Сабақ жоспары Ашық рай 7 - сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

6.03.2014

Сыныбы

7 - сынып

Сабақтың

тақырыбы

Ашық рай.

Ресурстар

Қазақ тілі Алматы «Атамұра» баспасы 2012 , АКТ, «Пирамида шыңы» бағалау бетшесі, постер, түрлі-түсті қарындаштар т.б.

Жалпы мақсаттары

Етістіктің райлары туралы еске түсіре отырып, ашық райға анықтама береді, тапсырмалар барысында ізденуге мүмкіндік алады.

Оқыту нәтижесі.

Оқушылар бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, мәдениеттілікке үйренеді.

Анаға деген құрмет көзқарасы қалыптасады.

Тапсырмалар

1.Ойлан, топтас, талқыла. 4.Рольдік ойын

2.Оқулықпен жұмыс 5.Шығармашылық жұмыс

3.Түрткі сұрақ

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс. Диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, ыстық орындық.

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

3- мин


4 - мин


1 - мин

9 - мин



9 - мин



3 - мин



5 - мин

5- мин


1-мин


2-мин

1- мин

1-мин


І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық. Оқушылар «Жүректен - жүрекке» бір - біріне тілек айтып, сәттілік тілеу.Оқушыларды көктемде шығатын гүл түрлеріне қарай

3 - топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

161 - жаттығу.

«Ыстық орындық»

Әр топтан бір оқушы шығып, Етістіктің райлары туралы тақырыбында сұрақтар беріледі.

«Пирамида шыңы» бағалау бетшесін тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға бағалау бетшесіне назар аудартамын.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1 - тапсырма.

Ойлан, топтас, талқыла.

Әр топқа ашық рай тақырыбын бөліп беремін.

1)Ашық рай мәні.

2)Мысалдар келтіру. Ереже шығару.

3)Қосымша мәлімет.

2 - тапсырма

Оқулықпен жұмыс

(Жәй ырғақты әуен жүріп тұрады)

162-жаттығу.Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын айту.

163- жаттығу.Ашық райлы етістіктердің қалай жасалғанын түсіндіру.

165 - жаттығу. Ашық райлы етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

3 - тапсырма

«Түрткі сұрақ»

Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесінен үзінді мәтіндер ұсынамын.

  • Алда қандай мереке келе жатыр?

  • Олай болса, берілген мәтін не туралы. Мәтін сіздерге таныс па?

  • Мәтін кімнің шығармасынан алынған. Авторы кім?

  • Мәтіннен ашық райлы етістік сөздерінің астын сызыңдар.

4- тапсырма

Рольдік ойын

Мәтіндегі ана бейнесін рольмен сомдап ашу.

5- тапсырма.

Шығармашылық жұмыс

Әр топқа:

  • 8 - наурызға байланысты ана туралы өлең шығару.

  • «Ана бақыты» ойтолғау.

  • Ана туралы ән айтады.

ІV.Сабақты бекіту:

Бұлт стратегиясы.

Ашық рай


Формативті бағалау - берілген стикерге оқушылар бүгінгі сабақты бағалап жазады.

V.Қорытынды бағалау.

VІ.Үйге тапсырма:

Ашық райлы етістіктерді қатыстырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпта шағын хабарлама жазыңдар.


Оқушылар бір- біріне жақсы тілек тілейді. Берілген гүл түрлеріне қарай 3 топқа бөлінеді.

«Бәйшешек»

«Жауқазын»

«Раушан»

Оқушылар үй жұмысын оқып, ауызша айтады. Әр топтан бір оқушы шығады, оқушылар сұрақ қояды, шыққан оқушы жауап береді.

Оқушылар бір - бірлерінің жауаптарына сәйкес сөзбен бағалайды.

Оқушылар әр тапсырма сайын шықса өз аттарын жазу керектігін түсінеді.

Оқушылар берілген тақырыпты топта талқылап, өз ойларын постерге жазып, топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Әр топ берілген жаттығу жұмыстарын дәптерге талдап, орындайды.

Топтан бір оқушы жазған тапсырмасын ауызша оқып, талдайды.

Оқушылар ойланып, ізденеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Ашық райлы сөздердің астын сызады.


Оқушылар ананың сөйлеген жерін рольге еніп сомдайды.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар сабақтан түсінгендерін бір сөзбен әр жерге жазады. Бұлт пішінін келтіреді.


Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.



Өткізген сабақтан көріністер

Сабақ жоспары Ашық рай 7 - сыныпСабақ жоспары Ашық рай 7 - сынып

Жасырын стикер Топқа бөлу

Сабақ жоспары Ашық рай 7 - сыныпСабақ жоспары Ашық рай 7 - сынып

Пирамида шыңы Топтардың тапсырма орындауы

Сабақ жоспары Ашық рай 7 - сыныпСабақ жоспары Ашық рай 7 - сынып

Ана оброзы Кері байланыс



© 2010-2022