Классный час на каз. языке Ертегіде қонақта

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

1 «А» сыныбы

«Ертегіде қонақта» сынып сағаты

Мақсаты:

  • ертегіні сахналап қою арқылы халық ауыз әдебиеті шығармалары кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, оқушыларды өз көзқарастарын білдіруге үйрету.

  • оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттер мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу, жауапкершілікке тәрбиелей отырып достық қарым-қатынастарын арттыру.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің киімдері, ертегілер кітабынан көрме, жұмбақтар, ән.

Барысы:

Ән: «Ассалаумалейкум!»

Орындайтын: Ерасыл

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар ұстаздар мен келген қонақтар!

Бүгінгі біздің 1 «А» сыныбында өткелі отырған «Ертегіде қонақта» атты сынып сағатына қош келдіңіздер. Олай болса балаларға сөз кезегін берейік.

Ортаға оқушылар шығады:

Найля: Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

Аружан: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген
Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

Зере: Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

М. Томирис: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Мұғалім:

- Олай болса «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалайық.

(ертегіні сахналап көрсету)

- Балалар, біз көрген ертегі сендерге таныс па?

- Оны сендер қайдан білесіңдер?

- Сендерге кім айтып берді?

- Осы ертегі арқылы біз неге үйренеміз?

(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

Мұғалім:

  • Балалар, ал сендер қандай ертегі білесіңдер?

  • Ертегі оқыған сендерге ұнайды ма?

  • Несімен ұнайды?

  • Ал, сендер осы ертегілерде кездесетін кейіпкерлер туралы жұмбақтар білесіңдер ме?

  • Олай болса, қане жұмбақтар шешіп көрейік.

Жұмбақтар шешу:

Әміржан: Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан.
Шешуі: (бауырсақ)

Даниса: Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан.
Шешуі: (Алладин)

Мансұр: Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде.
Тыңдамаған мысықты,
Салыпты ғой әлекке.
Шешуі: (Мақта қыз бен мысық)

Айлин: Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира, Бану достары
Шерхан оның қас жауы.
Шешуі: (Маугли)

Ибрагим: Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады.
Шешуі: (Қызыл телпек)

Асылтөре: Аяғынан тұсаулап,
Кемпір оны ұстайды.
Желмен ұшар желпілдеп
Босап кетсе бұл шалы.
Шешуі: (Қаңбақ шал)

Мұғалім:

  • Балалар, ал сендердің сүйікті ертегі кейіпкерлерің бар ма?

  • Не сен ол кейіпкерді таңдап алдың?

  • Неге сен оған ұқсағың келеді?

(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

Ән: «Ертегілер»

Орындайтын: Айым


  • Осымен біздің сынып сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!

  • Кездескенше!



© 2010-2022