Қазақ әдебиет сабағына арналған Абай атаға арнау өлеңі

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...»









Абай атамен сырласу

Ескермедім сөзді ескі жаңа қандай,

Кәрі қалай , сөз ұғар бала қандай ?

«Өлеңді жазба балам ермек үшін»

Деп Абай атам сынап қарағандай .

Қалам алып қосылдым үлкен көшке

Бағаланбас жырымның бәрі беске.

«Теп тегіс жұмыр келсін айналасы»

Деген сөзің әр кезде тұрады есте.

Өлеңге қосып сөзден мақалдағы

Елге ұнаса мазмұны мақамдары .

«Өлең - сөздің патшасы» өзіңіз ғой,

Болсам деймін жаяу әскер қатардағы.

Тереңнен сөз маржанын іздей алсам ,

Сөзім жеміс беретін күздей болсам .

«Болмасаңда ұқсап бақ» дегендейін

«Мыңмен жалғыз алысқан» сіздей болсам .

Арзан ұйқас қуған жыр жайқалмай жүр .

Жақсы ақын көзге түсіп байқалмай жүр.

«Қар аппақ ,бүркіт қара, түлкі қызыл»

Дегендей дұрыс теңеу айта алмай жүр.

Жырыңды оқып өстім ішіп нәрін

«Айттым сәлем қаламқас» мақтап әнін.

Рухың шат боп әркез қолдап жүрші

Жайың жәннет торқа боп топырағың .











Анашыма арнаймын

Анашым деп өмірде ұрандаймын

Сеніміңнен сен айтқан шығалғаймын .

Тоғыз ай көтердің ғой беліңізде

Ал , мен бір күн көтеріп жүре алмаймын.

Анаға ақын көп қой жыр арнаған

Анасыз өмір мына құралмаған .

Әкесіз болып бала өскенімен ,

Анасыз ешбір сәби жұбанбаған.

Білеміз түн ұйқыңды бөлгеніңді ,

Кептіріп жайғаныңды жөргегімді .

Ақ сүтіңді қайтара алам ба екен ,

Аралатсам да сізге жер - көгімді .

Ақ сүт беріп, анашым, бағып қақтың

Ұйқысыз өтті ана талай уақытың .

Қызыл шақа балаға көз тимесін

Деген оймен көз моншақ әкеп тақтың.

Анасыз перзентіңе жарық бар ма

Анадан туылған ғой алыптар да,

Құрмет жаса ананы қадірле сен

Байқаусызда бетінен алып қалма !

Өмірге ана әкелді, сосын келдің

Тәрбиелеп қосты ғой ішіне елдің.

Көзі тірі кезінде құрметтейік

Пайдасы жоқ өлген соң алтын берсең.

Тірілігінде көтерші басыңа тек

Куә қылып қуаныштың жасына тек.

Ырза болып ақ батасын бермейді ол

Асыл тасты үйгенмен басына әкеп.

Ана ғой жақты өмірге алып келген

Құс жастық, мамық бесік салып берген

Ана деген үш әріп ұлы сөзді

Жазайықшы ірі алтын әріптермен.

...

Бес күндік өмір пендеге берген олда сын

Отбасыларда сыйластық пенен пәк сезім ғана орнасын.

Айқайлап тұрып жар салғым келеді әлемге

Перзентсіз ана, анасыз бала болмасын!



Өлең сөзге мұң шағу

Ақын көп бізден бұрын өлең жазған.

Кен көріп қара сөзді терең жазған .

Естілмеген ел іші ақыныңмын

Кенші белі тимеген тұнық қазбаң.

Қазақта ақын деген көп қой сансыз

Бәйгесі қара өлеңнің болмас сансыз .

Ойып орын алмасам топ ішінен

Болғым келмес тыңшыдай үнсіз , жансыз .

Қалам алып кірейін қалың шаңға

Қалғым келмес жөтеліп қалың шаңда.

Бұлт болып жауғым келер елім үшін ,

Шық болып ылғалдамай ала таңда.

Шабыт берсе жаратқан шиырлаймын.

Бос сөз деп қыннан қылыш суырмаймын.

Абайды оқып өстім, өлең жазсам,

Таң асқан жүйрігіңдей құйындаймын.



Ақын көп өзін алғыр құсқа балар,

Жемтік қып жеңіл сөзді қалап алар.

