Открытый урок по казахскому языку на тему Түйе үстіндегі кітапхана (8 сынып)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Эпиграф:

"Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, одан да көп оқу керек!"-дейді ғалым, сыншы Д.Писарев.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8 "А"

Мұғалімі: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: мектеп кітапханасы туралы жан - жақты мәлімет беру;

2. Тәрбиелік: кітапты құрметтеуге, таза, жыртпай, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқу, ойлау, жазу, сөйлеу, оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиялары, сұрақ-жауап, өткен тақырыппен байланыстыру, техникалық құралдар көмегіне сүйену, жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Көрнекілік құралдар: жануарлардың суреттері, слайд-шоу, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиялары, сұрақ-жауап, өткен тақырыппен байланыстыру, техникалық құралдар көмегіне сүйену, жеке оқушымен жұмыс

Лексикалық минимум:

сүйеді-любит

құрметтейді-уважает

жыртпай-не рви

ұста-держи

күтіп-береги

үйретемін-учу

қабат - этаж

шығарма - произведение

аула - двор

мейірімді - добрый (ая)

жиі- часто

жарық -светлый (ая, ое)


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу.

Өтілген материал бойынша қайталау сұрақтары.

- Бүгін нешесі?

- ...................................

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- ..........................................

ІІ. Сабақтың мақсатын айту.

  • бүгін сабақта: үй жұмысын тексереміз;

  • мектеп кітапханасы туралы әңгімелейміз;

  • жаңа сөздермен танысамыз;

  • мәтінді оқимыз, аударамыз.

ІІІ. Үй жұмысын тексереміз: кітап туралы қанатты сөдер, жұмбақтар, өлең жаттап келу.

І топ: Қанатты сөздер.

Кітап-ең әділ, ең шыншыл, ең сенімді досың. Жақсы кітап жинай білген жақсы, ал оларды оқып отыру-одан да жақсы.

Жақсы кітап алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың.

(Вольтер)

Кітап дегеніміз біздің заманымыздың өмірі.

(В. Белинский)

Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.

(Л.Толстой)

Кітапсыз үй-тересесіз бөлме.

(Д. Вильсон)

Ғылым сырын білсем деп,

Көкте күн боп күлсем деп,

Кітап оқыр бір бөбек.

(Ө. Тұрманжанов)

Әліппе-білім алудың алғашқы баспалдағы.

Кітап-білім бұлағы.

Кітап-адамның досы.

(Л. Толстой)

Жақсы кітап-адал дос, ақыл, жолдас,

Ондай ешкім, еш нәрсе жақын болмас.

(М. Әлімбаев)

Кітап-сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші.

Білімнің терең көзі-кітап.

Кітап-сенің ақылды, адал досың, өмірлік жолдасың.

Кітап-бағалы ұстаз, ақыл, ой, тәрбиеші, сенің шың досың.

Кітап-білім бұлағы.

Кітап-білімнің жолдасы.

Ол-ғылымның ордасы.

Кітап-көп ақылдың құйылған көзі.

Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

Кітап-жан айнасы.

Кітап-ұлы тәрбиеші.

Кітап-сенің шын досың, өмірлік серігің.

Ақылдың қазынасы-білім.

Күш-білімде, білім-кітапта.

Білім-қымбат, білу-қиын.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

ІІ топ: Кітап туралы өлеңдерді жақа айту.

Кітап.

Ата білсе сырын кім,

Кітап көзі білімнің;

Жанашыры, жыршысы,

Туған ана тілмнің.

Кітап.

Болса қолда кітабың,

Жалғызбын деп қынжылма.

Ашар саған құшағын,

Айнымас дом мың жылда.

Кітап-жеміс ағашы

Кітап та-алма ағашы,

Жемісін біздер теретін,

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

(М.Әлімбаев)

ІІІ топ: Кітап туралы жұмбақтар.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

Бұл не?

(Кітап)

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Корек қып пайдаланар тамам халық.

(Кітап)

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

(Әліппе)

Жаңа сабақ. Мектептің кітапханасы.

Жаңа сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру: бірінші қабат, қызық шығарма, таза аула. Мекткеп кітапханасы бірінші қабатта орналасқан.

