Урок казахского языка на тему Үргеніш шешен мен Сырым

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі орыс сыныбында.

Сабақтың тақырыбы: Үргеніш шешен мен Сырым

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау. Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру. Грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру.

2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорларын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды шешендік өнердің тарихымен таныстыру арқылы шешендік өнерге баулу, көпшілік алдында сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы ,түсіндіру, мәтінмен жұмыс, тапсырмалар орындау.

Көрнекіліктер:оқулық, сөздік, интерактивті тақта.

Пайдаланатын әдебиеттер: «Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

А. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Ә. Сабаққа назарларын аудару.

II. Өткен тақырыпты пысықтау.

  • Балалар, біз «Шешендік сөздер» модульі бойынша қандай шешен адамдарды білеміз?(слайд)

  • Енді, сөз мағыналарын еске түсіріп, сөздердің лексикалық мағынасының түрлерін айтайық.

Олар:

Сөздің тура мағынасы.

Сөздің ауыспалы мағынасы.

Сөздің көп мағынасы.

Омоним.Синоним. Антоним.

Мысалдар келтіреміз.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

  2. Кіріспе сөз.

  • Балалар, біз бүгін шешендік өнер, сөздер туралы айтамыз және сөз мағыналарын қайта жаңғыртамыз.

IV. Лексикалық тақырыпты түсіндіру.

  1. Сөздікпен жұмыс жүргізу.

Мәтіннен алынған сөз тіркестерін түсініп алу.

Сөз тіркестері тақтада тұрады, оқушылар аударады. (интерактивті тақтада)

  1. Мәтінмен жұмыс.

  • - Мәтін туралы қосымша мәлімет беру:

  • - Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.

  • - Рөлге бөліп оқиды.

  • - Мазмұнын орыс тілінде айтамыз.

  • 3. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анық таймыз. (кестені толтыру, интерактивті тақтада орындалады)

Мәтін сөйлемдері. Дұрыс+ Бұрыс -

Үргеніштің ханы Сырымды

«батыр кісі» деп естейді екен.

Сөз анасы - құлақ .

Су анасы - бұлақ.

Жол анасы - тұяқ.

Дау мұраты - шешу.

Қыз мұраты - кету.

Жол мұраты - жету.

V. Оқулықтағы тапсырмаларды шарты бойынша орындаймыз.

4- тапсырма. Мына сөздердің антоним сыңарын мәтіннен тауып, сөйлем құраңдар.

Қорқақ - батыр Ұтылмау - жеңілмеу Келу - кету

Үлгі: Қорқақ күнде өледі,

Батыр бір рет өледі. (интерактивті тақтада орындалады)

5- тапсырма. Сөйлемдердің баяндауыштарын өзгертіп көшіріңдер, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

  1. Сырым мен Үргеніш шешен жарысты.

  2. Үргеніш шешен үш сауал айтты.

  3. Менің қарағанымды қалай байқадың? (интерактивті тақтада орындалады)

7-тапсырма. Сөздерді мағыналық жағынан сәйкестендіріп оқыңдар.

  1. СУрок казахского языка на тему Үргеніш шешен мен Сырымөз анасы а.тұяқ

  2. Су анасы ә. құлақ

  3. Жол анасы б. бұлақ

  4. Дау мұраты в. жету

  5. Сауда мұраты г. біту

  6. Қыз мұраты ғ. ұту

  7. Жол мұраты д. кету

(интерактивті тақтада орындалады)

6 - тапсырма. Синонимдерді қарастырып сөйлем құраңдар.

VI. Сабақты бекіту.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қойыңдар.

Үлгі: Үргеніштің ханы Сырым туралы не естиді?

Жалғастыр.

VIІ. Қорытындылау.

Сонымен, балалар, шешен адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауаптары)

VIІІ. Үйге тапсырма: 49- беттегі 11-тапсырма.

Әңгіме мазмұны бойынша сценарий жазыңдар.

ІХ. Бағалау.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ө.Н. Жексембекова

№14 орта мектеп - гимназиясы

Талдықорған қаласы



© 2010-2022