Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нағашым - зергер 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып 7 күні пәні қазақ тілі мұғалім: Шапиева Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы: НАҒАШЫМ - ЗЕРГЕР

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: туыс атауларын, әр түрлі мамандақ иелері туралы меңгерту;

Дамытушылық: тілдік қарым - қатынаста осы сөздерді қолдана білу;

Тәрбиелік: түрлі мамандық иелерін сыйлау, еңбектерін бағалау.САБАҚ

Әдіс - тәсілдер сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу.

Тілдік қарым - қатынас

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сөздер: зергер, әшекей заттар, сақина, сырға, асыл тастар, алтын, күміс

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1. Қыздар қандай сәнді бұйымдар тағады?

2. Шашқа тағатын қандай сәнді бұйымдарды білесің?

2-тапсырма. Сақина, сырға, білезік, алқа, жүзік сөздерін сын есіммен тіркестіріп,

сөйлем құра.

3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқып, тақырып қой.

Менің нағашым - зергер. Ол алтын мен күмістен түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды жасайды. Нағашым білезік, алқа, шашбау, сақина, сырғаларды айшықтап жасайды. Оларға қазақтың ою-өрнегін салады. Асыл тастармен безендіреді. Маған нағашымның жасаған шашбауы қатты ұнады. Ертеде қазақтың қыздары шаштарына шашбау таққан.

Нағашымның жасаған зергерлік бұйымдары бес жүзге жуық. Жақында «Қазақ зергерлік өнерінің көрмесі» болды. Нағашым көрмеге елуге жақын бұйымдарын қойды. Көрмеге халық көп келді. Олардың саны жүзден асады.

Әжем күміс білезік пен күміс сақина тағады. Ал анам алтын алқа мен алтын сақина, сырға тағады. Олардың сәндік бұйымдарын нағашым жасап берген.

Нағашымның шеберханасы бар. Әр жексенбі сайын мен сол шеберханаға барып тұрамын.

4-тапсырма. Мәтіндегі болжалдық сан есімдерді теріп жаз. Олардың жасалу жолын айт.

5-тапсырма. Сөйлемдерді сыңарымен сәйкестендір. Түсіндір.

1

Менің

1

бұйымдарын қойды.

2

Нағашым білезік, алқа, шашбау

2

нағашым зергер.

3

Қазақтың ою-өрнегін

3

салады.

4

Асыл тастармен

4

шашбау таққан.

5

Қазақтың қыздары шаштарына

5

безендіреді.

6

«Қазақ зергерлік өнерінің көрмесі»

6

сақина, сырғаларды айшықтап

жасайды.

7

Көрмеге елуге жақын

7

күміс сақина тағады.

8

Менің әжем күміс білезік пен

8

болды.

6-тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, диалог құрыңдар.

1. Әйелдер тағатын сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды айт.

2. Зергерлік бұйымдарды кім жасайды?

3. Зергерлік бұйымдарды неден жасайды?

4. Сенің әжең қандай әшекей заттар тағады?

5. Анаң қандай әшекей заттар тағады?

7-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің дұрыс нұсқасын қойып жаз.

1. Менің он (шақты, жуық, таман) қызықты кітабым бар.

2. Бүгін сабақтан беске (шамалы, таман, тарта) шығамыз.

3. Жексенбі күні жиырмаға (шамалы, шақты, тарта) оқушы театрға барады.

4. Сағат үшке (шамалы, шақты, жақын) мен сені Абай саябағында күтемін.

8-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер. Түсіндір.

Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Сырғаны қыздар тағады.

Қазақ жігіттері шолпы таққан.

Мойынға тағатын әшекей заттың бірі - алқа.

Әйелдерге арналған әсем бұйым - жүзік.

Білезікті қыздар аяғына тағады



9-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

1. Оның нағашысы кім?

2. Оның нағашысы алтын мен күмістен не жасайды?

3. Білезік, алқа, шашбау, сақина, сырғаларды қалай жасайды?

4. Оларға не салады?

5. Оларды немен безендіреді?

6. Ертеде қазақтың қыздары шашына не таққан?

7. Оның нағашысы қанша зергерлік бұйым жасады?

10-тапсырма. Сурет пен сөйлемді сәйкестендір.

1. Қыз баланың қолына (саусағына) тағатын әшекей бұйым.

2. Қыз баланың құлағына тағатын әшекей бұйым.

3. Қыз баланың білегіне тағатын әшекей бұйым.

4. Қыз баланың мойнына тағатын әшекей бұйым.

5. Қыз баланың шашына тағатын әшекей бұйым.

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нағашым - зергер 7 сынып Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нағашым - зергер 7 сынып

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нағашым - зергер 7 сыныпҚазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нағашым - зергер 7 сыныпҚазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нағашым - зергер 7 сынып

11-тапсырма. Сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құра.

Жеті-сегіз, он үштерде, алпыстай, ондаған, жиырма шақты.

12-тапсырма. Семантикалық картаны толтыр.

Мысалдар

Реттік

Жинақтық

Болжалдық

қырықтарда

отыздай

жетінші

бесеу

жиырмаға жуық

жүз шақты

тоғызыншы


13-тапсырма. Қазақ тіліндегі сөздерді орыс тіліндегі аудармасымен сәйкестендір.

зергерлік бұйым браслет

сырға колье

білезік серьги

алқа ювелирные изделия

сақина бриллиант

әшекей заттар мастер

гауһар кольцо

шебер украшение

14-тапсырма. «Мен зергер болсам...» тақырыбында өзің жасағың келетін бұйымның суретін салыңдар. Не салғандарыңды айтыңдар. Сөзіңде болжалдық сан есімдерді пайдаланыңдар. Сыныптастарыңмен осы тақырыпта сөйлесіңдер.

Саусақтары сүйріктей

Зергер болар ма екенсің?

Қасқа атты Қамбардай,

Аш қылмайтын аң барда,

Құралайды көзге атар

Мерген болар ма екенсің?

Сәкен Сейфуллин

Есіңде сақта!

Нағашымның шеберханасында елуге тарта адам жұмыс істейді.

Ол маған өзі жасаған бес-алты сақинасын сыйлады.

4


© 2010-2022