ҰБТ-ға дайындық (тест нұсқасы)

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саланы белгілеңіз.

A) Дыбыс үндестігі.

B) Фонетика.

C) Лексикология.

D) Сөзжасам.

E) Морфология.

2. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

A) Қай-ық.

B) Шың-ыр-ау.

C) Қаж-ыр-лы.

D) Ын-та-лы.

E) Жап-ыр-ақ.

3. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді белгілеңіз.

A) Ағайынға.

B) Ағайынның.

C) Ағайынды.

D) Ағайынмен.

E) Ағайындарға.

4. Түбір сөзді анықтаңыз.

A) Даналық.

B) Тапқыр.

C) Ақылдас.

D) Байлық.

E) Мұғалім.

5. Алғашқы сөздің бірінші буыны мен кейінгі сөздің бас әріптерінен құралған қысқарған сөзді табыңыз.

A) Ұжымшар.

B) Медпункт.

C) КазМИ.

D) кг.

E) БҰҰ.

6. Төл сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Төз сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі.

B) Біреудің сөзінің автор тарапынан айтылуы.

C) Сөйлеушінің хабарлама жасауда айтылатын сөзі.

D) Біреудің көңіл күйіне байланысты айтылған ой.

E) Біреудің айтқан сөзінің айтылған күйде бұлжытпай берілуі.

7. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

A) Аспан - көк.

B) Айтып - айтпай.

C) Ашу - ыза.

D) Еңбең - ерлік.

E) Адал - арам.


8. Көнерген сөзді табыңыз.

A) Тоғайға барып, екі-үш ағаш кесті.

B) Толқындар жағаға бұрынғыша шылп-шылп соғып жатты.

C) Өзі де от басында бір пәс отыра алмайды.

D) Хан - елдіктің ең жоғарғы қызметі.

E) Қоза дегеніміз - әлгі көк біткеннің еркетотайы.

9. Туынды зат есімі бар сөйлемді белгілеңіз.

A) Сәмбі талды інжу тал десе де болады.

B) Елдік түбі - бірлік.

C) Мәселенің төркіні әріде жатыр.

D) Ашулы түрімнен қаймықты.

E) Мынау Жайық сәл-пәл үлкендеу.

10. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.

A) Үйге қызылды-жасылды киім киген бір топ жігіт кірді.

B) Бораш - бір аққұбалау бала.

C) Бұл жүк ауырлау екен.

D) Ақ дидары сол сәтте тым сұлу еді.

E) Ой түбіне тереңірек барайық.

11. Емлеге сай жазылған есімдікті табыңыз.

A) Әлде қайдан гармонь үні естілді.

B) Әр қашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

C) Әлде неге бастайсыз, бізде ерік жоқ, бастай беріңіз.

D) Әлде қашан ұмытылған оқиғаны қайтадан қозғағаны несі?

E) Әркім өз міндетін адал да абыроймен орындаса екен.

12. Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.

A) Төкен бай үш күн өткен соң келді.

B) Жүк артқан түйелер орындарынан тұрды.

C) Ол Дәржан ағасының қасында үш жыл жүрді.

D) Ертеңіне ауыл таң бозарар-бозармастан ұйқыдан оянды.

E) Сүрініп кетіп, құлап қала жаздады.

13. Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойыңыз.

Нағашым ... әдеттегісінен кешігіп келді.

A) Бүгін.

B) Әрең.

C) Бірден.

D) Лезде.

E) Ертең.

14. Септеулік шылауларды көрсетіңіз.

A) Себебі, сондықтан, сол себепті.

B) Түгел, тұрсын, тұрмақ.

C) Бірақ, алайда, әйтпесе.

D) Сияқты, таман, туралы.

E) Ғана, тек, кейде.

15. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін белгілеңіз.

A) Өнерді сүйеді.

B) Жолмен жүреді.

C) Оқуын бітірді.

D) Білім теңізі.

E) Тағы ой салды.

16. Сөйлемді табыңыз.

A) Бұлбұлдай әуез.

B) Сөз сайысы.

C) Өмір сүру.

D) Ала шұбар.

E) Өнері бағаланды.

17. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.

A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

B) Отыз - онға бөлінеді.

C) Қызыл шұбары - он үш.

D) Сексенді екіге бөл.

E) Сабақты екеулеп оқыды.

18. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

A) Далба тауында атқты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

B) Нұрлан ұзақ жол жүрді.

C) Мәдениет - өркениеттің басты көрсеткіші.

D) Айналам тым-тырыс тына қалыпты.

E) Абайдың ұғына түскісі келді.

19. Ресми іс-қағаздары стиліне жататын қатарды көрсетіңіз.

A) Әңгіме, эссе.

B) Зерттеу еңбегі.

C) Мақала, очерк.

D) Өлең, дастан.

E) Түсініктеме, өмірбаян.

20. "Әсем" сөзінің тұрақты тіркесі түріндегі мағынасын көрсетіңіз.

A) Азар да безер болды.

B) Тайға таңба басқандай.

C) Қыздың жиған жүгіндей.

D) Күміс көмей.

E) Бетінен оты шықты.

21. Реттік сан есімнің ережеге сай жазылғанын анықтаңыз.

A) Мақал-мәтелдерді баспасөз беттерінде жариялау ХХ - ғасырдың ІІ жартысынан басталады.

B) Мақал-мәтелдерді баспасөз беттерінде жариялау ХХ ғасырдың ІІ - жартысынан басталады.

C) Мақал-мәтелдерді баспасөз беттерінде жариялау ХХ ғасырдың ІІ -ші жартысынан басталады.

D) Мақал-мәтелдерді баспасөз беттерінде жариялау ХХ -ші ғасырдың ІІ жартысынан басталады.

E) Мақал-мәтелдерді баспасөз беттерінде жариялау ХХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады.

22. Заттық мағынаға ие боған еліктеу сөзді табыңыз.

A) Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.

B) Көл бетінде жіпке тізген моншақтай боп отырған аққулардың сыңқылы естілді.

C) Ауылдан бір шақырымдай жердегі көлде қаз қаңқылдап, шағала шаңқылдап жатыр.

D) Осы сәтте әміршінің соңғы көргені - жанынан сұр көлеңкенің ербең етіп өте қалғаны.

E) Гүрілдер жалын атқан кеудем - көрік.

23. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты ажыратыңыз.

A) Адамды табиғат жаратқанымен, оны өсіріп тәрбиелейтін - қоғам.

B) Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі - жақсы мінез, екіншісі - жақсы сөз.

C) Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.

D) Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.

E) Өткенді білмейінше, бүгінгі күннің мәнін және келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес.

24. Қаратпа сөз қатыспаған қатарды көрсетіңіз.

A) Қалқам-ай, қазір қай маңда жүрсің?

B) Ей, жәдігөй жалған-ай, не айтам саған?

C) Жатырқамай кел, жырым, бейнетіңе төзейін.

D) Сендермен әнім қалсын, ей, бұлбұлдар!

E) Тек, әйтеуір, жер деген жөргектемін.

25. Тырнақшаға алынатын сөзі бар қатарды көрсетіңіз.

A) Атандым Балуан Шолақ бала күннен,

Тy ұстап, ерлік етіп, тұлпар мінген.

B) Кеңескен білім өседі,

Кеңеспеген білім өшеді.

C) Жағалап Қара Ертісті Естай ақын,

Деп салған Жайқоңыр деп әннің атын.

D) Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.

E) Бірі апа, бірі сіңлі - Құсни, Қорлан,

Екеуі туған екен бір анадан.

© 2010-2022