Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу; 2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, еркін ойлау және еркін сөйлей білу қабілеттерін арттыру, өздігінен арттыру, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру; 3. Тәрбиелік мақсаты:Туған тілін, елін, жерін, халқын, тарихын сүюге, жас ұрпақты елжендылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сараптам...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

VІІІ сыныптағы Қазақ әдебиеті сабағы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу;

2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, еркін ойлау және еркін сөйлей білу қабілеттерін арттыру, өздігінен арттыру, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік мақсаты:Туған тілін, елін, жерін, халқын, тарихын сүюге, жас ұрпақты елжендылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сараптама жасау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: зерттеу, зерделеу, түйіндеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, өзін-өзі тану

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевның шығармалар жинағы, интерактивті тақтамен жұмыс: слайд, кестелер, сызбалар.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2. Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ Жаңа сабақ

Ескерту: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинау, оны кестеге түсіру алдын-ала тапсырылады.

Мағжан, ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақын- дарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп-сезгендей боламын.

Мағжан - мәдениеті зор ақын... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі.

Мұхтар Әуезов

ақын

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыпсихолог лирик

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыалаштың ардағы ұлт мақтанышы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

ұстаз дала ұлы

азамат

Өмірдерек


Реті

Мерзімі

Өмірі мен шығармашылық жолы

1.

1893 жыл

25 маусым

Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі М. Жұмабаев ауданының Мағжан ауылында дүниеге келген.

2.

1897 жыл

Әкесі Бекеннің ауыл балаларына арнап ашқан мектебінде 4 жасынан бастап оқып, білім алады. Содан соң Қызылжар медресесінде 4 жыл оқиды, араб, парсы, түрік тілдерін үйренеді.

3.

1910-1912 жылдар

Уфадағы Медресе-Ғалияға түсіп, онда ұстаздық ететін атақты татар жазушы-сы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресе шәкірті Бейімбет Майлинмен таны-сады, өзара пікірлес, мақсаттас, мүдделес тіршілік етіп, ғұмыр кешеді.

4.

1912 жыл

Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді.

5.

1913-1917 жылдар

Омбы қаласындағы Сібір университеті атанған Омбы мұғалімдер семинария-сында оқиды.

6.

1917 жыл

«Алашорда» партиясының құрылтай сьезіне қатысып, Омбыда құрылған Ақмола облыстық үкіметіне, оның оқу комиссиясына мүше болып сайланады,

7.

1919 жыл

Қызылжардағы «Бостандық» газетінде редактор болып қызмет етеді.

8.

1922 жыл

Ташкентке келіп, «Ақ жол» газетінің, «Шолпан», «Сана» жур-налдарының жұмысына белсене араласады, бұл жылдар ақын шығармашылығының жемісті жылдары болады. Ташкенттегі Қазақ-қырғыз институтында сабақ береді

Мәскеуде оқитын қазақ жастары ақын өлеңдерін талқылап, оған «ұлтшыл, түрікшіл, ескі өмірді көксейді, т.б. айыптар тағады.

9.


1924 жыл

Басына тағы да қатердің қара бұлты төнген Мағжан амалсыз Ташкенттен Мәс-кеуге келеді, «Күншығыс» баспасында аудармашы болып қызмет етеді.

10.

1924-1927 жж.

Мәскеудегі В. Брюсов атындағы Көркем әдебиет институтында оқиды.

11.

1928 жыл

Бурабайда техникумда, Қызылжарда Партия-Кеңес мектебінде сабақ беріп, бой тасалап жүреді, өйткені бұл кез - Ф. Голощекиннің Қазақстанға «Кіші Қазан» төңкерісін жасауға кірісіп, «ұлтшыл», «байшыл» жазушылардың ізіне түскен жылдар еді.

12.

1929 жыл

Қазақ зиялыларының бір тобына жазықсыз жала жабылғанда, Мағжан да ұсталып, Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады, содан соң Карелияға жер аударылады. Беломор - Балтық каналын қазысады.

13.

1936 жыл

М. Горькийдің әйелі Пешкованың көмегімен жер аударудан босанып, елге келеді.

14.


1937 жыл 18 наурыз

Сәкен Сейфуллиннің шақыртуымен Алматыға келеді, заман сергелдеңін бастан кешіреді. Осы жылдың 30 желтоқсанында қайтадан қамауға алынады.

