• Преподавателю
  • Другое
  • Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»

Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тума талант, айтыскер ақын

Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 180 жыл

Әдеби-танымдық іс-шараның өтетін орны:

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі, Біржан сал,108

Тел:24-33-11

  • Уақыты: 9 желтоқсан, таңертеңгі сағат 10.00



  1. Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы – ұрпақ қазынасы»Ақынның кескіндеме портретін жасаған суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Қойлыбай Меңдешов;

Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына арналған

ғылыми-практикалық конференцияның

жүргізілу барысы

Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты:

  1. ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген тума талант, айтыс өнерінің айтулы ақыны Бақтыбай Жолбарысұлының мұрасын насихаттау; ақынның рухына тағзым ету;

  2. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауына үлес қосу; келешек ұрпақты жоғары адамгершілікке, туған әдебиетіміз бен мәдениетімізге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу;

Шақырылатындар:

  1. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің оқытушылары;

  2. Қалалық білім бөлімінің басшысы Б.К.Тұрұсбеков; бөлім меңгерушісі мен бас мамандары;

  3. Ақынның кескіндеме портретін жасаған суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Қойлыбай Меңдешов;

  4. «Жетісу» телекомпаниясы, «Жетісу» облыстық газеті, «Алатау» газеті, «Талдықорған» газеті, «Елназар» журналының қызметкерлері;

5.Қала мектептері тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары.

6. Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылындағы орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары.

ІІ. Іс-шараның жүргізілу барысы:

  • 9 желтоқсан, таңертеңгі сағат 10.00

Шақырылған қонақтар мен қатысушыларды мектеп-лицейінің Іқабатында ұлттық киім киген 4 сынып оқушылары қарсы алады.

  • 10.00-10.10

Мектеп-лицейдің ІІ қабатының фойесі. Оқушылардың шығармашылық көрмесін тамашалау. Көрмемен таныстыратын жоғары санатты технология пәнінің мұғалімі Қ.Сәрсембаев

  • 10.10-10.30

Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған «Бақтыбай мұрасы - ұрпақ қазынасы» тақырыбындағы көрмені тамашалау.



  • 10.30.Әдеби-танымдық бағдарламаның салтанатты басталуы.

Мектеп-лицейдің акт залы. Сахна ашық. Халық күйлері, белгілі әндердің әуендері айналып тұрады. Сахнаның дәл ортасындағы мониторда ақынның кескіндеме портреті бейнеленген.

Сахнада 40 оқушыдан құралған хор мен оркестр мүшелері орналасқан. Қосымша экран акт залының сол жағына қойылған. «Ақынға тағзым» атты деректі фильм көрсетіліп тұрады.

Басталуы: Сағат 10.30 да фанфар айналып, ортаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші- Шоқан: Қадірлі қауым! Құрметті қонақтар! Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында халқымыздың зиялылары кешегі атаусыз қалған тұлғаларды тірілтуге күш салғаны белгілі. Сол кезде рухани өрімнің өзегі болған тұлғаларды қайта жаңғырта бастадық. Кім де болсын халқының материалдық, рухани құндылығын молайтуға қосқан үлесімен бағаланбақ.

2-жүргізуші- Назым: Парасат пайымын бағалау, кісілік тұлғасын биіктету, бабалар даналығын, аға буынның озық тәжірибесін санаға тоқып, рухани қазынамызды толтыра түсуге талпынып, кейінге ұрпаққа сәтімен табыстау, болашақ үшін бағалы іс тындыруға ұмтылу Жетісулықтарға тән қасиет. Сондай азаматтардың бір жоғары бүгін бізде қонақта.

1-жүргізуші- Шоқан: Оған себеп, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген тума талант, "қаусырма жақ, жезтаңдай ақын», суырып салма жырау, төкпе ақындардың тобынан өркеші өте биік көрінетін, халқының қадірлі ұлына айналып кеткен «өлеңнің Қабаннан соң ұраны» атанған Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Қаламыздағы тұңғыш қазақ мектебіне жыр әлеміндегі Жетісу жампозының аты берілгеніне де 25 жыл толған екен.

