Ашық сабақ сауат ашудан Ұұ дыбысы мен әрпі 1-сынып

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе 1-сынып Өтілген күні: 3-сабақ Тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі» Сілтеме: жоспар, презентация. Мақсаты: оқушылардың Ұұ дыбысы мен әрпімен танысуы, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғынуы және сөздік қорының кеңеюі.
Күтілетін нәтиже: оқушылар Ұұ дыбысы мен әрпімен танысады, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғынады және сөздік қоры кеңейеді. Сабақтың әдісі: БЛУМ таксономиясы Сабақтың көрнекілігі: презентация, ұн, ұршық, құрт Дереккөз: ғаламтор, оқулық, оқыту әдістемесі, Сабақ барысы:


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тренинг

10 мин

Тренинг «Шаттық шеңбері» Оқушылар ортаға шығады. Қуанайық мен де, Қуанайық сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге

Оқушылар мұғалімнің соңынан қайталап, қимылмен көрсетеді.

Білу

Жұмбақтар шешкізу 1.Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса,өзіне шыр байланар.
(Ұршық)
2.Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы (Ұстаз)
3.Құстай ұшар Қанатты тұлпар. (ұшақ)

- Балалар, сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер? - Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын пайдаланған.

Жұмбақты шешеді, алғашқы әріптерін айтады.

Оқушылар өздерінің білетіндерін ортаға салады.

Түсіну

-Ұршық, ұстаз, ұшақ сөздері қай дыбыстан басталып тұр?

-Олай болса,біз бүгін Ұ ұ дыбысымен танысымыз.

-Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.

-Ол қандай дыбыс?

-Дауысты дыбысты дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер?

-Созып айтуға болады.

-Қай үйге кіргіземіз?

-Қызыл үйге кіргіземіз.

«Сөз ойла» ойынын ойнайық
Ұ дыбысы бар сөздерді және кісі аттарын айтқызу
Кіс аттары: Ұлан, Ұлжан,Ұлдай,Ұлдана,Ұлтай.

Жұлдыз , ұшақ , тікұшақ сөздерін буынға бөлу

Жұл-дыз сөзінде ұ дыбысы бірінші буында кездеседі

Ұ-шақ сөзінде ұ дыбысы бірінші буында кездеседі

Тік-ұшақ өзінде екінші буында кездеседі

Оқушылар ұ дыбысы бар сөздерге талдау жасайды



Ойынға қатысып, өздерінің білетін сөздерін айтады.

Қолдану

Кеспе қағазбен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді кеспе қағазға жазып. Әр оқушы 1 сөйлемнен оқиды. Жұмбақ шешу Темір құсты алып батпан,

Көк аспанда қалықтатқан.

Ағаларды кімдер дейді,

Алдымен тез тауып мақтан. (ұшқыш)

Ұшқыш туралы өлеңді интерактивті тақтадан барлығына бірге оқытамын. Үй тапсырмасы Дәрігер боламын өлеңін жатқа айту.

«Конверттегі сұрақтар» әдісі Конверттегі сөздерді оқытамын.

Мәтінді кезектесе оқиды.

Жұмбақ шешеді.

Үй тапсырмасын айтады

Буындардан сөз құрайды.

Сергіту сәті Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Қолымызды көтереміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.

Қайталай отырып, қимылмен көрсетеді.

Талдау

Дәптермен жұмыс.

Ұ,ұ әрпінің жазылу элементтерін түсіндіру.Тақтаға, ауаға жазып саусақтарын жаттықтыру.

Ермексаздан Ұ әрпін салу.

Суретке қарап әңгіме құрау.
Суретте ұзақ құсы. «Ақылды ұзақ», «Шөлдеген ұзақ» атты әңгіме құраймыз. Ұзақ құсы туралы түсінік беру.
Ұзақ -жыл құсы. Көктемде ұзақ келсе қарттарымыз қуанады. Ұзақ егістіктегі зиянды жәндіктерді жеп адам баласына пайдасын келтіреді.
Ұзақ құмыра су құйылған
Шөлдеді тұмсығы тас көтерілді
Құстар- біздің досымыз .Құстарды қорғауымыз керек.Құстар көп болса , зиянкес жәндіктер аз болады.

Тақтаға, ауада және дәптерге ұ әрпін жазады.

Тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырады.

Жинақтау

10 мин

«Баспалдақ» ойынын ойнату
Ұ Л
Ұ Л У
Ұ Ш А Қ
Ұ Ш Қ Ы Ш Көру диктанты
Ұн ұт ұс ұр
Ұнтақ ұтқыр ұстаз ұршық

«Ұшты-Ұшты» ойынын ойнату

Оқушылар ұ әрпінен басталатын сөздерді айтып, ойынға қатысады.

Көру диктантын дәптерлеріне көшіріп жазады.

Әр оқушы кезектесе ойнатады.

Бағалау

2 мин

Өзін-өзі бағалау

Өз-өздерін бағалайды.

Рефлексия (кері байланыс)

2 мин

Екі жұлдыз, бір тілек

Бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамағанын айтады.

Үйге тапсырма

1 мин

Оқулықтың 94-95-беттерін оқу және диктант жазу.












© 2010-2022