Томаға, тұғыр білмес қыранмын мен,

Түлкі емес көкжалыңа тырнақ салар.

Өлең -теңіз, қағаз-қайық, қалам-бояу

Таяулап қайығыммен жылжим баяу.

Топқа түстім тәуекел деп тарландармен

Ізіне ертпе, аттылының қара жаяу.









Табиғаттағы қарсылық

Кей кезде қалам алып жыр жазамын

Қара өлеңнің аралап мен базарын.

Табиғатта қарама-қарсылық көп

Шаттық пенен тұспа-тұс қойды азабын.

Кір менен қатар қойды тазалықты,

Ескіге пар қылыпты жаңалықты.

Тар менен кең, ұл бала қыз баламен

Кәрілікке жастық пен балалықты.

Адамның ақ көкірек, қырсығы бар.

Біреу көсе ,біреудің қылшығы бар.

Біреудің төсек тартқан кәрісі өлсе,

Біреудің жастай кеткен қыршыны бар.

Талапты мен бар еді талапсыздық.

Білімдіге пар еді сауатсыздық.

Қара мен ақ,көк пен жер,су менен шөл

Шыдамды мен тағы бар тағатсыздық.

Әлсіз - мықты, шикі- піскен, ұзын-қысқа

Көктем мен күз тең, еді жазы қысқа

Жаратқан мұнша шебер жаратыпты

Біреу шеге қаға алмас , біреу ұста.

Ащы менен тұщы бар, өлі-тірі

Біреу майда болады біреу ірі

Біреудің күшігіне қойған аты

Біреудің сыйынатын болған пірі.

Біреу жейтін нан таппас , біреулер бай

Жер төлемен тең келмес кең хан сарай

Біреуді өміріңде бір рет көрсең

Кейбіреумен табақтас болуың талай.

Күн менен түн алмасып өтіп жатыр

Жылжып барам кәрілік саған қарай!







Төлеген Айбергеновке

Болашағым белгісіз сағым бұлдыр

Жазғым келе береді өлең құрғыр.

Төлеген басқан Тұран жеріндегі

Ізіне тамыр салған мен де бір гүл.

Ақындық алынбастай белес пе еді

Түсімде арман ,өңімде елес пе еді?

Төлеген Кегейлі деп жырға қосқан

Құт мекен менің елім емес пе еді?

Ой көп еді айтылмаған ойымдағы

Оқылмады арнаған жыр тойындағы..

Бақиға аттанарда Мұқағали

Жылап тұрды, ақынды-ақын мойындады..

Болса егер өлеңіме ел тойымды

Мен елді ,ел түсінсе ішкі ойымды.

Төлеген армандаған жырындағы

Жасасам деп ойлаймын бір тойымды!



Ғашықтық туралы

Ғашық сезім лапылдап жалындаса

Еш уақыт уайымға салынбаса.

Бұл тағдырдың қызығы болар ма еді

Ғашықтар көрісе алмай сағынбаса.

Махаббат дүниеде мәңгі жаса

Сезімнің алды айқын , арты таса.

Бұл дүние тар болады кей кездері

Біреудің қолындағы жарқыраса.

Қатқан мұзда бір күні сең болады

Ғашық дертке махаббат ем болады.

Айдай анық емес қой көп нәрселер

Ақ білекті бүркейтін жең болады.

Жүректе көз көрмейтін от жанады

Ғашық жанды ең алғаш көз табады.

Шын ғашығы күн менен кездессін деп

Айдың бетін әр кезде бұлт жабады.

Асыққан жан қос болып, сірә, оңбас

Сүймегендер ешқашан болмас жолдас

Қайықта бір ескекпен жүзе алмайды

Екі ескексіз бағытың дұрыс болмас.

Қара өлеңмен сырласу

Қара өлең бітпес байлық кенішім едің

Құшақ ашып өзіңмен көрісемін.

Ішіме сыймағанда кейде дертім

Қара өлең өзіңменен бөлісемін

Қолымнан келгенінше жыр жазайын

Ұнамаса кешіре көр, ағайын.

«Менде бір кірпіш едім дүниеге

Кетігімді табайын қаланайын».

Кезім жоқ сөз сайыста үндемеген

Ақын ба қара сөзбен түйремеген.

«Қиыннан қиыстырып сөз таба алсам»

Анадан туылғандай күйге келем.

Маған да шабыт бергін , ә құдайым

Көкейдегі сөзің боп табылайын

Мұқағали кигізген қара өлеңге

Шекпеніңе белбеу боп тағылайын.