1-жүргізуші- Шоқан: Олай болса, осы айтулы оқиғаларға байланысты салтанатқа хош келдіңіздер! /сазды әуен ойналады/

2-жүргізуші- Назым: «Жаратты Бақтыбай ғып құдай мені,

Бір сөздің айтатұғын кезі келді-деп,

ақынның өзі жырлағандай, ақын атындағы мектептің өз Гимні барын мақтан етеміз. Гимнің сөзін жазғандар жерлес ақын ағамыз Әли Әпекұлы Ысқабай мен мектебіміздің ардагер ұстазы Гүлсім Қауысова. Әнің жазған белгілі өнер қайраткері, сазгер әпкеміз Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова.

1-жүргізуші- Шоқан: Ендеше, бүгінгі мерекелік шарамызды мектеп Гимнімен бастаймыз! (көтеріңкі, салтанатты дауыс). Гимн айтылады. Оқушылар сахнадан шығып жатқанда, кідіріс болмас үшін 2-жүргізуші бастай береді:

Күйсіз мына өмірдің несі көктем,

Күй десе, қазағымның есі кеткен.

Көтеріп ел мерейін, ел еңсесін,

Көмейін тыңдаушының тесіп өткен.

1-жүргізуші- Шоқан: Бақтыбай ақынның мол мұраларының бірі- оның күйлері. Есімі сазгерлерімен де белгілі әруақты ақынның «Бақтыбайдың желдірмесі», «Қаратал», «Жазғы жайлау кешінде», «Жарыс», «Шабыт» деген күйлері ел ішінде сақталып, нотаға түсіріліп, орындалып жүр. Солардың ішінде екпінділігімен ерекше «Әуен» күйін мектебіміздің оркестрі орындайды. /Оркестр мүшелері орындықтарын алып, сахнадан шыға бергенде:

2-жүргізуші- Назым: «Ешқашан білмей өткен жасқануды,

Сырлары бізге жыр боп ақтарылды.

Артына өшпес мұра қалдырыпты,

Өлеңі дәл өзіңдей от жалынды - деп, назарларыңызға

Жетісу ақындарының Бақтыбай ақынға арнап жазған өлеңдерін ұсынамыз.

/9 оқушы мына төмендегі ақындардың өлеңдерін оқиды: Ә.Байысова, А.Бұлғақов, Серікбай Тұрлан, Ғ.Тұрсынбай, С.Земцов, Т.Сүгірбеков, С.Қазтаев, Қ.Бұғыбаева, Ж.Қожамқұлов/

1-жүргізуші- Шоқан: Бақтыбай ақын айтыс өнерінің аса зор тұлғасы. Ол барлығы 40-қа тарта ақындармен айтысқа түскен делінеді. Солардың ешқайсысынан тізе бүкпей, жеңілмей кеткен. Бақтыбай Жолбарысұлының шығармашылығын зерттеушілердің тұжырымы бойынша, жыр сүлейі Сүйінбаймен жолыққанда Сүйінбай ақын орта жасқа келіп қалса, Бақтыбайдың жастау кезі болса керек. Екеуі де кездескендеріне қуанып жырдан шашу шашады. /Сахнаға Сүйінбай- оқушы Бауыржан мен Бақтыбай ақын- оқушы Қазбек шығады/

2-жүргізуші- Назым: Қадірмеңді қауым! Ортаға ақын өлеңдерін жатқа оқитын өреңдерді шақырамыз! /Сахнаға 25 оқушы шығады.Бақтыбай ақын өлеңдетіп сөз бастайды. Бұл әдеби-монтаж аяқталысымен, сахнаға «Өнерпаздар» тобы шығады./

Құстың дауысы естіледі. Назым ой үстінде. Медет екеуінің диалогі. Осы кезде «Көзіңнің мөлдірін-ай» әнімен қыз-жігіттер (Қарақат, Айсұлу, Әли, Әбілқайыр) шығады. Әбілқайыр «Адай» күйін орындайды. Әли ақынның «Төлекбайға» өлеңін оқиды. Елдос Екпін көрермендер арасынан шығып, ақынға арналған өз өлеңін оқиды. Қарақат «Игигай» әнің орындап береді. Айсұлу «Желсіз түнде жарық ай» әнің аспапта орындайды. 2 қобызшы қыз «Бозторғай» күйін орындаған соң, "Өнерпаздар" тобы көңілді әуенмен сахнадан шығып кетеді.

