрақтары: кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? неден? Кіммен? Немен? Не туралы? Не жайында?

Тура толықтауыш Табыс септіктен тұрады, жанама толықтауыштар басқа септіктерден тұрады. - - - - - - -

12 - билет

1. Ұлттық тағамдар туралы диалог құрастырыңыз.

2. «Өзім туралы» тақырыбына әңгімелеңіз.

3. Баяндауыш туралы айтып беріңіз.

- Қазақ халқы дастарқанды қалай бағалайды?

- Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді.

- Қазақ ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?

- Ет, сүт, нан тағамдары.

- Сүт тағамдарына не жатады?

- Ірімшік, сүт, құрт, қаймақ, айран, май, қымыз, шұбат.

- Нан тағамдарына не жатады?

- Бауырсақ, шелпек.

- Ет тағамдарына не жатады?

- Қазақша ет, қуырдақ, жал, жая, қарта.

Менің аты-жөнім ... Мен 1997 (бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші) жылы тудым. Туған жерім - Булаев қаласы. Мен 15 (он бес) жастамын, қазір ... көшесінде, ... үйде, ... пәтерде тұрамын. Мен №2 Булаево орта мектебінде, 9 «Б» сыныбында оқимын. Бос уақытымда теледидар көремін, кітап оқимын, музыка тыңдаймын, компьютерде ойнаймын.

Баяндауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, не істейді?, не істеді?, қайтті? Сұрақтарына жауап береді. Сөйлемде баяндауыш зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік сөз таптарымен беріледі.

13 - билет

1. Қазақ сазгерлері туралы диалог құрастырыңыз.

2. Дина Нұрпейісова туралы әңгімелеңіз.

3. Пысықтауыш дегеніміз не? Пысықтауышты көрсетіңіз, сұрақ қойыңыз.

1 сұрақ 81 бет

2 сұрақ 82 бет Артықова 2009 ж

3 сұрақ

Пысықтауыш - қимылдың мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін, сын-сипатын білдіреді. -.-.-.

Сұрақтары: қайда, қашан, қалай, қайтіп, қалай қарай, не себепті, неліктен, не үшін?

14 - билет

1. Астана қаласы туралы диалог құрастырыңыз.

2. «Алтын адам» тақырыбына әңгімелеңіз.

3. Құрмалас сөйлем және оның түрлері. Сөйлемді талдаңыз.

- Қазақстанның астанасы қай қала?

- Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы.

- Астана қандай қала?

- Астана Қазақстан Республикасының әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы.

- Астана қаласының күні қашан тойланады?

- Астана қаласының күні 6 шілде күні тойланады.

- Астана қаласы әлемге неліктен танымал болды?

- Астана әлемдегі ең жаңа, қазіргі заман талаптарына сай қала.

- Астанада қандай сәулет туындылары бар?

- Астанада «Бәйтерек» монументі, «Транспорт-тауэр», «Хан шатыр» сарайы, «Думан» ойын-сауық кешені тағы басқа зәулім ғимараттар бар.

«Алтын адам»

Қазақ даласын зерттеуші ғалым Кемел Ақышев Алматы қаласының маңында Есік обасынан 5-4 ғасырларда өмір сүрген Сақ жауынгерін тапқан. Оны ғалымдар «Алтын адам» деп атап кеткен себебі, жауынгердің киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты әшекеймен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Осы ескерткіш ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы.

Құрмалас сөйлем - екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас

Аралас

Сабақтас құрмалас

15 - билет

1. Қазақстан өнері туралы диалог құрастырыңыз.

2. Ә. Қастеев туралы әңгімелеңіз.

3. Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Сөйлемді талдаңыз.

- Қазақстан өнері туралы не білесің?

-Қазақстанда өнердің бар түрлері дамыған. Мысалы сурет өнері.

- Қазақстанның қандай суретшілерін білесің?

- Қазақстан суретшілері: Әбілхан Қастеев, Николай Хлудов, Евгений Сидоркин.

- Әбілхан Қастеевтің ұстазы кім болған?

- Әбілхан Қастеевтің ұстазы - Николай Хлудов болған.

