А. Байтұрсынов Өгіз бен бақа

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.

2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.

ІІІ. Білім тексеру

Сұрақ жауап

1.Мысал өлеңдер деген не?

2. Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?

3.Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Суретпен жұмыс:

Өгіз бен бақаның суретін көрсету.

  • Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.

  • Мысалды мәнерлеп оқу.

  • Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.

  1. Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.

  2. Көрсеқызар бақа.

  3. Бақаның қарнын керуі.

  4. Бақаның жарылып өлуі.

  5. Әлін білмеген әлек.

VІ. Түсінік тексеру

Сұрақ жауап

  • Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?

  • Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс - тәсілдерді пайдаланған? Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

  • Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.


VІІІ.Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал

өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.



© 2010-2022