Құдайым шабысымды бір бөлек ет

Қара нөсер құйғандай шын төпелеп

Мұқағали ешкімге ұқсамаған

Менде болғым келеді бір керемет!

Өріктің ақ гүлдері

Көктем келсе тұрасың ақ гүл ашып,

Сұлулыққа өзгемен бой таласып

Ақындар ғашығына жыр жазады

Сенің сұлу гүліңе бір қарасып

Сұлулық саған жылда бір келеді

Табиғат саған сұлу гүл береді.

Жаны құмар сенің аппақ гүлдеріңе

Адамзатқа жастық шақ бір келеді.

Нәзік гүлің көңілге нұр шашады.

Сені көріп сезімдер бүр жарады.

Әсем сұлу ақ гүлдер арасынан

Ғашықтар бір-біріне гүл ашады.

Өрігін жеп ,гүлін көріп бізде өстік.

Гүлдене бер құлпырып жылда өсіп

Тіс жарып еш біреуге өсек айтпас

Жүз ғашықтың тұрса да сөзін естіп.



Тәуелсіздік туралы жыр

Не жетсін тәуелсіздік таңымызға ,

Қолдағы шүкір дейміз барымызға.

Бодандықта жасадық қаншама жыл

Үн шығармай кемдік пен тарымызға.

Бодандықтың көп көрдік азап күнін

Тәуелсіздік таңы атты ғажап күнім.

Қазақстан танылды бүкіл елге

Әлемге әигі етіп азаттығын.

Тәуелсіздік халықтар жыры мәңгі

Болсыншы бұл әлемде сыры мәнді.

Қай заманда қазақтың ұл-қыздары

Өзге елде өз бетінше білім алды.

Жаңылыс баспау үшін жар басында

Өгіз өлмей сындырмай арбасында.

Нұр ағам байтақ елге бағыт сілтер

Бұл күнде елу елдің ортасында.

Тәуелсіздік ұмыттырып бар қайғыны,

Асқақтап тұр қазақтың өр айбыны.

Көк туымнан белгілі қазағымның

Қырандай боп биікте самғайтыны.

Ел бастап тұр қазақтың сүйікті ұлы

Астана сап атыңды биік қылды.

Бәйтеректен белгілі қазағымның

Елге сая өзгеден биіктігі.

Атыңды бар әлемге жыр етемін.

Қолдан келсе жоғыңды бар етемін.

Жүрегі сен деп соғар Маңғыстауда

Білгейсің бір қызыңның бар екенін.







...

Барымтасыз қазақта күн өтпеген,

Жер даусыз, жесір даусыз күн өтпеген

«Елім-айды» естісе әлі күнге

Қазақ емес жүрегі дір етпеген.

Қайда деп қазағымның қасқалдағы

Шүрегей деп сөздерін астарлады.

Тәуелсіздік керек деп қазағыма

Желтоқсанда толқыды жастар жаны

Маңғыстау кие қонған Ана-Жерсің

Талайлар тарихыңды естіп көрсін.

Арқалы алты алаштың асыр салған

Тозбайтын қазағыма алтын төрсің.

Өзіңде 360 әулие дейді

Сыйынсаң пана болар киелері.

Қырда Бекет , Ойдағы Санназармен

Болады екен үш жүзде алпыс екі!



...

Тәуелсіздік тұғыры алтын бесік

Жаратқан қазағыма берсін несіп.

Көш ілгері болып тұр өзгелерден

Көшпелі қазақ жұрты көшіп жүріп.

Келмеді тәуелсіздік өздігінен

Талай сынға қазағым төзді білем.

«Соқтықпалы ,соқпақсыз»жылдар өткен.

Ұғынасың тарихтың сөздігінен.

Бейбіт күнді ұрпағым жалғасын деп

Ешбір елге тәуелді болмасын деп.

Домбыра бір ішегі қазақ елі

Бір ішегін білемін елбасым деп

Құлағы домбыраның заңымыз ғой

Әуені шырқап салған әніміз ғой

Пернесін көтерілген саты деп біл

Ал, домбыра -Қазақстан жеріміз ғой.

Еркін елден ерекше түршығады

Қос ішектен таң қаларлық үн шығады

Көк туы желбіреген қазағымның

Нұрын шашып көгінде күн шығады





© 2010-2022