Ашық сабақ: Мектеп асханасы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мектептің асханасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мектептің асханасы туралы білу, асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету.

Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану.

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілікке, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық; асхананың суреті.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Сәлемдесу.

ә) Балаларды түгендеу.

б) Тіл дамыту сұрақтары.

II. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау

ІІІ. Кіріспе:

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім мәтінді оқиды. Сол мәтінді талқылап, сабақтың тақырыбына шығу.

Мен 24-мектепте оқимын. Біздің мектепте асхана екінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Асханада шырын, шай, кофе сатылады. Біз ас мәзірі бойынша тапсырыс береміз. Асханада тұшпара, манты, сорпа т.б. тағамдар сатылады. Түрлі салаттар дайындайды. Аспазшылар қызметі бізге өте ұнайды.

- Мынау мәтін не туралы?

- Нешінші мектепттің асханасы туралы?

- Асхана нешінші қабатта?

- Сонымен біз бүгін не туралы сөйлесеміз? Ендеше тақырыбымыз қандай? Тақырыбымыз - Мектептің асханасы.

Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын ашу.

- Балалар, біз бүгін сабаққа қандай мақсат қоямыз?

- Мақсаты - асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу, диалог құрастыру.

V Сөздік жұмысы:

- Жаңа сөздермен танысайық. Сөздерді оқып, сөйлем құрастыру. Айтылым.

ас мәзірі - меню

шырын - сок

тамақ - блюдо

ботқа - каша

ыстық тамақ - второе блюдо

ас қасық - столовая ложка

аспаз - повар

шанышқы - вилка

тоқаш - булочка

Жаңа тақырыпты бекіту:

- Ал біздің мектептің асханамыз туралы тағы не білесіңдер?

- Асханада не бар?

1-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар. (ауызша) Айтылым.

2-тапсырма. Сөйлемді орын тәртібімен дұрыс құраңдар.

1) Тамақтың, қолды, алдында, жуу керек.

2) Мектеп екіншіі, орналасқан, қабатта, асханасы.

3) Мен, жеймін, ботқа..

4) Дастарқанда, болады, бауырсақ, тұшпара.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

3-тапсырма. Жазылым. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

- Мектепте тамақтанасың ба?

- Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?

- Сен қандай тамақ ішесің?

• 4-тапсырма. Дұрыс аудармасын табыңдар?

Таңғы ас готовить еду

Дәмді тағам ужин

Жіңішкелеп кесу вкусное блюдо

Асты дайындау завтрак

Кешкі ас мелко резать

VІ Қорытынды:

Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық? Мақсатқа жеттік пе?

1 Асхана Не туралы сөйлестік?

2 әдемі, үлкен Біздің асханамыз қандай?

3 тамақтанамыз, тапсырыс береміз, ішеміз Біз асханада не істейміз?

4 Маған мектеп асхананың тағамдары ұнайды.

5 Дәмхана

V ІІ Бағалау:

VІІІ Үй жұмысы: 3 мақал-мәтел жаттау

© 2010-2022