Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 - сыныпқа арналған сабақ

Модульдің тақырыбы: Көне қалалар мен қалалар.



Көне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10класс


Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен модуль бойынша оқушылардың лексикалық

тақырыптарды қаншалықты деңгейде игерген білімдерін байқау.

Туған елдің тарихымен, оның қазір ірі қалалармен таныстыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге

дағдыландыру.Модуль тақырыбы бойынша бір - бірімен

ауызекі тілде сөйлесе білу, қазақ тілінде сауатты жаза

білуге үйрену, әдіс - тәсілдерді толық меңгерту, тілін дамыту.

Тәрбиелік: ежелгі мен қазіргі қалалар туралы айта отырып, оқушыларды

Отан сүйгіштікке баулу

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кітап көрмесі, интерактивтік

тақта.

Пәнаралық байланысы:география, тарих, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың түрі: қорытынды, рейтингтік сабақ.

Сабақтың эпиграфы:

«Түркістан - екі дүние есігі ғой.

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой...»

Мағжан Жұмабаев


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру, ойларын сабаққа аудару.Психологиялық сабаққа дайындық, яғни оқушылардың көңіл күйін сабаққа икемдеу.

  2. Оқушыларға өздері бұрыннан таныс материалдарды, өткен сабақтардан алған мәліметтерді слайдтар арқылы еске түсіру.

Слайдтарда қалалардың суреттері әуен қоса беріледі.

Көне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10класс


Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс

I - тур


Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс


10 - ұпайдың сұрақтары

1. Батыс Қазақстанда қандай қалалар бар?(Атырау, Ақтау,Ақтөбе, тб)

2. Қай қаланы жұрт екінші Мекке деп санайды?(Түркістан)

3. Бәйтерек қай қалада орналасқан?(Астана)

4. Ғұлама ғалымның және ұлы ойшыл Қожа Ахмет Йасауидің Отаны қай қала? (Испиджап)

20 - ұпайдың сұрақтары

1. 1867 жылы ол қаланы «Верный» деп атаған(Алматы)

2. Медеу стадионы қай қалада орналасқан?(Алматы)

3. Қай жылдан бастап Алматы біздің астанамыз болды?(1929ж)

4. Зайсан, Марқакөл, Алакөл деген көлдер қай қаланың жанында орналасқан?(Семей)

30 - ұпайдың сұрақтары

1. Қандай ежелгі қалаларды білесіңдер?

2. Қай қаланы 4 - 5 ғасырларда Шабғар деп атаған?(Түркістан)

3. «Түркістан» деген өлеңді кім жазды?(Мағжан Жұмабаев)

4. Атырау қаласы қай жылы құрылды?(1615 жылы)

40 - ұпайдың сұрақтары

1. 1752 жылы Есілдің жағасында қандай қала құрылды? (Петропавл)

2. Қызылорда қаласы қай жылдары астана болып саналды?(1926 - 1929ж)

3. Әл - Фараби қай қалада туған? (Отырар)

4. Қай қалада екінші «Алтын Адам» табылған? (Атырауда)

50 - ұпайдың сұрақтары

1. 9 - 10 ғасырларда бұл қала Йаса деп аталды? (Түркістан)

2. Қай қала 2000 жыл өмір сүрді?(Тараз)

3. Қандай қаланы 13 рет қиратқан, бірақ ол қайтадан салынып отырды?(Испиджап)

4.Бату хан 1200 жылы қай қаланы қалаған? (Сарайджук)

II - тур

«Сөзжұмбақты шешу»

Әр оқушыға сөзжұмбақ беріледі, олар өз бетімен орындайды. Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөзжұмбақты толтырады. (5 минут беріледі)

Көлденеңінен: Тігінен:

  1. музей 2.здание

5. история 3. центр

6. казахский язык 4. новый

9. доисторический 7. город

10.особенно 8. цвести

14. район 11.земля

15. суверенный 12.древний

17. строить 13.памятник

18. будущее 16. учебник

20.нация 19.заниматься

III - тур

«Полиглот»


Оқушылар сөздердің орысша және ағылшын баламасын айтып беру керек.

1Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс.Балалар - дети - children

2.ғалым - наука - science

3.қала - город - city

4. көне - древний - ancient

5. әлем - мир - world

6. ел - страна - country

7. достық - дружба - friendship

8. мұражай - музей - museum

9. жұрт - народ - people

10.тарих - история - history








IV - тур

«Карта»

Әр бір балаға карта беріледі. Оқушылар Қазақстан картасына қалаларды түсіру керек.

