«Төзім мен табандылық»

Пәні: Өзін- өзі тану Сыныбы: 4 Уақыты: Сабақтың тақырыбы: «Төзім мен табандылық» Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:А) ақпараттықӘ) комуникативтікБ) проблеманы шешу Оқушыларға «төзімділік», «табандылық», «қажырлылық», «шыдамдылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру;−төзімділік пен табандылық секілді адами баға жетпес құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру ;− оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;−төзімділік,сабырлылық,байсалдыл...
Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Өзін- өзі тану

Сыныбы:

4

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

«Төзім мен табандылық»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:

А) ақпараттық

Ә) комуникативтік

Б) проблеманы шешу

Оқушыларға «төзімділік», «табандылық», «қажырлылық», «шыдамдылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру;

−төзімділік пен табандылық секілді адами баға жетпес құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру ;

− оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

−төзімділік,сабырлылық,байсалдылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі:

Жаңа материалды түсіндіру

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Түсіндіре отырып оза оқыту, дамыта оқыту технологиялары;

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі−иллюстративті, практикалық

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, бейнелеу өнері, музыка

Оқу құралдары:

Оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

1I.Ұйымдастыру бөлімі







II.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе





III.Жаңа материалды түсіндіру













IY.Сабақты бекіту




Y.Қорытынды

−Сәлеметсіздерме оқушылар?

−Бүгінгі көңіл−күйлерің қалай?

−Сабаққа дайынсыңдар ма?

Оқушылар сабағымызды әдеттегідей

«Шаттық шеңберінен» бастаймыз.

−Барлығымыз шеңбер құрып, оқулықтағы З. Жұманованың сөзіне жазылған, «Ашу мен сабыр» өлеңін орындайық.

Ашу мен сабыр

З.Жұманова

Бермейтіндей өткелді,

Бұрқ сарқ етіп тасыған,

Шолақ сайдай көктемгі

Ашушаң болма жасыңнан.

Кемелер жүзген алып тым,

Мұхиттай болшы сабырлы.

Тәлімін алған халықтын,

Байсалды жандар қадірлі.

З.Жұманова


Әңгімелесу

−Балалар, сіздер өткен сабақта «Еңбек қорлық пен еріншектік» тақырыбын өтіп, сол турасында әңгіме қозғаған болатынсыздар. Ендігі біздің бүгінгі сабағымызда төзім, табандылық сынды адами құндылықтарды тереңірек талдағалы отырмыз. Ол үшін мен сіздерге ең алдымен сұрақтар қоямын сол сұрақтарға өз ойларыңды жеткізе отырып жауап берулеріңізді сұраймын.

−Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

−Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндіңбе.


«Мәтінмен жұмыс»

−Енді оқулықта берілген Д.Әлімжановтың «Төзім» өлеңін оқып берем, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Соңында берілген сұрақтарға өз пікірлеріңізді айтып жауап берулерің сұралады.

Ардақты дос-серігің,

Арымайтын төзімің.

Бойда қайрат серігін,

Төзімді жан моймас.

Басына ауыр күн туса......

«Төзімді жан мойымас», «Төзген жетер мұратқа» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер ?


«Жағдаятты талдау»

Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдеріңді іс жүзінде асыра алуға мүмкіндік беретін жағдаяттарды шешейік.

1-жағдаят:

Төртінші сынып оқушысы Дархан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:

«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда,мен барлық шаруаны,тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.

Барлық сабақты оқып болмайынша,ешнәрсеге алаңдамаймын.

Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін »

Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырады.

  • Дархан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?

  • Өздеріңе қандай талап қоясыңдар?

«Тапсырма»

−Оқушылар, бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша білімдеріңізді бекіту мақсатында берілген берілген түйінді ойларды толықтырайық.

Ұстамды бол;

Ашушаң болмау;

Өзіңді өзің меңгере алу;

Сабыр сақтау;

Сөзбен істе әділ болу

«Жүректен жүрекке»

−Қанеки, шеңберге тұрып, бір бірімізге тілек айтып шығайық.

  • Төімді бола біл!

  • Табандылыққа үйрен!

  • Шыдамды бол!

  • Мақсатыңа жет!

  • Төзімділіктің арқасында мақсатыңа жет!


