Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын тұрғысынан ойлау. ( Сабақ үлгісі).

Жас ұрпағым, өшпеңдер! (Мәтін автордікі)

Қасқая қарап қарсы тұрса қас тірлік,

Қабылан түрмен атылардай бас түрдік.

Жабуын бекем жабағы күннің жауыппыз,

Жаурамай өткен,

сыналғанда жас күндік.

Арқаға жүкті батпандатқан тұста нық,

Тізені бүгіп, қара жерді құшпадық.

«Боркемік болма!» Деген сөзін шалдардың,

Буынға байлап,

тірек қылып ұстадық.

Үміттен болды алдымызда күн бағыт,

Өрлігін ұстап қайсарлардың тынбадық.

Тобықтан қаққан таршылық кеп қысқанда,

Иілдік, бірақ

Түп тамырдан сынбадық.

Заманның көрдік, сынға алған тарлығын,

Кезін де тарлық, берекелі барлығын.

Бағзыдан қалған қанымызда өрлік бар,

Ұсақтық емес,

көрсеттік біз нарлығын.

Осылай болды, жас ұрпағым, өткелдер,

Өскендер көп қой, болған болар шөккендер.

Арбайды уақыт, алдар күндер, бірақ та,

Жасықтық жаулап,

жанбай жатып өшпеңдер!

Сабақ тақырыбы: «Жас ұрпағым, өшпеңдер!».

Сабақтың мақсаты: Оқушылар еліміздің өткен тарихынан мәлімет алады. «Жас ұрпағым, өшпеңдер!». өлеңінің мазмұнымен танысады. Ел тарихымен, кешегі, бүгінгісімен туралы білімдерін толықтырады.

Міндеттері:

Мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады. Сөздік қоры молаяды, өлең мазмұнын игере алады. Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.

Стратегиялар: «Ассоциация», «Кубизм», «5 минуттық эссе», «Семантикалық карта».

Құрал - жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер

Көрнекілік:

Өлең талдауға арналған схемалар, интерактивті тақта


БУЫН

БУНАҚ

ҰЙҚАС

ТАРМАҚ

Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлауСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлауСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлауСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

ШУМАҚ

ТАҚЫРЫП

Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

ИДЕЯ

ЖАНРСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлауСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлауСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлауСабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ жоспары Сын тұрғысынан ойлау

Әдебиет теориясы

ТҮРІ

СТИЛІ

Көркемдігі


Сабақтың барысы:

I Қызығушылықты ояту

1. Тәуелсіз ел. «Ассоциация» стратегиясы бойынша сынып оқушыларының барлығы бірдей жұмыс жүргізеді.

1.Жеке жұмыс

2. Жұппен жұмыс

3. Топпен жұмыс

4. Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды.

II Мағынаны ажырату

Тәуелсіздік тарихына қысқаша шолу

«Жас ұрпағым, өшпеңдер!» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып шығады.

Әрбір оқушы өлең мазмұнымен жекелей іштей оқып танысады.

Сөздік жұмыс

Қабылан -айбатты, жыртқыш аң.

Жабағы - жылқы малының құлынннан кейінгі төлі.

Батпан - ауыр салмақ.

Боркемік - діні бос, ынжық, жуас мағынасында.

Таралғы - үзеңгі мен ердің аралығындағы қайыс.

Бағзы- бұрын, өткен.

Оқушылар өлең мазмұнымен, өлеңдегі түсініксіз сөздермен таныс болғаннан кейін «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты айналдырып лақтыра отырып, әрбір топқа берілген сұрақтың ретін анықтайды.

сұрақ беріледі

жеке жұмыс

жұппен жұмыс

топпен жұмыс

спикер қорғайды

суреттеу, сипаттау

Сұрақ. Ақын өлең мазмұыныда қай кезеңдерді сөз қылған? Өлең жолдарына мысал келтіре отырып айтып беріңдер.

Салыстыру. Сұрақ. Өткен кезең мен бүгінгі кезеңнен мысал келтіре отырып, ел бейнесіне салыстырмалы мінездеме беріңдер.

Зерттеу. Сұрақ: Өлеңдегі уақыт сынына қарсы тұрғандар кімдер? Оларда қандай мақсат болды?

Қажеттілігін бағалау. Сұрақ «Жас ұрпағым, өшпеңдер!» өлеңін оқи отырып, қандай рухани қасиет қабылдадың?

...Тобықтан қаққан таршылық кеп қысқанда,

Иілдік, бірақ түп тамырдан сынбадық. -

деген өлең жолдарындағы ақын ойының маңыздылығы неде?

ІІІ «5 минуттық эссе» стратегиясы

Тақырыбы: «Мен болашақ иесімін»

Оқушы жеке жазады.

жұппен жұмыс

топпен жұмыс

спикер ең жақсы эссені оқып қорғайды.

Үйге тапсырма: «Семантикалық картаны» толықтырып аяқтау.

Өлеңге жоспар құру, мәнерлеп оқу.

Семантикалық карта


Сипаттама

Зерттеу объектісі

Өлең құрылысы

Эпитет

Теңеу

Кейіптеу

Синоним

Антоним



Әдеби - теориялық ұғымдар, өлеңнің көркемдік тіліне талдау

Буын

Бунақ

ұйқас

тармақ

шумақ

жанр

түр

Көркем

дік

Идея,

Тақырып




Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады. Ол үшін үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілдерін қолдануға болады. Қызығушылықты ояту, мағныны тану, ой толғаныс кезеңдері.

І Қызығушылықты ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Мысалы, тақырыптың атын, затын түсіндіруден бастаймын. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланған.

ІІ Мағынаны тану - жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кзеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейтді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, V білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңалық, ? мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып, оны тобымен талқылайды.

«Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Кубизм» сияқты стратегиялар ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін :

-Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;

-Оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану;

-Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;

-Оқушылардың бір - біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап теу.

Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірді тыңдауға, құрметтеуге, бар ынтасымен оқуға беріледі, баланың танымдық белсенділігі артады, өз бетінше білім алады, шығармашылығы артады және ізденеді.


© 2010-2022