Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ)Етістіктің шақтарын қайталау

( ҮІІ сынып )

Сабақ мақсаты:

Білімділік . Оқушылардың етістіктің шақтарынан алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру;

Дамытушылық. Ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

Тәрбиелік. Орындалатын жұмыстар арқылы еңбексүйгіштікке, туған жерді сүюге, бауырмалдыққа тәрбилеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карталар, оқулық, схемалар, топ аттары, мақалдар жазылған таблицалар, перфокарталар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Өткен тақырыпты қайталау.

-Балалар, біз сендермен етістіктің шақтарын қайталаймыз.

Сендердің білімдеріңді тексеремін. Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар. Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына мақалдардың мәнін ашып алайық.

Тұлпар шаба жетіледі ,

Сұңқар ұша жетіледі.

Ендеше топтың аттары - «Тұлпар» және «Сұңқар». Сайысымызды бастаймыз.

III. Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялық білімін тексеру).

1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?

2.Етістіктің шақтарының қандай түрлері бар?

3.Осы шақ, оның қандай түрлері бар?

4.Өткен шақ, оның қандай түрлері бар?

5.Келер шақ, оның қандай түрлері бар?

6.Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы өткен шақтың айырмашылығы

қандай ?

( Әр топтан 3 оқушыдан шығып жауап береді)

IV. Оқулықпен жұмыс ( тақтада және дәптерде орындау).

Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезек шығарып, етістіктердің шағын анықтату.

Оқып отыр- нақ осы шақ.

Көрінеді - ауыспалы осы шақ.

Артына қарады - жедел өткен шақ.

Апарған, апарып еді - бұрынғы өткен шақ.

Сұрамайтынмын - ауыспалы өткен шақ.

Ашарсыңдар -болжалды келер шақ.

Алмақсыңдар - мақсатты келер шақ.

Ертең кездеседі - ауыспалы келер шақ.

V.Сергіту сәті. «Поэзия минуты».

Қасым Аманжоловтың өлең жолдарын оқушыларға мәнерлеп оқыту. (168 - жаттығу)

Өлең не туралы? Авторы кім?

Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?

Өлеңдегі шақ түрлерін ажырату.

тарқар, тартар,шалқиды, тұр


VI. Салыстыру. «Венн диаграмасы»

Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ пен ауыспалы өткен шақты салыстыру

1.Ауыспалы осы шақ 2.Ауыспалы өткен шақ

-а, -е, -й жұрнағы арқылы жасалады -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарына

бар-а-мын, көр-е-мін, қара-й-мын жіктік жалғауы жалғану арқылы жа-

салады, -ушы, -уші қосымшасына немесе

-атын, -етін, -йтын,-йтін жұрнақтарына еді

көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады

3.Ауыспалы келер шақ

-а,-е,-й жұрнағы арқылы жасалады,

мезгіл мәнді сөздер қатысуымен

жасалады

ертең барамын, енді көремін

VII. Шақ түрлеріне мақал-мәтелдер жарысы.( Әр топтан шығып сөйлем мүшелеріне талдау)

1.Жақсы жүрген жерін мақтап жүреді,

Жаман жүрген жерін даттап жүреді.

2.Талапты ерге нұр жауар.

3.Ұсталы ел озар,

Ұстасыз ел тозар.

4.Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

5.Айдағаның бес ешкі

Ысқырығың жер жарады.

6.Піл көтермегенді тіл көтереді.

ҮІІІ. Ойлан тап.

«Тұлпар» тобына«Сәйкестік тесті»

Бөлмеде отыр тұйық етістік

Сұрау есімше

Айтпаған мақсатты келер шақ

Өсіп осы шақ

Ертең кездеседі көсемше

Қатыспақ келер шақ

« Сұңқар» тобына семантикалық карта толтыру

Мысалдар

Нақ осы шақ

Ауысп осы шақ

Болжал. келер шақ

Мақскелер шақ

Ауысп келер шақ

Бұрынғы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Ауысп өткен шақ

1

Ол осы үйде

тұрады



2

Ертең кезде-

су өтеді.



3

Сөз сөйле-

мек



4

Мен айтар-

мын



5

Жиі кездесе-тінбіз



6

Сен айтқан-сың



ІХ Сабақты бекіту. «Топтастыру»

-Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістіктің шақтарының неше түрі бар?

Ш А Қ

О Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

Нақ осы шақ Мақсатты келер шақ Жедел өткен шақ

Болжалды келер шақ Бұрынғы өткен шақ

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы келер шақ Ауыспалы өткен шақ

Х Сабақты қорыту.

1. Оқушылардың жауап бергеніне қарай жеңген топты анықтау.

2. Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: 171-жаттығу. «Әр шақта болған оқиға» тақырыбына мәтін құрап келу.

Нұржан Ажибекова

қазақ тілі мен әдебиеті піні мұғалімі,

«Сарытөбе орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі,

Панфилов ауданы








© 2010-2022