Ашық сабақ 9 сынып қазақ тілі

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Қылқалам шебері 107-110 бет

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы

Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың тұңғыш суретшісі Е.Сидоркин өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Қос сөздер, сан есім, оның жасалу жолдары жайлы білім беру.

2. Оқушылардың тілдік материалдарды меңгеру дағдыларын дамыту, дүниетану аяларын кеңейту.

3. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру.

Қосымша материалдар: слайд,мәтін,диалог,презентация

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: 105-107 бет, 1,3-тапсырма-мазмұндау -таңдауы бойынша, ережені қайталау,мысалдар келтіру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Мәтінмен жұмыс: 1-тапсырма

  • Е.Сидоркин туралы мәтінді мәнерлеп оқып шығу;

  • Мәтінді орыс тіліне аудара отырып, мазмұндау;

  • Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізу;

  • Мәтін бойынша жоспар құру:

I. Е.Сидоркин -Қазақстан Республикасының қылқалам шебері.

II. Шығармашылығының тақырыбы.

ІІІ.Марапаттары.

2.Жазбаша жұмысы

1-тапсырма (сан есімдерді теріп,сөзбен жазу)

3.Шығармашылық жұмыс «Көркемсурет галереясы» 2-тапсырма

Топпен жұмыс -деңгейлік тапсырмаларды орындау

1-топ -мәтінді оқу,аудару

2-топ- диалог құрастыру І-деңгей

3-топ жоспар құрастыру ІІ-деңгей

4.Грамматикамен жұмыс Қос сөздер, сан есім (ережені талдау,мысалдар келтіру)

5.Жазбаша жұмысы 2- тапсырма (сан есімнің түрін анықтап жазу)

6. Диалогпен жұмыс

3-тапсырма (сұхбаттасу)

ІҮ. Үйге тапсырма 107-110 бет, 1,2-тапсырма-мазмұндау -таңдауы бойынша, ережені қайталау,мысалдар келтіру

Ү. Сабақты бекіту.

-Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.




© 2010-2022