Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Кешірім мен келісім тақырыбында

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім

Құндылық: достық, татулық

Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

ә) дамытушылық: шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

б)тәрбиелік: мейірімділікке,қарапайымдылыққа,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қабілетін дамыту, «бағыттап оқу», Т кестесі стратегиялары

Ресурстар: оқулық, үнтаспа, слайд, карточка, маркер, ватман, стикер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Кешірім, келісім, татулық атты сөздер арқылы топқа бөліну.

Тыныштық сәті. (3 мин)

Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.

  • Тіршіліктің оянуын,

  • Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.

Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.

Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Табиғат та оянған, оян сен де!

Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау.

Сабақ барысын талдау

Мұғалім оқушылармен амандасып, топқа бөледі.

Әрі қарай тыныштық сәтін орындайды.

Әңгімелесу (5 мин)

1. «Кешірім», «келісім» дегенді қалай түсінесіздер?

2. Кешірім сұраған сәтің болды ма?

3. Кешіре білу қиын ба, кешірім сұрау қиын ба?

Мәтінмен жұмыс (10 мин)

Мақтаншақ жолбарыс(ертегі)

«Бағыттап оқу» стратегиясы.

1 бөлім.

- Ертегі қалай басталған?

- Жолбарыс неліктен жылады?

2 бөлім

- Жылап отырғанын кім көреді?

- Қарға бірінші оны қайда апарады?

3 бөлім

- Жайра не деп жауап берді?

- Одан кейін қайда апарды?

- Аю екі қонағын қайда апарды?

- Піл бастап, барлығы қайда келеді?

4 бөлім

- Қолтырауын не деп жауап береді?

- Бұлбұл не істеді?

- Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде осындай жағдайлар болды ма?

Түйін: Бір-бірімізге мейірімді, қайырымды, кешірімді болсақ, бірлігіміз жарасып, тату-тәтті тұрамыз. Ешқашан да қиянат жасамауға тырысу керек.



Әр бөлім оқылып болған соң, оқушыларға сұрақтар қойылады.

Дәйексөз (2мин)

-Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап,татуласады.Ал татулық-адамдар,сыныптастар,достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет.Өйткені татулық бар жерде сыйластық,махаббат,бақыт,жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.

Сергіту сәті (2 мин)

Жағдаяттарды талдау (4 мин)

1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

- Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен алғаш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:

- Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

- Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.

Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.

 Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

 Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?

 Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

3. Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...

Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

-Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп,кешірім сұрап,өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді өзара келісім дейді.

Әр топ өздеріне берілген жаядаятты талдап болған соң, қорытынды шығару.

Жаңа ақпарат (3 мин)

«Басқа адамның кемшілігін,қателігін кешіру және өз қатесін түсініп,мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».

Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс (5 мин)

1-топ : «Мен кешірім сұрай білемін...»тақырыбына шағын эссе жазу.

2- топ: Жағдаят құрастыру,сахналау.

3-топ: Т кестесі стратегиясы. Кестенің бір жағына өз бойындағы жақсы қасиеттер,екінші жағына досының бойындағы жақсы қасиеттерді теріп жазу.

Жаңа ақпаратпен таныстыру.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындап, таныстырады.

Үй тапсырмасы

- «Мен кешірім сұрай білемін...» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.

Қорытындылау

«Құм мен тас» аңыз-әңгімесін тамашалау.

Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан үйренген құндылықтарың мен қасиеттеріңді жүректе сақтаңдар!

Қош,сау болыңдар!

Оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Сабақ қорытындалып, соңғы тыныштық сәті жүргізіледі.





© 2010-2022