Мәтінді түсініп оқып шығып, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріндер.

Мен № 3 мектепте оқимын. Мектеп 6 ықшам ауданында орналасқан. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхана үлкен, кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейірімді адам. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің ақын-жазушыларының шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын.

Карточкамен жұмыс. 1-карточка. Берілген сөзді септе: кітапхана.

2-кароточка. Берілген сөзге фонетикалық талдау жаса: кітап.

Грамматикалық тапсырма. 1-тапсырма. Төмендегі сан есімдерді реттік сан есімге айнылдырыңдар.

Бір, он екі, жиырма, отыз үш, қырық тоғыз, елу, алпыс, екі мың, екі мың он.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Қосымша материал.

Кітап.

Мені халық сүйеді, құрметтейді. Мен де адамды жақсы көремін. Мен адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды білімді, өнерлі болуға баулимын, Ойлаңдаршы, балалар! Мен сонда кіммін? Мен-адамның досымын. Менің атым-кітап. Мен сенің қолыңда тұрмын. Мені жыртпай, күтіп, таза ұста! Мен-сенің сенімді досымын.

(Ө. Тұрманжанов)

Мәтін бойынша сұрақ құрастыру:

1. Кітапты халық қалай сүйіп, құрметтейді?

2. Кітап адамға нені үйретеді?

3. Адамның досы не?

4. Кітапты қалай күтіп ұстау керек?

Карточкамен жұмысты тексеру.

Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясы. Бес жол өлең.

1. Кітап.

2. Жақсы, ақылды.

3. Құрметтейміз, жыртпаймыз, таза ұстаймыз.

4. Кітап-көп ақылдың құйылған көзі.

5. Білім.

Познавательная минутка. А знаешь ли ты? Танымдық сәт. Сен білесің бе?

Түйе үстіндегі кітапхана.

Парсы ғалымы Уазыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген адам екен. Оның мыңдаған кітап қоры бар үлкен кітапханасы болыпты. Ол мемлекет қайраткері әрі әскери адам болған. Өмірінің тең жартысын ат үстінде, жорық жолында өткізген. Бір қызығы, ол жорыққа аттанғанда, өзімен бірге осы кітапханасын да алып шығады екен. Кітапты артуға 400-дей түйе бөлінетін.

Кітап артқан түйелер керуені бейне бір каталог сияқты болған. Түйелер барлық жорық жолында алфавит бойынша тізіліп жүрген. Ал, кітапханашылар Уазыр Сахибқа кез келген уақытта керекті кітабын тауып апарады екен. Сөйтіп, түйе үстіндегі кітапхана басқа да жауынгерлердің рухани азығы болған.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

1. Уазыр Сахиб кім?

2. Ол нені жақсы көрген?

3. Оның несі болыпты?

4. Ол қандай қызмет атқарған?

5. Кітаптарды қанша түйеге артқан?

6. Керуен қандай болған?

7. Кітапханашылар керекті кітапты ғалымға қалай тауып берген?

8. Жауынгерлердің рухани азығы не болған?

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып, сөйлемдерді жазыңдар.

Мектепте ... мұғалім жұмыс істейді. Күніне ... сабақтан болады. Мұғалім ... журнал толтырады. Үстел үстінде ... дәптер жатыр. Бала ... қалам сатып алды. Кабинетте ... терезе бар. Онда ... парта тұр. Қазақ тілінен ... тапсырма орындадым.

Тәрбие сәті. Воспитательный момент

«Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, одан да көп оқу керек»,-дейді Д.Писарев.

Кітапты таза, ұқыпты, жыртпай ұстау керек. Кітап жыртылса, мұқабасын түптеу керек.

Пайдалы кеңес. /Полезный совет/

Кітапты шала оқыма.

Кітапты шала-шарпы оқу зиян. Шала оқысаң, оқуын бойына жұқпайды. Ылғи шала-пұла, тез оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға еңбегін еш болады.

