9 санына көбейту және бөлу

Тоғыз санына бөлу және көбейтудің әдіс- тәсілдері туралы мәлімет беру. Тоғыз санының амалдарда орындалу әдістерін үйрету. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білулерін қамтамасыз ету. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға машықтандыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой- өрісін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру. Есеп шығару барысында оқушыларды шапшаңдыққа қатесіз орындауға бағыт бағдар беру, оларды алға ұмтылдыруға әрекет жасау. Есеп шығару барысында орындалу тәртіптерін бақыла...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: оқу ісі орынбасары

Күні: 23.10.14

Пәні:математика

Тақырыбы: Санды 9-ға көбейту кестесі

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: санды 9-ға көбейтудің тиімді әдістерін қолдану арқылы сабақты меңгерту

Дамытушылығы: өз бетімен жұмыс жүргізуге үйрету,логикалық ойлау белсенділігін арттыру

Тәрбиелігі:өзгені тыңдап,өз ойын толық айта білуге елінсүйетін еңбексүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

--Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ,өйткені біздер бүгін сабағымызды «Білім «еліне саяхатқа шығамыз.Саяхатқа шығуға дайындығымызды тексереміз

2.Үй тапсырмасы

Оқушыларға үй тапсырмасын оқыту,тексеру

-Ендеше балалар біз ең алдымен кассаға келіп билет сатып аламыз (доп лақтыру арқылы өткен көбейту кестесін қайталаймыз )

Балалар барлығымыз билет алдықпа?

-Қанебалалар сендерге ақжол сәттілік

-Біз балалар пойызға жайғасып алдық па?

Олай болса сендерге бүгінгі тақырыпты түсіндіремін

3.Жаңа сабақ

-Балалар ,біз мектепте неше ай оқимыз? (9)

Сендер осыдан екі жыл алдын жастарың неше жаста еді?(9)

-Біздің де бүгінгі сабағымыз санды 9-ға көбейту кестесі.

-Балалар ,тақтаға қарайықшы .Мұнда тек 9-дың көбейту кестесі жазылған

- Неге тоғыздан басталып тұр?

Біз бұрын 9-дан басқа көбейту кестесін өтіп болдық

Сызбамен жұмыс

-Көбейтіндінің мәндері қалай табылған?

-Яғни 9-ды -ға көбейту дегеніміз 9-ды 9-рет қосу.

9+9+9+9+9+9+9+9+9=9.9=81

9+9+9+9+9+9+9+9=9*8=72

9+9+9+9+9+9+9=9/7=63

Қайсысы тиімді екен? ( көбейту амалын қолдану)

Тақтаға назар аударайық.

8.9 7.9 6.9 5.9

4 .9 3.9 2.9 1.9

Нені байқадыңдар?. (көбейткіштердің орнындары ауысқанын )

Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазып,оқулықтағы есептерге қарайық

.1. Бір атай 18 банан мен 36 апельсин сатып алып,оны 9 немересіне бөліп берді.Сонда әр немересіне неше жемістен тиді?(Т)

2.15 сәбізді 5 қоян бөліп жеді.Осылайша бөліп жесе ,24 сәбізді неше қоян жеді.(А)

3.9∙9 (П) 4. 9см∙9(Қ ) 5.81:9 ( Ы)

6.81см:9( Р) 7. 10см ∙9(Л) 8.100 см∙9 (А) 9. 10см∙9(Р)

Есеп шығару арқылы қандай аялдаманың аты шықты

( Тапқырлар аялдамасы)

Балалар біз манадан бері вагонның ішінде еш нәрсе жеген жоқпыз.Онда аялдамада түсіп жейтін тамақтарымызды алайық

Ең алдымен ас атасы нан сатып алуымыз керек( нан туралы сұрақтар

63:9∙7 48:8∙9 54:6∙9

32:4∙9 36:9∙8 62-72:

«Білгірлер»аялдамасы

Балалар мұнда сүт,айран сатылып жатыр ғой ,бұл да қазақ тағамдарының бірі ғой .Оның бізге қандай пайдасы бар? (оқушылардан мәлімет алу)

Қалдықпен бөлу есептері

82:9 74:9 71:9 48:9 80:9

70:9 71:9 75:9 48:9 42:9

Қане барлығымыз өз орындарымызға отырып.жақсылап серігіп алайық (сергіту)

«Ойшылдар»аялдамасы

Біз одан әрі қарай жүріп бар жатырмыз олай болса тамақтанып болдыңдар ал,енді газет оқып жіберейікші (әр оқушыға)

Кітапта 63 бет бар.Әлібек күніне 9 беттен оқиды.Ол кітапты неше күнде оқып бітіреді.?

Түйеқұс жұмыртқасының массасы2кг.Түйеқұстың 9 жұмыртқасының массасы неше кг болады

Бір собықта 6 дән бар.9собықта неше дән бар?

Құстардың 5 тобының әрқайсысында 9 торғайдан бар.Барлығы неше торғай?

-Енді газеттерімізді қоямыз.Барлығымыз поездің терезесін қарап отырғандай сезімде көздеріңді жұмыңдар.Сендер поеда кетіп бара жатырсың сендер жолда келе жатып Қазақстан жері,қалалары қандай екен? (оқушылар жауабы)

Сабақты қорытындылау.Бір,екі,үш көздерімізді ашайық

«Нені үйрендік,не білдік?»

Үй тапсырмасы.№6 -есеп Бағалау :оқушылардың білім деңгейіне қарай бағалау.



© 2010-2022