−Бүгінгі сабағымыз өз мақсатына жетті. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Әрдайым осы қасиеттерді бойымызға дары білейік.

Сонымен сіздерге сабақ ұнады ма?

Барлықтарыңыз өте жақсы қатыстыңыздар. Сабақ аяқталды.

−Сау болыңыздар!

−Сәлеметсізбе!

−жақсы

−ия

Оқушылар шеңбер құрып, «Мектеп полькасы» әнін орындайды.

Ашу мен сабыр

З.Жұманова

Бермейтіндей өткелді,

Бұрқ сарқ етіп тасыған,

Шолақ сайдай көктемгі

Ашушаң болма жасыңнан.

Кемелер жүзген алып тым,

Мұхиттай болшы сабырлы.

Тәлімін алған халықтын,

Байсалды жандар қадірлі.



Оқушылар тақырып төңірегінде мұғалімнің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді. Белсенді қатысып отырады.

−Төзімділік,табандылық адам бойындағы баға жетпес рухани құндылықтардың бірі. Бұл қасиеттері бар адам көп нәрседе жақсы нәтижеге жетеді.

−Иа,бұл қасиеттерді өз бойымнан сезіне алдым.

Мәтінді мұқият зейін қойып тыңдап, берілген сұрақтарға тиянақты жауап береді.


Төзімді жан еш уақытта қиындыққа мойымай, төзімділікпен табандылықтың арқасында өзінің алдына қойған армандары мен мақсатарына қол жеткізеді.


Дархан өзінің табандылығымен ерік күшін қалаыптастыру үшін өзіне

осындай талаптарды қойды.

Мен күделікті өмірімде әр нәрсе үшін белгілі бір уақытты белгілеп қоямын. Сабақ оқу,үйрмелерге қатысу т.б





Оқушылар мұғалім берген тапсырманы бар ынта - жігерлерімен орындайды, яғни, даналық сөздердің мағынасын ортаға салып, аша түседі.


Балалар шеңбер құрып бір-біріне тілек айтып шығады.

  • Төімді бола біл!

  • Табандылыққа үйрен!

  • Шыдамды бол!

  • Мақсатыңа жет!

  • Төзімділіктің арқасында мақсатыңа жет!

−Ия

−Сау болыңыз!


Қарым−қатынас орнату үшін белсенді іс−әрекет жасауға дайындалады.Сабаққа деген қызығушылықтары артады.


Оқушылар әнді орындау арқылы бейбіт елдің өнерлі де, білімді ұландары екенін сезініп, әрдайым алдарынан жақсы арман, бақытты күндер күлім қағып тұратынын бір сәт ұғына түседі .



Әрбір оқушы өз пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіріп, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Тақырыпқа орайлас төзім мен табандылық турасында қойылған сұрақтарды талдау арқылы әрбір бала аталған адами ізгі, баға жетпес құндылықтарға қарай ұмтылады. Бұл қасиеттер адам баласы үшін үлкен маңызға ие екендігін тереңірек ұғынады және оқушылардың сұрақтарға жауап беру барысындва ойлау қабілеттері шыңдала түседі.


Өз беттерімен пайымдап, жаңа ақпараттан алған білімдерін қалай қолданатынын үйренеді. Сабақта қаралып отырған мәселе түйінделеді. Оқушылардың назары «табандылық кез келген кедергіні жеңеді» деген

Леонардо да Винчидің нақыл сөзіне аударылып, ондағы айтылатын астарлы ойды кеңінен талдап, дәйексөздің мағынасын ашады. Оқушылар өздерін жақсы қасиеттерге қарай бағыттап, бойларына дарытуға тырысады.



Оқушылар жағдаятты талдау арқылы өз алдына тез шешім қабылдауды үйренеді, Сонымен қатар өз ойларын анық,нақты жеткізе білуге дағдыланады.





Тапсырманы орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеттері тағы бір мәрте шыныға түседі. Әр адам баласының бойынан табылу керек құнды табандылық, төзімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттердің мағынасын ұғына түседі. Шыдамды, төзімді, қажырлы адам ғана көп жерде жеңіске жететінін түсінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтан өздеріне керекті көптеген мағлұматтармен танысып, төзімділікке, табандылыққа, қажырлылыққа қарай ұмтылады.






© 2010-2022