Сондықтан сендерге айтарым: кітапты шала оқымаңдар. Бастаған кітабыңды аяғына дейін оқитын бол. Сонда кітапқа деген қызығушылығын арта түседі. Кітапты да газет оқыған сияқты күнде оқу керек. Ылғи бір мезгілде оқып үйрен. Оқитын мезгілің болғанда кітап оқуға аңсарың ауып, кітапты қалай қолыңа алғаныңды білмей қаласың. Белгілі уақытта ас ішіп дағдыланғаның сияқты, кітап оқу да әдетке айналады. Сондықтан кітапты шала оқыма, тиянақты оқитын бол.

(Ө. Тұрманжанов)

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

1. Кітапты қалай оқу керек?

2. Кітапты қалай оқыған зиян?

3. Кітапты бір мезгілде оқудың пайдасы неде?

Сөздік:

шала-наполовину, поверхностно

аяғына дейін-до конца

ылғи бір мезгілде-постоянно в одно время

аңсары ауып-жаждать, желать

әдетке айналу-приобрести навык

тиянақты-постоянно, устойчиво

Оқушының қосымша мәліметі.

Білім де ана сүті секілді.

Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. "Ай ортақ, Күн ортақ, Жақсы ортақ" дейді халық.

Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес.

М. Горький: "Мен өз бойындағы барлық жақсылығым үшін, алдымен кітапқа борыштымын",-дейді. Әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай, жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болды.

М. В. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Ол көп ізденіп, көп оқу арқылы дүние жүзіне белгілі ғалым болды.

"Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, одан да көп оқу керек!"-дейді ғалым, сыншы Д.Писарев.

Карл Маркстың қызы Лаура: "Сіздің ең жақсы көретін қызметіңіз не?"-деп сұрағанда,-Кітап оқу",-деп жауап берген еді.

Сенің білмегеніңді алғаш сұрап, білетін ғалым досың да-кітап. Кітап-ақылдың кені.

(Ө. Тұрманжанов)

Оқушының қосымша мәліметі. История библиотеки.

Само слово «библиотека» - греческого происхождения. Самые ранние данные об античных библиотеках относятся ко II тыс. до н. э. В VI-IV вв. до н. э. библиотеки были у правителей, у философов и ученых, например у Пифагора. Библиотеки впервые появились на древнем Востоке. Официально первой библиотекой считается коллекция глиняных табличек, приблизительно 2500 год до н. э., найденная в храме вавилонского города Ниппур. Одним из древнейших дошедших до нас собранием книг можно также считать ящик с папирусами, найденный в одной из гробниц близ египетских Фив. Приблизительно около 1250 года до н. э. Рамзесом II было собрано около 20000 папирусов. Самая известная древневосточная библиотека - собрание клинописных табличек из дворца ассирийского царя VII века до н. э. Ашшурбанипала в Ниневии. Основная часть табличек содержит юридическую информацию. В древней Греции первая публичная библиотека была основана в Гераклее тираном Клеархом (IV век до н. э.) . Крупнейшим центром античной книжности стала Александрийская библиотека. Она была создана в III веке до н. э. Птолемеем I и была центром образования всего эллинистического мира. Музей и большая часть Александрийской библиотеки были уничтожены приблизительно в 270 году нашей эры. Издревле люди писали на самых разнообразных материалах: на скалах, на каменных плитах, на коре деревьев, и пальмовых листьях, на глиняных табличках, на табличках из бронзы, свинца, олова, наконец, на папирусе из Египта и на пергамене - материале из телячьей кожи, названном так по городу Пергаму в Малой Азии, где во II веке до н.э. было налажено его производство. Вплоть до Х века, когда Европа познакомилась с изготовлением бумаги (да и позже), пергамен оставался здесь главным писчим материалом. На территории современного Ирака, в государстве Шумер библиотеки существовали уже более 50 веков назад. Археологи нашли в раскопанных древних городах тысячи глиняных табличек с клинописью. Сохранилась, хотя только частично, жемчужина древней поэзии - эпос о Гильгамеше. В середине III тысячелетия до н.э. шумеры изобрели клинопись, которую впоследствии с определенными изменениями применяли в Ассирии, Вавилоне, Финикии, Урарту и других государствах. Первые учебники клинописи, составленные в XVIII в. до н.э., копировались почти без изменений более тысячи лет и найдены при раскопках Ниневийской библиотеки Ашшурбанипала, созданной две с половиной тысячи лет назад.
Основной способ собирания библиотек в древнем мире - копирование документов. Ашшурбанипал рассылал по городам Месопотамии опытных писцов, которые разыскивали драгоценные книги и снимали с них копии. За сравнительно короткий срок были собраны десятки тысяч текстов по всем известным в то время отраслям знания. Самые спрашиваемые труды имелись в библиотеке в нескольких копиях. Копии снимались старательно и осмысленно. На многих табличках сохранились пометки: «С древнего подлинника списано, а затем сверено», а иногда и имена писцов. Вместо неразобранных слов писали «стерто», «не знаю».