- Қастеевтің қандай суреттерін көрдің?

- Мен Әбілхан Қастеевтің «Амангелді сарбаздары», «Түрксіб», «Жас Абай», «Менің Отаным»

Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның Халық суретшісі, Қазақстан Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы. Н. Г. Хлудов пен Бродскийден сабақ алды. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын суреттейді.

Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. (күрделі, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем)

16 - билет

1. «Менің отбасым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

2. «Шоқан Уәлиханов - суретші тақырыбына» әңгімелеңіз.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Сөйлемді талдаңыз

- Сенің отбасыңда қанша адам бар?

- Менің отбасымда ... адам бар, олар әкем, анам, сіңлім, қарындасым, ағам, інім, әпкем, әжем, атам.

- Сенің анаң қайда жұмыс істейді?

- Менің анам ... жұмыс істейді.

- Сенің әкең қайда жұмыс істейді?

- Менің әкем ... жұмыс істейді.

- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

- Менің отбасымда үлкендерді құрметтеу, мерекелерді тойлау, туған күнді атап өту дәстүрлері бар.

Шоқан Уәлиханов 1835 (бір мың сегіз жүз отыз бесінші) жылы Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Ол Омбы қаласының кадет корпусын үздік оқып бітірген. Шоқан - тарихшы, саяхатшы, этнограф, ғалым, суретші, географ болған. Шоқан Орыс География қоғамының мүшесі болды. Шоқан Уәлихановтың картасы ғылыми жаңалық болды. Оның еңбектері шығыстану ғылымына қосқан үлесі мол.

90 бет Артыкова

17 - билет

1. Тұңғыш ғалымдар туралы диалог құрастырыңыз.

2. Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеңіз.

3. Септік жалғауларын көрсетіңіз.


  • Сен қазақтың тұңғыш ғалымдарды білесің бе?

  • Иә, мен қазақтың тұңғыш ғалымдарын білемін.

  • Олар кімдер?

  • Олар: Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин.

  • Ахмет Байтұрсынов кім болған?

  • Ахмет Байтұрсынов - белгілі тілшіғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды аудармашы болған.

  • Шоқан Уәлиханов кім болған?

  • Шоқан Уәлиханов ұлы ғалым, саяхатшы, зерттеуші, суретші.

  • Алтынсарин кім болған?

  • Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, педагог, жазушы, дарынды ақын, этнограф, зерттеуші, қоғам қайраткері болды.

Ыбырай Алтынсарин - ағартушы педагог, жазушы, этнограф, зерттеуші, фольклорист қоғам қайраткері. 1850 жылы Орынбор қаласындағы жетіжылдық мектепке оқуға кірген. 1857-1859 жылдары атасы Балғожа бидің хатшысы болған. 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан, мұғалімдер мектебін ашқан.

18 - билет

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы диалог құрастырыңыз.

2. «Қазақ дастарқаны» тақырыбына әңгімелеңіз.

3. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз, синтаксистік талдау жасаңыз

- Сен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесің бе?

- Әрине, білемін.

- Қандай салт- дәстүрлерін білесің?

- Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар т.б.

- Шілдехана қандай дәстүр?

- Шілдехана - жаңа туған баланың құрметіне жасалатын той.

- Бесікке салу деген не?

- Бесікке - баланы бесікке салғанда өткізетін той.

- Қырқынан шығару қашан өткізіледі?

- Қырқынан шығару- нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң өткізіледі.

- Тұсау кесу қандай дәстүр?

- Тұсау кесу - сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кеисін деп, ауылдағы үлкен, құрметті адамға тұсауын кестіреді.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары көп. Қазақ халқы дастарқанды жоғары бағалайды.Қазақ халқының негізгі үш түрі бар: сүт тағамдары, нан тағамдары, ет тағамдары. Сүт тағамдары: сүт, ірімшік, құрт, май, қымыз, шұбат, қаймақ. Нан тағамдары: бауырсақ, шелпек, таба нан т.б. Ет тағамдары: қазақша ет, жал, жая, қарта, қазы. Бауырсақ - басты тағамдардың бірі. Қазақ халқында ұлттық тағамдар туралы мақалдар көп. Мысалы: «Ет - етке, сорпа - бетке»

Тұрмысында, қолөнер, орын, қазақ, халқының, ерекше.

