Әріптестер арасында сенімділік орнатуға арналған коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Ұжымда сенімділік орнатудың ерекшеліктері"

тaқырыбындa коучинг сабағының жоспары

Абдурасулова Мухаббат Асаповна

ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы, №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Коучинг тақырыбы:

" Ұжымда сенімділік орнатудың ерекшеліктері "


Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық 78-79 бет

Интербелсенді әдістемені қолданып сабақты жоспарлау және басқару /Ж.А.Жартынова/

Тренингтік ойындар мен жаттығулар (Әдістемелік құрал)

/ Қ.З.Жақсылықова/

Мақсаты

Ұжымда бір-біріне деген сенімділікті орнату әдістер үлгісінің маңыздылығын ескере отырып тәлімгерлік ету.

Түйінді идея

Балаларды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқудың сапасын одан ары арттыру үшін топтық жұмысты, жас ерекшеліктеріне сай оқытуды, ОүБ және ОБды пайдаланудың тиімділігі.

Нәтиже

Мектеп ұжымында сенімділік орнатудың ерекшеліктерін түсінеді.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Интерактивті тақта, флипчарт, маркер,қалам, А-4 түсті парақтарына жазылған сөздер, бейнефильмдер

Оқыту әдістері

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  • СТО

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  • Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  • Оқытуды басқару мен көшбасшылық

Бірлескен оқу

Топтық жұмыс

Диалогтық жұмыс

Жеке жұмыс

Тапсырмалар

Топтық жұмыстар; сұрақтарға жауап беру, салыстыру. Постер жасау, қорғау, сурет салу, рефлексия.

Оқуға арналған тапсырма

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Кіріспе

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Бағалау

Психологиялық ахуал туғызу

Мақсаты: мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру, оқу белсендігін арттыру, жұмыс жылдамдығын жақсарту, сенімділік орнату.

5- мин

Қатысушылар шеңбер құрап тұрады. Коуч олардан бір -бірінің қолдарынан ұстап тұруды сұрайды. Бір мезгілде барлығы қолдарын бірге көтеріп, арада пайда болған аралықтардан өтіп, әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып шатасып жиналады, тығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары қажет.

Шарт: Қандай жағдай болмасын бір-бірінің қолдарын босатпауы қажет. Әбден жазылғанда тығырықтан да шығады.

Қатысушылар шеңбер құрап тұрады. Коуч олардан бір бірінің қолдарынан ұстап тұруды сұрайды. Бір мезгілде барлығы қолдарын бірге көтеріп, арада пайда болған аралықтардан өтіп, әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып шатасып жиналады, тығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылады.

Мұғалімдердің көңіл-күйі жақсарады, қызығушылығы туады, жұмыс істеу қабілеттері көтеріледі. Бір- біріне сенімділіктері артады. Қиыншылықтардан бірге шығуға болатынын ұғынады.

Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:

Уақытты үнемдеп,жоспарлаған жұмыстарды сәтті өткізу үшін мұғалімдерді топтастыру.

2 мин

Мұғалімдерді "Астана әсем қала" атты фото қималар арқылы топқа бөлу.

Мұғалімдер қолдарына түскен қималарды біріктіру арқылы үш топқа бөлінеді.

Мұғалімдер аудиториясынан үш жұмыс тобы ұйымдастырылады.

Ой қозғау үшін

тапсырма.

"Мұғалім ережесі" ой жазу жаттығуы.


Ұзақтығы - 5 минут.



"Мұғалім ережесін" құрастыру:

  • Мұғалім ол қандай болу керек?

  • Оған ереже қажетпа? деген сұрақтар айналасында ой қозғау.

Тыңдаушылар "Мұғалім ережесін" құрастырады.

Мұғалім ол қандай болу керек?

Оған ереже қажетпа? деген сұрақтарға жауап береді.

Топтардан бір қатысушы шығып жазылған ережелерді баяндайды.

Соңында бір ортақ ереже пайда болады.(бір қатысушы ортақ ережені плакатқа немесе тақтаға жазып тұрады)

1-тапсырма:

10 минут

"Кілем"-ді дайындауға

10 минут, тұсау- кесеріне 5 минут уақыт беріледі.


Жалпы:15 минут

"Кілем" тренингін өткізу үшін тапсырманы түсіндіреді.

Бұл "кілем", оны түрлі- түске бояу керек және оған оюлар салу керек.

Міндетті шарт: топтың әр- бір мүшесі қолына фломастерді міндетті түрде кемінде бір рет ұстап, қолтаңбасын қалдыруы керек.

"Кілем" бағаланатын критерийлер айтылады.

Сұрақ: "Біркелкі кілем шықтыма?".

Топ мүшелері тапсырманы орындайды.

10 минуттан соң тұсаукесер басталады.

"Кілемдер" қатар -қатар көрнекті жерге ілінеді.

Ашық дауыс беру арқылы "1"-ден "5"-ке дейін баға қойылады.

Ұжымның жалпы жұмысын бағалау керек.

И.Крыловтың "Аққу, шаян, шортаны", мектеп ұжымындағы немесе мектеп және жанұядағы бірліктің болмауы.

2-тапсырма


Тақырыптың қорытындысын шығару

7 мин




Мақсаты:

Тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау, біліктілік деңгейін бағалау.

Тақырыпты қортындылау үшін мұғалімдермен

"Шеңбер бойында" әңгіме құрастыру.

Оқушыларға сапалы білім бере отырып, өзіндік дамуына, бірін-бірі оқытуға, білімін бекітуге уақыт беріп, бойындағы қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мұғалімнің басты мақсаты екенін мойындайды. Мұнда мұғалімдердің бір біріне болған сенімділігі өте қажет екенін түсінеді.


Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерін SWOT арқылы талдайды.

Рефлексия

3 мин


Мұғалімдерге коучинг сессия қандай ой салды?

"Екі жұлдыз бір тілек" арқылы пікірлері тыңдалады.

Мұғалімдердің стикерлерге жазылған кері байланыстарын алу.











SWOT талдау



STRENGTHS

Күшті жақтары

















WEAKNESSES

Әлсіз тұстары

OPPORTUNITIES

Мүмкіндіктер


















THREATS

Қауіптер




© 2010-2022