Когда Ниневия пала, захватчики сожгли город, а пески пустыни засыпали его руины. В середине ХIХ в. английские археологи раскопали сгоревшие дворцы, храмы - и нашли библиотеку. Несмотря на грозное предостережение, начертанное на одной из табличек - «того, кто посмеет унести эти таблицы, пускай покарают своим гневом Ашпур и Белит, а имя его и его наследников навсегда пусть будет предано забвению в этой стране» - глиняные таблички упаковали в ящики и отправили в Лондон. Огромного труда потребовала их обработка и расшифровка: ведь таблички были разбиты и разрознены. Помогли не только знания и мастерство ученых, но и порядок, в котором содержалась когда-то Ниневийская библиотека. Таблички хранились в специальных глиняных кувшинах. Рубрики обозначались примерно следующим образом: грамматика, история, право, обычаи, знания о природе, география, математика, астрономия, магия, религия, легенды и сказания. Особое место среди находок занимает сборник законов царя Хаммурапи, который правил с 1792 по 1750 г. до н.э. и при котором Вавилон достиг наибольшего процветания и могущества. Для письма использовался папирус книги из него хранились в ящиках и глиняных кувшинах или в специальных футлярах. Библиотеки считались средоточием мудрости. Над входом в знаменитую библиотеку храма Рамессеум, который построил фараон Рамзес II, была высечена надпись «Аптека для души». Храмовые библиотеки часто являлись одновременно и школами; лучшие классические тексты служили учебными материалами, а многие из них стали известны нам именно потому, что переписывались учениками в тетради. Должность хранителя была государственной и передавалась по наследству, поскольку ее могли занимать лишь те, кто обладал «высшими знаниями».

Но когда император Цинь Шихуанди в 221 г. до н.э. объединил Китай, он объявил, что право на существование имеют лишь книги по истории династии Цинь, а также по сельскому хозяйству, медицинские и гадательные - остальные же приказал сжечь. И еще более полувека императоры следующей, Ханьской, династии по-прежнему запрещали создавать библиотеки. Потом запрет был отменен. Библиотеки начали создавать еще цари древних царств. Люди практически сразу поняли ценность записанной информации, необходимость ее хранения и воспроизведения. Таблички, свитки, папирусы, книги - это все было способом хранить знания. Правда, разбросанные по всему миру, без учета, хранения, все эти знания были бесполезны. Первой известной библиотекой можно считать храм в Ниппуре. Были библиотеки и в Египте, в Греции и Риме. Легенды рассказывают о потрясающих библиотеках Древнего Мира, таких как библиотека Ассирийского Царства, Вавилонского Царства, Библиотека Фив в Древнем Египте, Древнегреческие и Древнеримские Библиотеки, знаменитой Александрийской Библиотеки.

3-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Біздің мектеп ... көшесінде орналасқан. Мектеп ... қабатты. ... кітапхана бар. Кітапхана ..., ..., ... . Мен кітапханаға ... барамын.

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар.

На улице Уалиханова, этаж, большая библиотека, произведение, очень добрая.

Сабақты бекіту:

  1. Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Үй жұмысы: берілген тақырыптарға шағын шығарма жазыңдар.

1. «Кітапхана»

2. "Мен кітапты қалай жинадым?"

3. "Жеке кітапханаларын бар ма?

4. "Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасындар?"

Бағалау.


© 2010-2022