1-жүргізуші- Шоқан: Құрметті қауым! Бақтыбай Жолбарысұлының шығармашылығын соңғы жылдары мұқият зерттеумен шұғылданған жерлес жазушымыз марқұм Ораз Исмаилов еді. Жазушы 2000 жылы «Шартарап» баспасынан «Бақтыбай» атты ғылыми-зерттеу мақалалары мен ақынның жаңа табылған туындыларынан кітап басып шығарады. 2001 жылы дәл осы баспадан «Қараның ханы Байтұрбай» атты шығарманы ұсынады.

2-жүргізуші- Назым: Талдықорғандықтар Ораз Исмаиловты Бақтыбай ақынның туған топырағы, өскен ортасы, шығармашылық өсу жолдары хақында тұңғыш рет қалам тартқан жазушы ретінде қадірлейді, құрмет тұтады. Жазушы-ғалым бүгінге дейін беймәлім болып келген жеке өлеңдері мен айтыстарын іздестіріп, табумен қатар Бақтыбай Жолбарысұлының өміріне байланысты ғылыми жаңалықтар ашумен де шұғылданған. Біздің мектеп ұжымы үшін де Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы болған Ораз аға Исмаиловтың орны ерекше. /1 минут үнсіздік жариялау/

2-жүргізуші-Назым:Бақтыбай ақынның тағы бір қыры- оның дастаншылығы. Солардың ішіндегі бізге жеткені- «Едіге-Нұран», «Қыз құлаған» дастандарымен бірге «Төрт өнерпаз» мысал хикаясы. Назарларыңызға: «Қыз құлаған» дастанынан театрландырылған көріністі ұсынамыз.Дайындаған мектеп-лицейдің драма үйірмесі мүшелері. /Сахналық көрініс-15 мин/

1-жүргізуші- Шоқан: Бүгін, міне, ақын-ата,

Орындалды арманың.

Ұрпақтарың биікке өрлеп,

Шыңға сөзің самғады.

2-жүргізуші- Назым: Қиындықтар мойытпасын,

Асуларды,біздерді.

Әруағың ақын ата,

Әрқашан да қолдасын!

Ия, Жетісу жеріндегі ақындық мектептің ірге тасын қалаған, халқының мақтанышына айналған, балта тілді Бақтыбай атанған жыр сүлейінің шығармашылығы халқымыздың бай қазынасы.

1-жүргізуші-Шоқан: Ақынның үлгі алып, өнеге тұтарлық ұстаздары да, қатарлас әріптестері де көп болған. Ол Тезек төремен тірескен, Түбекпен сілкілескен, Әріп, Әсет, Уәйіспен тілдескен, Бодау салмен бірге жүрген, Шәкәрім, Самалдықпен жүздескен, Жәлмендеге теңескен, Әзімбай, Төлеумен кездескен, Жамбыл ақынмен сыйласқан азуы алты қарыс ақиық ақындардың бірі болды.

2-жүргізуші-Назым: «Армансыз пенде болмас дегені рас,

Мен-дағы сол арманмен өтемін бе?

Кейбіреулер жаттап алып айтып жүрер,

Бақтыбай айтыпты деп өтерінде» -деген

ақын арманы ұрпақтарының оған деген құрметімен орындалғандай.

Ән «Қазақ елім». Жеке дауыста Меліс Жұлдыз. / Әңнің бірінші шумағынан кейін сахнаға барлық қатысушылар шығып, қосыла айтады/

Ән аяқталысымен: 1-жүргізуші-Шоқан:

«Әр өлеңін алтын еді, зер еді,

Әр сөзіңді зерделі ұрпақ тереді»- деп, қорытынды сөзді мектебіміздің директоры Нұртай аға Мүсірәліұлы Тұмбаевқа береміз./Нұртай Мүсірәліұлының сөзінен кейін, қонақтар тарапынан сөйлеушілер болса, сөз беріледі/

Соңы: 1-жүргізуші-Шоқан: Осымен Бақтыбай Жолбарысұлының 180 жылдығына орай дайындалған әдеби-танымдық іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Кездескенше сау-саламат болыңыздар!

© 2010-2022