Ыңғайлас сөйлем (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып, қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Ыңғайлас құрмалас салалас сөйлем
Сабақ мақсаты: білімділік: құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету.
дамытушылық: ынта қойып тыңдау, жазу талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, еңбекті сүюге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, тест жұмысы
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма, өлеңді жаттау.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз - жай сөйлемдердегі бір-біріне мезгілдес, болған уақиғаны, істі білдіреді.

Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те

Мысалы: Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.

Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтың 29 бетіндегі 5 -тапсырмада берілген сөйлемдердің ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

Семантикалық карта

Мағыналық қарым-қатынасына

қарай түрлері

Мысалдар

Ыңғайлас салалас

Себеп-салдар салалас

Қарсылықты салалас

Түсіндірмелі салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас

1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.

+

Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі - жақсы мінез, екіншісі - жақсы сөз.

+

Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс… (А. Мак)

+

Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.

+

Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жфылы көңілді суытады.

+

Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.

+

Тест сұрақтары. Берілген сөйлемдер

1. Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады.

А. Ыңғайлас салалас; D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас; Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас; F. Кезектес салалас.

2. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А. Ыңғайлас салалас; D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас; Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас; F. Кезектес салалас.



© 2010-2022