15.

1938 жыл

19 маусым

Қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп, жазықсыздан-жазықсыз атылады.

1-кесте



Поэма оқиғасының тарихи сипаты

Поэманың мазмұны, тақырыбы, идеясы

XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды:

  • Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспа-ғы елді қатты күйзеліске ұшыратты.

  • 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты.

  • Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қа-сына батырларды жинаған ер Абылай болды.

  • Жастайынан жорықтарға қатысып, ерлі-гінің арқасында елдің айбатты арыста-нына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді.

  • Абылайдың төңірегінде халықтың ба-тырлары шоғырланған болатын. Абы-лай жинаған батырлар ішінде Кара Ке-рей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Сағынбай Сары, Баян мен сынды ел ардақтыла-ры болатын. Бүкіл өмірін қазақ жұрты-ның тәуелсіздігі жолындағы күреске ар-наған сондай ер жүрек ардагерлердің бірі -Баян Қосаболатұлы (1710-1757). Батырлығымен, тапқырлығымен Абы-лай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқасына қатысып, көр-сеткен ерлігі үшін Баян батыр атанған.

Абылай хан заманы

Поэманың мазмұны:

Абылай бастаған батырлар қазақ-қалмақ шай-қасынан олжалы оралады. Баян батыр елге жал-ғыз қайтпай, қалмақтың он төрт жасар Толқын-шаш деген аруын ала келеді. Баян қызды жар ет-кісі келеді, бірақ қыз көнбеген соң, амалы құры-ған Баян қызға аға боп қалуға мәжбүр болады. Толқыншаш Баянның он бес ждасар інісі Ноянға қызығады, Ноян да қызға ғашық болады. Екеуі қосылмақ болады, осы сәтті пайдаланып, қыз жігітті өзімен бірге қалмақ еліне баруға үгіттейді. Махаббатқа берілген жас Ноян келісіп, қызға еріп, өз елінен қашады. Ноян мен Толқыншаш-тың қашып кеткенін естіген Баян батыр оларды «Жолды өзек» деген жерде қуып ждетіп, екеуін де садақпен жайратып салады. Содан соң өзегін өкініш пен күйініш өртеген Батыр Баян Көкшетаудағы Ақ ордасында өзін күтіп отырған Абылайға оралады. Батыр қалмақтармен соғыста ерлік көрсетіп, жауды жуадай жапырады. Өзі де жау найзасынан қаза табады.

Тақырыбы:

XVIII ғасырдағы жаугершілік замандағы тәуел-сіздік үшін күрес кезіндегі қазақи рух пен жігер.

Идеясы:

Тарихи оқиғаны суреттеу арқылы қазақ халқының , ерлік пен бірліктің туын ұстаған тұлғаларының ерлігі мен еркіндікті аңсаған арман-мұратын таныту.



2-кесте

«Батыр Баян» поэмасының композициялық құрылысы

Поэманың композициялық құрылысы

Реті

Бөлімдері

Оқиғалардың реті

1.

Оқиғаның басталуы

Қалмаққа шабуыл ждасау үшін Абылайдың батыр Баянды Ордасына шақыртуы.

2.

Оқиғаның байланысы

Шақыртқан батырларының бәрі келгенде батыр Баянның кешігуі.

3.

Оқиғаның дамуы

Абылайдың атынан қалың қалмақ қорқатын Баян батырсыз жауға аттанбайтынын айтуы.

4.

Оқиғаның шиеленісуі

Бір кездері шапқыншылық кезінде қолға түскен қалмақ қызы мен Баянның інісі Ноянның бас қосып, қалмақ еліне қашып кетуі.

5.

Оқиғаның шарықтау шегі

Екеуінің артынан қуып барған баянның ашумен екі жасты атып өлтіруі.

6.

Оқиғаның шешімі

Хан Ордасына келген соң жорыққа аттанған намысты ер Баянның өкініш пен күйініш себеп болған өлімі.

























