Ашық сабақ Менің Отаным. Дауыссыз дыбыстар

білімдік: Отан туралымағлұмат беру,әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру, сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру;2. дамытушылық: мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу, оқушылардың түрлі суреттер арқылы сөздік қорын молайту,мәнерлеп оқу,көркем жазу дағдысын жетілдіру; 3. тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру .Туған жерінің , елінің тар...
Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қалалық білім беру бөлімі

№13 орта жалпы білім беретін мектеп



Қала мектептерінің мұғалімдеріне ұсынылған

ашық сабақ

Тақырыбы: Менің Отаным.

Дауыссыз дыбыстар.

( 3 сынып)





Өткізген: Даулетова А.Ғ


Орал

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1. білімдік: Отан туралы мағлұмат беру,әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру, сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру;

2. дамытушылық: мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу, оқушылардың түрлі суреттер арқылы сөздік қорын молайту,мәнерлеп оқу,көркем жазу дағдысын жетілдіру;
3. тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру .Туған жерінің , елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды Отанын сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Өз халқының тарихын дәріптеуге баулу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, таблица

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі .Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу

Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. Қазір біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. Орал қаласынан шығып Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Астана қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достар!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын

Елімізде әр қашан

Тыныштық болсын!

Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау. «Білгенге маржан, білмеске арзан».

4-тапсырма көкөніс, жеміс атауларын ажыратып жазу, сөйлем құрау, 5-тапсырма аударып жазу.

Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге
қимылдаймыз. Алға!

ІІІ. Сабақтың мақсатын айту

- Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.

Балалар, біз Ақтөбеге келдік. Ақтөбеден Қостанайға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек.

Сұрақтар:

1. Біздің Отанымыз қалай аталады?

2. Қазақстан қандай Республика?

3. Қазақстанның ең үлкен қалалары қандай?

4. Қазақстанның астанасы қай қала?

5. Отан дегенді қалай түсінесің?

6. Отан неден басталады?

7. Еліміздің Президенті кім?

«Менің Отаным» тақырыбы бойынша сөздік жұмысы

Сөздер:

Отан-Родина

Елбасы-Президент

Мемлекет-государство

Сүйемін-люблю


Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі.

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).

Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік.

Балалар, біз Қостанайға келдік.

Оқулықпен жұмыс.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл"

1. Біздің Отанымыз.

Қазақстан-біздің Отанымыз. Астанасы-Астана қаласы. Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мен Отанымды сүйемін.

Диалог

-Бұл не?

-Бұл - Қазақстан картасы.

-Картада нелер бар?

-Қартада Қазақстанның қалалары, теңіздері, көлдері, өзендері бар.

-Қандай қалалар бар?

-Астана, Алматы, Қарғанды, Ақтөбе, Ақтау және т.б

-Қандай теңіздер бар?

-Каспий және Арал теңіздері.

-Қандай көлдер бар?

-Балқаш және Зайсан көлдері

-Қандай өзендер бар?

-Ертіс, Есіл, Сырдария және т.б

Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық.

Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.

- Пойызға отырыңдар, кеттік.

Балалар, біз Көкшетауға келдік.

Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтандар.

Дұрыс

Бұрыс

1.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

2.

Каспий және Арал көлдері бар.

3.

Ертіс, Есіл, Сырдария теңіздері бар.

4.

Астанасы-Алматы қаласы.

5.

Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

6.

Республикамыз үлкен емес.

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дауыссыз дыбыстар, түрлері

«Бәрін білгім келеді».

Ашық сабақ Менің Отаным. Дауыссыз дыбыстар

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыздардың тиістісін қой.

Қаза...стан, О...ан, А.....тана, Ал...аты, Ақ....ау, Ақтө...е, Қара...анды, қа....а.

"Білімі жүйріктің ойы -ұшқыр"

Дауыссыз дыбыстарды тап.

Жұмбақ

Сулары жоқ,

Көлдері бар.

Үйлері жоқ,

Елдері бар.

Тастары жоқ,

Таулары бар.

Қарбыздай-ақ

Аумағы бар. ( глобус)

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық

Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.

- Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер?

- Жақсы, өлеңіңді жатқа оқып бере ғой.

"Өлең сөздің- патшасы"

Отан

Отан деген атамекен, Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан деген туған жер. Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан-ана. Отан үлкен. Отан дейміз туған жер, атамекен-

Қазақстан-туған ел! Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Сен мақал-мәтел білесің бе?

5. Дәптермен жұмыс. Мақал-мәтелдер

1Отан оттан да ыстық.

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3.Ел іші - алтын бесік.

4.Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

5. Отан - елдің анасы,

Ел - ердің анасы.

6.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

7. Отанды сүю - отбасынан басталады.

Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Оралға бет бұрайық.

Өз қаламызға оралдық.

- Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?

IV. Сабақты қорытындылау

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

V. Бағалау

Сабағымыз аяқталып келе жатыр.

Бүгін сендер көп тапсырмалар орындап, модуль бойынша алған білімдерінді көрсете білдіңіздер.

VІ. Үй тапсырмасыСұрақ -жауап 90-бет жаттау, 92-бет 3 тапсырма оқу.


© 2010-2022