V - тур

«Сандар сөйлейді» айлағы

Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс


42 - саны «Испиджап қаласы»

Көне қалалар урок по казахскому языку 10классКөне қалалар урок по казахскому языку 10класс

Жаулар Испиджапты он үш рет жермен жексен етіп қиратқан, бірақ ол әр жолы қайтадан салынып отырды. Тек жоңғар шапқыншылығы кезінде ғана басқыншылар оны қайта жаңғырта алмайтын етіп қаусатты. Испиджап ерте замандағы ғұлама ғалым және ұлы ойшыл Қожа Ахмет Йасауидің Отаны. Оның әкесі - шешесі сонда жерленген. Ал Йасауи әулиенің өзінің кесенесі Түркістан қаласында тұр. Бұл ғалама ескерткіш - мазарды оның басына атақты билеуші ақсақ Темір салғызған. Түркістанның ірге көтергеніне мың жарым жылдан асты. Қалада кезінде көптеген ұлы ғұламалар мен ақындар өмір сүрген. Қазіргі күндері ғалымдар мен қайта қалпына келтіріп жөндеу шеберлері өткен мың жылдық басында салынған ғимараттардың кей бөліктерін жаңғырта алды. Олардың әсемдігі мен ортағасырлық ұлылығы қазіргі заман адамдарының өзін таңғалдырады. Мұсылман әулиелері мәңгі тыншыған мазары көп Түркістанды жұрт екінші Мекке деп санайды.

7 -саны «Отырар қаласы»

Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс

Сырдария мен Арыс өзендері құйылысатын тұста үсті жақын боп келген үлкен төбе бар. Оның басына шықсан, көне керамика сынықтары мен тат басқан теңгенер тауып алуын ғажап емес. Бір кездері бұл төбе орында үлкен және шұлы, қызығы мол қала болған. Жібек жолымен сапар шеккен керуендердің бірде - бір оған соқпай өтпейтін. Ертедегі ұлы ғалым Әбу Насыр Әл - Фараби осында туып өскен. Қала Шынғыс ханын жауынгері қисапсыз көп әскерінің жолында кесе - көлденен тұрып алды. Жарты жол бойы ал дұмпан шабұылына төптен берді. Қаланы қорғауға тіпті әйелдер мен балалар да шықты. Бірақ күш тең емес еді. Отырар құлады. Орта Азия мен Қазақстандағы ең көркем қалалардың бірі тып - типын етіп қаусатылды. Қазба жұмыстары кезінде археологтар халыққа қырғын салған айран мен ордаларды тағы бір көзбе - көз көре алуышын, рестовраторлар аңызға айналған қала көшелерінің тым болмаса шағын бөлігін әлдебір уақыттарда қалпына келтіріп қалар.

Отырар қаласына тақау мұнда археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, Сарайшық қаласын зерттеп жатыр. Бұл қала жайындағы алғашқы мәліметтер Ибн - Батутта жазбалары арқылы жеткен, ол Қазақстан аумағына 1333 жылы келіп қайтқан араб көпесі және саяхатшы еді. Сарайшық шаһарының негізін 1200 - ші жылдары Бату хан қалаған деген де бар.

5 - саны «Болашақтағы қала»

Менің болашақтағы қалам теңіз жағасында орналасқан. Бұл өте тамаша және шағын қала. Мұнда ғимараттар өте биік емес, себебі көшелер жарық және кең болу керек. Әйбәт, сұлу үйлер жаңа материалдардан салынған, және тұрғындарының назарын келтіреді. Осы қаланың тұрғындары тек қана жақсы, көңілді адамдар болсын деп арман етемін. Стадиондар қала шетінде орналасқан. Осы қала пайдаланатын газсыз көлік жүреді, және зауоттар қаланың ішінде жоқ, өйткені өнеркәсіп өндірісінің қалдықтары адам ағасына зиян. Демалыс орындары теңіз жағасында орналасқан. Мұнда көптеген жағажайларда көп адамдар демалады.

Осы қалада қоршаған ортаны сауықтыру мәселесі де шешіледі. Мұнда көп гүлдер және ағаштар өседі. Қаланың тұрғындары қоршаған ортасына қамқорлық жасайды, себебі табиғатты сақтаған халықтар ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарына қалдыратын мұрасы бар. «Болашақтағы қалада» кедейшілік, жарлышылық болмағандығына сенемін. Бұл менің ең алғашқы арманым.

Егер бізде осындай қалалар болса біздің Қазақстан ең таза және әдемі мемлекет болады

Оқушылар Түркістан, Тараз және тағы басқа қалалар туралы айтып береді.

Соңғы кезеңі.

Оқушыларға үй тапсырмасын беру.

Әр оқушының сабақ үстіндегі жұмысын сынап, баға қою.

Рефлексия: Сабақтан кейін қандай көңіл күйдесіңдер. Карточканы толықтырып тапсырындар.

Сабақтан кейін көңіл - күйлерің қандай?

Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс

- керемет


Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс

- жаман

Көне қалалар урок по казахскому языку 10класс

Назарларыңызға рахмет.


© 2010-2022