3-кесте

2. Салыстырмалы талдау

Ой үндестігі



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы



















Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Түйін. Тарихи тұлға Абылай асқан дана әрі қолбасы ретінде халықтың қамқоры, қорғаны Алты алаштың басын қосқан кемеңгер хан. Поэма кейіпкері Абылай да жоғарыдағы қасиет-теріне қоса, әр нәрсені жеті өлшеп, бір кесентін, өзінің туының астына жиналғандардың қан-дай іске лайық екенін, қолынан не келетінін жазбай білетін білгірлігімен, ақылдылығымен, ел қамқорына айналған хан бейнесінде суреттелген.







4-кесте

2. Салыстырмалы талдау

Ой үндестігі



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы























Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Түйін.

Тарихи тұлға Батыр Баян - ержүректілігін, ақылдылығын Абылай жоғары бағалаған батыр. Поэмадағы Батыр Баян да дәл осы қасиеттермен сомдалған нағыз намысты ердің, отаншүйгіштік қуаттың символы.



ІІ Зерделеу

5-кесте



Тарихшылар тобы

Әдебиетшілер тобы

Тарихи деректер

Әдеби дәйектер

Дербес мемлекет құру, қазақ халқының егемендi ел болуы - Абылай өмiрiнiң түп қазығы. (Манаш Қозыбаев, Абылай және Кенесары. «Ғылым», 1993, 26-б.) Абылай - сол кездегi қазақ қоғамының ерекше саяси қажеттiлiгiне сай жарыққа шыққан ұлы тұлға. Ол - Ресей және Қытаймен қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя отырып, қазақтың этнотерриториясын қалпына келтiрiп, әлеуметтiк дамуын iлгерiлетiп, мемлекеттiгiн күшейтiп, халықаралық бейбiтшiлiктi сақтап, төңiректегi елдермен экономикалық сауда байланыстарын кең қанат жайдырып, халықтың тұрмыс деңге-йiн көтерген ерекше басшы. (Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы,)
Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытай-лармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың өскерінің шегінуіне мүмкін-дік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бүл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ер-жүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін қүтқарады. (Шоқан Уәлиханов, "Истори-ческие предания о Батырах XVIII века" атты мақаласы)
«Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан. Осындай бір жорықта Сары мен Баян қаза болады. Халық аузында қос батырдың аттары біріктіріліп, Сары-Баян деп қосақталып айтыла да береді", - деп жазды Шоқан.

Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты ұзақ толғауында мынадай дерек бар:
Қара Керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сары, Баян мен Сағынбай
Қырмап па еді жауыңды,
Қуантпап па еді қауымды,
Ұмыттың ба соны, Абылай.

Тәтіқара толғауында мынадай жолдар бар:
Бөкейді айт Сағып менен Дулаттағы,
Дәріпсәлі маңдайды айт қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,
Сары менен Баяндай уақтағы.

Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: -

Қанайым, ойың үдай, тілің шаян,

Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.

Көп жаудың албастысы, ел еркесі,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты қүр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ батыр Баян - деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқалады.(Зейнолла Қабдолов, Қазақ әдебиеті, Қоғамдық-гуманитар-лық бағыт, 11-сынып)

Мағжан поэзиясының шыңы - «Батыр Баян» дастаны. Поэма аса көркем деңгейде ерекше шабытпен жазылған. Жан күйзелісі, сезім, батырлық пен махаббат дастанда жыр болып өріледі. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас.

... Батыр Баяндай ерін танып, ұмытпаған халықтың ерлікке, еркіндікке деген күш жігері артатыны сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың эпостық поэмасындағы негізгі түйінді ой халықты жігерлендіріп, рух бере отырып, тарихымыздың алтын діңгегінен айырылмау болып табылады. (МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «БАТЫР БАЯН» ПОЭМАСЫ. М. Орынбаев, А. Қалшабеков
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты)

20-30 жылдардағы және кейінгі онжылдықтар кезеңінде қабырғалы қаламгерлеріміз бен ақын-жыршыларымыз ... М.Жұмабаев...т.б. өз шығармаларының ... Батыр Баян есімі елге белгілі, қол бастаған немесе ұлт-азаттық күрестің ұйтқысы, басшысы болған батырларымыз бен хандарымыздың көркем әдебиеттегі соқталы бейнесі сап түзеп, осы арқылы қазақтың рухани әлемі жаңа белеске көтерілді, байтақ кеңістікке шықты.