19 - билет

1. «Қазақстан табиғаты»тақырыбына диалог құрастырыңыз.

2. Барсакелмес қорығы туралы әңгімелеңіз.

3. Мақалды толықтырыңыз.

- Қазақстанның табиғаты қандай?

- Қазақстан табиғаты әр түрлі. Мұнда таулар, өзен-көлдер, кең жазықтар да бар.

- Қазақстанның жерінде қандай таулар бар?

- Қазақстан жерінде Алатау, Тарбағатай, Тянь-Шань таулары бар.

- Қазақстанда қанша өзен бар?

- Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен бар. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Іле.

- Қазақстанда көлдер бар ма?

- Қазақстан көлге бай. Ірі көлдер: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл. Каспий және Арал теңіздері бар.

- Жануарлар мен өсімдіктер әлемі ше?

- Жануарлар мен өсімдіктердің әлемі әр алуан.

- Туған жеріңнің табиғаты қандай?

- Туған жерімнің табиғаты сондай әдемі, тамаша!

Барсакелмес қорығы Арал теңізінде Барсакелмес аралында орналасқан. Барсакелмес - мемлекеттік қорық. Ол 1939 (бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы) жылы ұйымдастырылған. Аумағы 20 мың гектар. Қорықтың мақсаты: сирек кездесетін жануарларды сақтау. Арал теңізінің суы тартылуына байланысты өсімдіктер әлемі жойылып барады. Арал теңізінің экологиясы нашар.

Туған жердей ... болмас,

Туған елдей ... болмас.

20 - билет

1. Жыл мезгілдері туралы диалог құрастырыңыз.

2. Кино туралы әңгімелеңіз.

3. Сызба бойынша сөйлем құрастырып.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір жылда төрт мезгіл бар: көктем, жаз, күз, қыс.

- Көктемде табиғат қалай өзгереді?

- Көктемде күн ұзарады, құстар ұшып келеді, күн жылынады, көк шөп шығады.

- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Жазда күн ыстық болады.

- Қыста табиғат қалай өзгереді?

- Қыста күн суық, аяз болады. Қар жауады, қатты боран соғады.

- Күзде табиғат қалай өзгереді?

- Күзде адамдар қысқа дайындалады. Күн қысқарады, құстар ұшып кетеді, жиі жаңбыр жауады.

Кино өнері - көп өнердің бір түрі. Ол төрт салаға бөлінеді. Көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильм және ғылыми-көпшілік кинематографиясы. Фильм жасау, оны көпшілік қауымға көрсету ісі озық техниканы, көп қаржыны талап етеді. Кино өнерінің мамандары: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор.

Сызба бойынша сөйлем құрастырып, талдаңыз.

( -са, -се...), [ ].

21 - билет

1. Кино өнері туралы диалог құрастырыңыз.

2. «Театр» тақырыбына әңгімелеңіз.

3. Өнер туралы бірнеше мақал айтып беріңіз

126 бет диалог

  • Кино өнері неше салаға бөлінеді?

  • Кино өнері төрт салаға бөлінеді.

  • Олар қандай салалар?

  • Көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильм және ғылыми-көпшілік кинематографиясы.

  • Фильм нені талап етеді?

  • Фильм жасау көп қаржыны, озық техниканы талап етеді

Театр - актерлер күшімен драмалық шығарманы бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Театр - халықты саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілікке баулудың құралы. 1926 жылы алғаш Қазақ театры ашылып, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» драмасы қойылды.

Өнер алды - қызыл тіл.

Жігітке жеті өнер де аз.

22 - билет

1. «Қонақта» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

2. Қара шаңырақ туралы әңгімелеңіз.

3. Құрмалас сөйлем құраңыз.

- Сен қонаққа баруды жақсы көресің бе?

- Иә, мен қонаққа баруды жақсы көремін.

- Сен қайда қонаққа бардың?

- Мен досыма қонаққа бардым.

- Қонаққа не себеппен бардың?