(Қансейіт Әбдезұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор» Қазақ батырлары және қазақ әдебиеті)



6-кесте

Тарихи маңызы

Әдеби маңызы

*ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жарты-сында елдің айтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, шебер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ халқы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы саясатта нәтижелі табыстарға қол жеткізді.

*Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батыл-дығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді» Шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген ән туды. Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты хандарымыз бен билеріміз және халықтан шыққан батырларымыз да болды.

*Бұқар жырау өзінің 29-толғауында қазақ батырларының аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Уақ Баян т.б. батырлар. Еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.

*«Батыр Баян» поэмасы 1923 жылы "Шолпан" журналында жарияланған. Мағжан жинағының (1989 ж.) поэмаға берген түсінігінде шығарманың тууына Шоқанның "ХҮІІІ ғасыр батырлары жөніндегі тарихи аңыздар" зерттеуіндегі Абылай мен Баянға байланысты келтірілген әңгімелердің көбісінің поэмадан орын алғаны айтылады. Осыдан-ақ шығармаға халық арасына кең тараған аңыздар негіз болғанын аңғаруға болады.

*«Батыр Баян» поэмасы - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс. Әсіресе, «Баянның» басқы бөқлімінде сурет, шешендік толғау, күй төгіліп кеткен. (Ж.Аймауытов)

*Поэма сюжеті екі арнада дамиды.

Бірі - Абылай хан, оның айналасындағы белгілі батырлар, олардың қалмақ шапқыншылығына қарсы бүкіл халықтық күреске қатысуы, Шоқан Уәлиханов жазатын әйгілі оқиға. Бұл бағыт ақындық шолу қалпында, суретті жөргем түрінде беріледі.

Екінші арна, әділіне келгенде, шығарманың күре тамыры - батыр Баянның қалмақ елін шауып, Бөбек қызды қолға түсіруі, оған ғашық болу хикаяты.

(Р.Нұрғали. Фолология ғылымдларының докторы, академик, Қазақтың алтын ғасыры)



7-кесте

ІІІ Түйіндеу

Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс

Қорытындылау

  • Мағжан Жұмабаев - бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған казақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.

  • "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше. Поэманың оқиғасы бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманнан алынған. Батыр Баян туралы деректер Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде кездеседі. Зерттеушінің «Исторические предания о батырах XVIII века» атты мақаласында батыр жайлы деректер кездеседі. Шоқан Уәлихановтың Баян туралы айтқан деректері Мағжан ақынның «Батыр Баян» поэмасының мазмұндық арқау болғанын айтуға болады. Шоқанның келтірген деректері мен оқиғалар дастанда кездеседі.

  • М. Жұмабаевтың екі тараудан тұратын көлем жағынан ауқымды поэмасында ескілік пен жаңалық арасындағы байланысты белгілі сюжетпен сомдайды. Мағжан поэзиясының шыңы - «Батыр Баян» дастаны. Поэма аса көркем деңгейде ерекше шабытпен жазылған. Жан күйзелісі, сезім, батырлық пен махаббат дастанда жыр болып өріледі. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан тілінің әуезділігі мен әсемдігі, көркемдігі мен көріктігі ерекше үйлесімділікте сай келуі поэмада айрықша көрінеді.

8-кесте

Тұжырымдау

  • "Батыр Баян" поэмасы - жалғыз Мағжанның ғана емес бүкіл қазақ поэзиясының рухы, көркемдік шоқтығы биік поэмаларының бірі.

  • Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды. (Н. Ә. Назарбаев)

  • Батыр Баян - халқы ардақтаған, ел қорғаған батырларымен бірігіп, қазақ халқының туын жықпай, тәуелсіздік үшін болған талай қан майданда ерлік көрсеткен еліміздің хас батырының бірі.

Түйіндеу

  • Абылай ханның қазақ тарихындағы ұлт басын біріктірген реалды тұлғалық бейнесі поэманың негізгі болып табылады.

  • Мағжан жырлауында Абылай ханның басты қасиеттерінің бірі - қай заманда да ел билеуші әмірші жанынан табылатын жағымпаздықты емес, пікірін батыл айта алатындарды құрметтейтін қасиеті байқалады.

  • Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр - ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

9-кесте

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы


Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы









© 2010-2022