- Досымның туған күні болды.

- Сен досыңа сыйлық апардың ба?

- Мен оған қызық кітап сыйладым.

- Қонаққа барғанда сендерге қандай тамақ берді?

- Қазақтың ұлттық тағамдарын берді.

- Уақытты қалай өткіздіңдер?

- Уақытты көңілді өткіздік.

Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қазақ отбасында шаңырақ кенже ұлына беріледі. Ол әке-шешесімен тұрады. Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын айтып отырған.

25 бет

23 - билет

1. Спорт туралы диалог құрастырыңыз.

2. «Менің досым» тақырыбына әңгімелеңіз.

3. Сызбаны толықтырыңыз.

- Сен спортпен айналысасың ба?

- Иә, мен спортпен айналысамын.

- Спорттың қай түрімен айналысасың?

- Мен теннис, шаңғы спортымен айналысамын.

- Сен спортпен қай уақытта айналысасың?

- Мен спортпен бос уақытымда айналысамын.

- Мектепте қандай спорт үйірмелері жұмыс істейді?

- Мектепте шаңғы, теннис, баскетбол, волейбол секциялары бар.Менің досым Тампеев Азамат, 9 «Б» сынып оқушысы. Мен Азаматпен 1 сыныптан бастап оқимын. Азаматтың оқу үлгерімі орташа. Ол орта бойлы, қара торы, әдеміше келген жігіт. Азаматтың мінезі өте жақсы, үнемі көңілі көтеріңкі болып жүреді. Менің досым компьютерде ойнауды, табиғатта серуендеуді, би билеуді ұнатады.

Сызбаны толықтырыңыз.

Шылау сөздер

Демеулік (ғана, тек, -мыс) Септеулік туралы, дейін, бірге

Жалғаулық (мен, және, себебі, өйткені)

24 - билет

1. «Мұражайда» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

2. Домбыра туралы әңгімелеңіз.

3. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе! Мен Алматыға бірінші рет келдім. Алматыда қандай мұражайлар бар?

- Ең үлкен мұражай - Орталық мұражай. Ол 1931 жылы ашылды. Онда 300 мың ескерткіш, жәдігер сақталған.

- Ол қай жерде орналасқан?

- «Самал» ықшамаданда орналасқан.

- Мұражайға қандай автобуспен баруға болады?

- Осы жерден №2 автобуспен баруға болады.

Домбыра қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Ол қазақтың ғасырлар бойғы жан серігі. Домбыра ежелгі халық аспаптарының біріне жатады. Домбыра мына бөлшектерден тұрады: құлақтары, мойыны, пернелер, ішектер, тиектер, тегеріш. Қазақ халқының күйші -сазгерлері өз күйлерін домбыра тартып ән салған. Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Құрманғазы шебер домбырашылар болған.

Өнерлі

25 - билет

1. Радио мен теледидар туралы диалог құрастырыңыз.

2. Абылай ханның мұражай - үйі туралы әңгімелеңіз.

3. Сөйлемдегі зат есімді көрсетіңіз. Морфологиялық талдау жасаңыз.

Петропавл қаласында қазақ халқының кемеңгер саясатшы - Абылай хан мұражайы бар. Абылай хан қазақ халқының тарихында елеулі із қалдыған. Ол қазақ даласын қалмақ, жоңғарлардан сақтап қалған хан. Абылай хан қазақ билерін, батырларын біріктіріп өз елін жаудан қорғаған. Абылай хан үш жүзді біріктірген хан. Оның құрметіне Ресей патшасы Екатерина сыйлаған Сарайы жөнделіп қайта жаңғыртылған. Бүгін ол Сарай Абылай хан резиденциясы деп аталады. Абылай хан тұсындағы қару-жарақ, тарихи деректер, ұлттық бұйымдар мұражайда жәдігерлер сақталған.

Сөйлемдегі зат есімді көрсетіңіз. Морфологиялық талдау жасаңыз.

Теледидар алдында ұзақ отырма.

Теледидар - зат есім, туынды түбір, күрделі сөз, жалпы, деректі, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады, не? сұрағына жауап береді


© 2010-2022